Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет599/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
499
Ресей өктемдігі мен Кавказ аймағының Ресей империясы құрамына енуінен кейін Солтүстік 
Әзербайжанның аумағына ресейлік әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нормалар таралатын 
болды. Капиталистік қатынастардың туындауы, мұнай өнеркәсібінің дамуы көрініс беріп, ұлттық 
буржуазия қалыптаса бастады, қоғамдық-саяси өмірде ресейлік және еуропалық идеялардың 
әсерінен бастау алған аса маңызды өзгерістер жасалды.
Әзербайжан халқының саяси және ұлттық санасының күрт өсуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы 
мен ХХ ғасырдың басында-ақ нақты байқала бастады. Осы кезеңде әзербайжан буржуазиясы мен 
алдыңғы қатарлы өкілдері өз халқын оқыту мен ағарту ісіне күш салатын зиялы қауымның қалыптасуы 
жүріп жатты. Білім мен мәдениет саласындағы жетістіктер, мектептер ашу, зайырлы білім беру 
процесі, ана тілінде оқытудың енгізілуі, ұлттық баспасөз бен театрдың пайда болуы, өмірдің жаңа 
салаларының туындауы мен дамуы әзербайжан халқының ұлттық санасының күрт өсуіне алып 
келді. Ұлттық аренада ұлттық түркі буржуазиясының өкілдері – кәсіпкерлер, өнеркәсіпшілер пайда 
болды. Ұлттық зиялы қауымның қатарындағы ағартушылар оқу-ағарту құралдарын қолданудың 
қажеттілігін ұғынды, халық арасында насихат жүргізу және ақпараттандыру үшін ұлттық баспасөзді 
дамыту қажет болды. Сол дәуірдегі қоғамдық-саяси ойды дамытуда Гасан бек Зардаби (Гасан-бек 
Меликов) айрықша роль атқарды.
Ол Әзербайжанда алғашқы болып (1860-1870 жылдар) оқу-ағарту жобаларын әзірлеп енгізді. 
Әзербайжанның тұңғыш газетінің алғашқы редакторы болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Әзербайжанда болған әлеуметтік-
мәдени өзгерістерге Г.Зардабидің қызметі мен шығармашылығы орасан зор ықпал етті.
Гасан Зардаби әзербайжан журналистикасы мен баспа ісінің негізін салушы, ұлттық театрдың, 
бірқатар мәдени-ағартушылық ұйымдардың іргетасын қалаушы ретінде, әйелдерді оқыту ісін 
бастаушы ретінде тарихқа енді. Гасан бек Зардабиді «Кавказ мұсылман әйелдерінің қамқор әкесі» 
деп атауы да орынды. Ол «Ниджат» және «Нешри-маариф» мәдени-ағартушылық ұйымдарының 
негізін қалады. Зардаби оқыту-ағарту жолымен ортағасырлық схоластикамен, мешеулікпен, 
сауатсыздық пен надандыққа қарсы күресуге талпыныс жасады. 
Қысқа мерзім ішінде Гасан бек Зардаби өзінің маңайына батыл да дарынды жақтаушыларды 
біріктіре алды. Олардың барлығы өз шығармаларында мұсылмандарды оқытуға үндеді, олардың 
қоғамдық-саяси саладағы ролін арттыру үшін бірге күресті. Өздерінің осы мақсат жолындағы басты 
міндеті деп ағартушылықты, білім беруді, мәдениет пен ұлттық баспасөзді дамыту деп санады. Осы 
қызметтің арқасында ХІХ ғасырдың ортасында Әзербайжанда мұсылмандық санамен қатар түркі 
санасы қалыптасты.
Ұлтшылдық пен түркішілдіктің белең алуы ұлттық тәуелсіздік үшін күрестің туындауына 
әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде 1918 жылдың 28 мамырында Әзербайжан Демократиялық 
Республикасы жарияланды.
Гасан бек Зардаби 1842 жылдың 28 маусымында Геокчай уезінің Зардоб селосында, білімді 
дворянның отбасында дүниеге келді [1, 121]. Оның атасы Рагим бек пен әкесі Селим бек сол 
уақыттағы білімді, көзі ашық адамдар болатын. Бастапқы білімді молладан алған ол оқуын 
Шемахтағы уездік мектепте жалғастырды. Одан кейін Тифлисте оқыды. 1861 жылы Г.Зардаби 
Мәскеу университетіне оқуға түсті. Ол 1865 жылы жаратылыстану-математика факультетін үздік 
аяқтады, сөйтіп, университетте қалып, ғылыми жұмысын одан әрі жалғастыру туралы шақыру ала-
ды. 
Біраз уақыттан соң Гасан бек Зардаби Әзербайжанға қайтып оралды. Тифлисте еңбек етті, кейін 
Губадағы сотта қызмет атқарды. Баку қаласына қоныс аударған Гасан бек мектепте орыс тілінде
сабақ береді. Гасан бек Зардаби халыққа өте жақын болды. Баку гимназиясының оқушылар санының 
артуына ықпал еткен дәл соның педагогикалық, ағартушылық қызметі болатын. Ол тіпті мұсылман 
оқушыларға көмек көрсету қоғамын ұйымдастырды. 
Әзербайжанға қайтып оралған соң Г.Зардаби қоғамдық-ағартушылық және ғылыми жұмысқа 
ден қоя кірісті, Баку училищесінде жаратылыстанудан сабақ берді (1869-1878), қайырымдылық 
қоғамын (1872) және кедей-кепшік мұсылман оқушыларға арналған пансионат ұйымдастырды.
1873 жылы Гасан Зардаби Бакуде өзінің оқушыларымен бірге училищенің залында 
М.Ф.Ахундовтың «Гаджи Кара» пьесасы бойынша әзербайжан тіліндегі тұңғыш спектакль 
қойды. Сөйтіп, Г.Зардабидің арқасында ұлттық театрдың негізі қаланды. Ол спектакль қоюда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет