Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет600/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
500
мұнымен шектеліп қалған жоқ. Мұсылмандардың мектепте оқытылуы, мұсылмандардың театрлық 
қойылымдарға тартылуы Гасан бек Зардабидің пікірі бойынша мұсылмандардың танымын түбегейлі 
өзгертті. Оның келесі арманы ана тілінде газет ашу болатын. 
Гасан бек Зардаби бар өмірінің мақсатын туған халқын ағартуға арнады. «Экинчи» газеті арқылы 
ол халқының кедейшілік жағдайы мен надандық күйін зерделеп, күрмеуі қиын мәселелерді шешудің 
батыл жолдарын ұсынды. Гасан бек Зардабидің пікірі бойынша, «… біздің дәуіріміз прогресс дәуірі, 
ал прогрестен тысқары қалған және дамымаған халық күннен күнге кейін кетеді, түптің түбінде 
жойылып кетеді …» [2, 124].
Ұлттық баспасөз алдыңғы қатарлы ойшылдардың, әдебиетшілердің, қоғамдық және саяси 
қайраткерлердің мінберіне айналды. Ұлттық зиялы қауымның прогрессивтік көзқарастары қатаң 
цензураға ілікті, әмірі жүріп тұрған «цензура терроры» самодержавиелік мемлекеттегі баспасөз 
бостандығына жол бермеді.
Баспасөз қызметі. Зардаби өзінің терең білімі мен дарынының арқасында көптеген жаңалықтардың 
бастауы бола білді.
Ол 1873 жылы өзінің студенттерімен бірге тұңғыш түркі спектаклінің қойылымын жүзеге 
асырды, 1875 жылы Ресей империясындағы тұңғыш түркі газетін ашты. Бұл тұрғыда Зардабидің 
«Экинчи» газетін шығаруы оны ұлттық баспасөздің негізін қалаушы деп атауға толық негіз бола 
алады.
Ол уақытта түркі газетін шығару іс жүзінде өте қиын іс болатындығын атап өту керек. Өйткені 
бұл құбылыс Ресейдің отаршылдық саясатына қайшы келетін.
Баку генерал-губернаторы Д.С.Старосельский газетке цензураны жүзеге асыру туралы 
міндеттемені өзіне алып, «Экинчи» газетін шығаруға рұқсат алынды. Бұл газет губерния 
басқармасының типографиясында басыла бастады. Оның алғашқы номері 1875 жылдың 22 
маусымында шықты. Газет барлық мұсылман тұрғындарының арасында мәдени-ағартушылық 
маңызға ие болды. Г.Зардаби өз газетін «Әзербайжан халқын жаулардан қорғаушы» деп атады [3, 
11].
«Экинчи» («Пахарь») Закавказие мұсылмандарының тұңғыш баспа органы болды. Сол уақыттан 
бастап ол айына екі рет шығып тұрды. 1877 жылдың 29 қыркүйегінен бастап газеттің небәрі 56 
номері шықты, тиражы 300-400 дана [4, 154].
«Экинчи» газеті қоғамдық өмірге, саясатқа, тіл мен әдебиетке деген алдыңғы қатарлы 
көзқарастарды білдірді [5,53]. Және Әзербайжанның алғашқы ағартушысы, философы, жаңаша 
қалыптағы әдеби қайраткері Мирза Фатали Ахундовтың идеяларын жалғастырушы болды [6. 72].
Кавказ мұсылмандарының білімді бөлігі негізінен жоғары сословиеден болатын, сондықтан 
олардың кейбіреулері Зардабидің ана тілінде газет шығаруға талпынысынан өздеріне қауіп төнгендей 
көрді [1, 105].Олар «Экинчи» газетінің шығатыны туралы жаңалықты салқын қабылдады, тіпті 
кейбіреулері оның танымалдығына қызғанышпен қарайтын болған.Дінбасылар да газетке күдікпен 
қарады, олар газет исламның қалыптасып кеткен дәстүрлі нанымдарына қауіп төндіреді деп ойлады 
[1, 106].Гасан бек Зардаби газет беттері арқылы мәдениет пен ағартушылықтың қажеттігі туралы 
жан-тәнімен насихат жүргізді. Гасан бек Зардаби зайырлы білім беруді енгізу қажет деп санады.Өз 
замандастарының бірінің берген бағасы бойынша, ол «құдды бір діндарларды намазға шақырған 
азаншы сияқты өз отандастарын ояну жолына бастады» [7, 74].
«Тіл және тіл бірлігі» ұранын ұстанған «Экинчи» газеті ағартушылық ісімен қоса түркі 
зиялыларының ойларын дамытуға да ықпал етті. Зардаби өз ана тілінің сол уақыттағы ахуалына 
қатты алаңдайтын еді. Ол уақытта оқыған, білімді Әзербайжан түріктері діни рәсімдерді араб 
тілінде жүргізсе, жазуды парсыша жазатын, ал түрік тілін тек ауызекі әңгімеде ғана қолданатын. 
Осының барлығы түркілікке зиян келтіретін. Сондықтан да Гасан бек Зардаби парсы тілінің кең 
таралағандығынан, Стамбулда шығатын газеттерді ешкім оқымайды деп жазды [8, 158].
Ресей империясы халықтарының теңсіздігі тіпті заңмен белгіленген болатын. Сол уақыттағы 
құжаттарға зер салсақ, державалық (славяндар) және бұратана (славян еместер) халықтар деп 
бөлінетін болған. Бұратана халықтар «азаматтығы жеткіліксіз дамыған» деген желеумен құқықтық 
тұрғыдан шектелетін. Әзербайжандар да осы санатқа жатқызылған. Ал славян емес, бірақ христиан 
халықтары, мысалы, грузиндер, армяндар, финндер және басқалары осы екі санаттың ортасындағы 
аралықта болатын. Яғни, мұсылмандарға қарағанда олардың алатын орны біршама жоғары еді [9].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет