Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет601/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
501
Мұнай өнеркәсібінің дамуы Бакудің экономикалық және демографиялық құрылысын түбегейлі 
өзгертті. 1851 жылы Бакуде 7431 түрік болған.
1863 жылы қала халқы 14.500 адамға дейін көбейді, 1897 жылы – 11.907 мың адам болды. 
1903 жылы Баку қаласы мен оған іргелес қоныстанған халықтың саны 143.786 адамды құрады, ал 
1913жылы – 214.670 адамға жетті [10,43].
1897-1913 жылдары мұсылман тұрғындар санының артуы байқалады. Бұған қарамастан, армян 
және орыс мигранттарының саны 10.033-тен 41.680-ге дейін өседі, ал түркі тектес тұрғындардың 
саны 33.826-дан 45.962 адамға дейін артты.
Дәл осы уақытта орыс тұрғындардың саны 38.975 адамнан 76.288 адамға дейін көбейді [11]. 
1903 жылы түріктер Баку халқының 30% құраса, 1913 жылы 21 % [12] құрады.
Гасан бек Зардаби халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарға айрықша мән берді, «түрлі 
ұлттардан шыққан адамдардың арасында татулық пен сүйіспеншілік орнату үшін барлық күш-
жігерді салуға шақырды».«Экинчи» газетінің бірқатар номерлері «Мцак» армян ұлтшыл газеті мен 
оның редакторы Арсрунимен арада болған пікірталастарға арналды. Арсруни Гасан бек Зардабидің 
мұсылмандардың рухани бірлігінің қажеттігі туралы пікіріне сыни көзбен ақарады. 
Гасан бек Зардаби оған былай деп жауап қайтарды: «Эй, Арсруни мырза… біз армяндармен 
бірнеше жүзжылдықтар бойы көршілес отырмыз, біздің арамызға араздық дәнін сепкеніңіз сіздің 
жоғарғы мәртебеңізге ұят емес пе.... Сарышаян кек алу үшін шақпайды» [13, 23].
Гасан бек Зардаби үшін саяси тақырыптарға жариялану өте қиынға соқты, өйткені оны әрдайым 
қадағалап отыратын, ал оның пәтерінде жандарм шенеулігі түнейтін [14,4]. Бірақ, 1876 жылы 
Д.С.Старосельский Бакуден кеткен соң «Экинчи» газетінің жағдайы күрделілене түсті. 1877-
1878 жылдардағы орыс-түрік соғысы кезеңінде цензура бұрынғыдан бетер күшейді, соғыс туралы 
жазуға және пікір білдіруге тыйым салынды. «Экинчи» газетінің 1877 жылдың 29 қыркүйегіндегі 
№56 санында (кейін белгілі болғандай ең соңғы санында) Гасан бек Зардаби өзінің сырқаты туралы 
хабарлады [15,13]. 1877 жылы газет жабылғаннан соң Гасан Зардаби сергелдеңге түсті. Ол тіпті 
Баку училищесінен кетіп, өзінің туған ауылы Зардабқа қоныс аударуға мәжбүр болды. Бірақ, Гасан 
бек Зардаби басына түскен ауыртпашылыққа мойымай, ағартушылық жұмысын одан әрі жалғады. 
Ол жергілікті және астаналық басылымдар - «Каспий», «Кавказ», «Жаңаша шолу», «Жер өңдеуші 
газеті», «Кавказ Ауыл шаруашылығы қоғамының еңбеккері» және басқа да газеттерде белсенді 
жарияланып тұрды. Мақалалардың бір бөлігі «Шалғайдан келген хаттар» деген атаумен шығып 
тұрды. Гасан бек Зардаби өз халқы мен жерінің тағдыры үшін қатты алаңдайтын. 
Гасан бек Зардаби еңбегінің мәні баға жетпес құндылыққа толы еді. Оның әзербайжан тілінде 
шығарған газеті ұлттық сана-сезім мен Әзербайжандық идеялардың дамуына зор әсер етті. Гасан-
бек Зардабидің мәлімдеуі бойынша «Экинчи» газеті «мұсылмандар үшін» шығарылатын. Газеттің 
мәнері мен тілі әзербайжанның қарапайым ауызекі тіліне барынша жақын болатын, сөйте тұрса да 
ғылыми стиль элементтерінен де құралақан емес-ті. Газеттің басты мақсаты «халықты газет оқуға 
үйрету» еді. «Экинчи» газеті әзербайжан тілінің публицистикалық стилінің туындауына ықпал етті.
Зардаби былай дейтін: «Түркілер өз тілін жоғалтып алды, олар енді алға ұмтыла алуы үшін 
жоғалған тілді тауып, өздеріне қайтарыңдар».Газеттің бұл бағыттағы жұмысы түркі тілін қолдау 
мен оны дамыту үшін асы маңызды болатын. Еуропалану мен білім беру деңгейінің арттырылуы 
«Экинчи» газетінің сіңірген еңбегіне тікелей байланысты болды, бұл әлі күнге дейін толық 
бағаланбай келеді.
«Экинчи» газеті шығып тұрған кезеңде «мұсылмандық қауымдастық» пен «ұлтшылдық» 
ұғымдарының арасындағы айырмашылық анық байқала бастаған болатын. Кавказ мұсылман 
халықтарының этникалық ерекшеліктерін анықтау бағытындағы алғашқы талпыныстар жасалды. 
«Экинчи» газеті Исмаил бек Гаспринскийдің «Тілдегі, ойлаудағы, істердегі бірлік» ұранының 
қалыптасуына ықпал етіп, А.А.Топчибашевқа, Ахмет бек Агаевқа және т.б. әсерін тигізді.
«Экинчи» газеті әзербайжан әдебиетінің насихатталуы мен дамуына да орасан зор роль атқарды. 
Оның беттерінде Сеид Азим Ширванидің «Кавказ мұсылмандарына арнау», «Газет дегеніміз 
не?», «Гасан бекке өтініш», «Хадидің жауабы» өлеңдері басылып шықты. Н.Везировтің, Ахсануль 
Геваидтың, Аскерага Геранның, Махмедтаги Ширванидің мақалалары біздің әдебиетімізде 
публицистиканың жанр ретінде қалыптасуына біршама ықпал етті.
Өкінішке орай, «Экинчи» газетінің ғұмыры ұзаққа бармады. Оның беттерінде айтылатын 
идеялар, патшалық шенеуніктердің пікірінше, Осман империясымен үндес деп есептелді, бұл орыс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет