Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет602/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
502
түрік соғысы кезінде жол беруге болмайтын құбылыс ретінде қабылданды. Осының барлығы ақыр 
аяғында 1877 жылы газеттің жабылуына алып келді.
Ағартушы, ұстаз және ойшыл. Деревняда тұрған кезінде Гасан бек Зардаби балаларды 
сауаттылыққа оқытты, ауыл шаруашылығымен айналысты, «шаруаларға алым-салық жинаудың 
принциптерін, салық салу ережелерін түсіндірді», діни таптаурындармен күресті. Провиницияда 
жүрсе де, ол адамдардың қараңғы, меңіреу күйін күйретіп, оларға алдыңғы қатарлы ойларды 
жеткізуге талпынды. Сөйтіп, ол халықты түбінде бір болатын әлеуметтік және мәдени тұрғыдағы 
түбегейлі өзгерістерге дайындауға ұмтылыс жасады, адамдардың бойына азаматтылық идеяларын 
сіңірді.
Баку училищесінде жұмыс істей жүріп (1867 жылдан 1871 жылға дейін – реалдық гимназия), 
көптеген мәселелерге жолықты, сөйтіп оның бар күш-жігері қоғамдағы таптаурындар мен 
сауатсыздықтың түп-тамырын жоюға бағытталды. Ол уақытта мұсылмандардар өз балаларын 
зайырлы мектептерге жібермейтін. Гасан бек Зардаби билік басындағыларда мұсылман-
оқушылардың болмау себебі, мұсылман-мұғалімдердің жоқтығынан екендігін барынша дәлелдеумен 
болды. Гасан бек Зардаби Баку гимназиясының мұғалімі болып тағайындалған соң ғана бұл оқу 
орнында мұсылман-оқушылар пайда бола бастады. 
Өз халқын ағарту үшін күрескен Зардаби «жақсы мектептердің санын көбейткенде ғана біздің 
өңіріміз өзінің жан-жарасын емдеуге кіріспек», «кім де кім білімнен ада болса, ол жарық сәуледен 
де ада болмақ» деп жазды [16].Ол революцияға дейінгі мектептердегі білім беру мен тәрбие жүйесін 
жақсарту үшін күресті, тәрбие беру жүйесін реформалау қажеттігін баса айтып, ұлттың денсаулығы 
үшін, халық арасында гигиеналық білімдердің таралуы үшін күресті. Ал өзінің «Гигиена» атты 
арнайы жазған еңбегінде және басқа да мақалаларында жұқпалы аурулар мен қоздырғыштардың 
таралуына себепкер болып отырған антисанитариялық жағдайлар туралы сөз етті.«Біздің 
қалаларымыз өзінің гигиеналық талаптарға сай еместігі жағынан ауылдар үшін өлім себуші болып 
отыр» деп жазды Гасан бек Зардаби [17, 47].
Гасан бек Зардаби сонымен қатар 1881 жылдан орыс тілінде шығып тұрған «Каспий» газетінде 
де жарияланып тұрды [18,10]. Бұл газет демократиялық және ағартушылық көзқарастарды 
насихаттады, діни фанатизмді әшкерелеп, білім мен оқу-ағарту ісін дәріптеді, Әзербайжан түркі 
тілінің дамуын көкседі.Гасан бек Зардаби өз идеяларын оқырманға баспасөз органдары, мысалы 
«Бакинские известия» газеті арқылы жеткізіп отырды. Бұл газеттің қосымшасы әзербайжан тілінде 
шығатын болғандықтан, Гасан бек Зардаби «Баку парағында» жарияланып тұрды [2, 334].
Гасан бек Зардаби баспасөз ісінің бұдан да табысты әрі күштірек дами алатынына назар аударды, 
бірақ, патша үкіметі бұған кедергі келтірді. Солтүстік Әзербайжанда баспасөздің дамуы өте қиын 
жағдайларда жүрді, өйткені патша үкіметі әзербайжан тіліндегі баспасөз органдарының шығуына 
тосқауыл қойды. Гасан бек Зардабидің өзі «басылым шығаруға үкіметтің рұқсатын алудың нағыз 
қиямет» екендігін атап көрсетті.
Гасан бек Зардаби заман талабына сай білім алудың маңызын баса айтты, бірақ сөйте тұра білім 
беру процесіндегі ана тілінің ахуалын қорғау қажеттігі де оның назарынан тыс қалмады. Өз тілінен 
айрылған халықтың өзі де уақыт өте келе жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін екендігіне мән берді.
Зардабидің пікірінше, егер адам өз отаны мен өз халқын жан-тәнімен сүйе тұрып, өз отанының 
ілгері дамуына ешқандай күш салмайтын болса, «оны адам деп осы сөздің шын мәнінде атауға 
болмайды».Зардабидің ойынша кез-келген тұлға өз ұлтына деген махаббатын өзінің мінез-
құлқымен, өзінің іс-әрекеттерімен, жүзеге асырылатын нақты істерімен көрсете білуі тиіс.
Патша үкіметінің тарапынан қойылған барлық кедергілер мен тосқауылдарға қарамастан ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық баспасөздің күрт дамуы байқалды, 
ал бұл құбылыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-сананың қалыптасуына әсер етуі заңдылық 
болатын. Ағартушылық жаршыларының бірі – осы істің аса көрнекті өкілі Гасан бек Зардаби 
болды.
Оның ғылымға, ағартуға талпыныс жасауы және тұтастай алғанда Әзербайжан қоғамын ілгері 
дамытуға шақырған «Хаят» газетінің беттеріндегі еңбегі туралы да айтпай кетуге болмайды [19, 
51]. 
Г.Зардаби өзінің «Мектеб» журналында жарияланған мақалаларында да осы ұстанымды берік 
ұстанды (1911-1920). Алайда Зардабидің жанында жақтаушылармен қатар қарсыластар да аз емес-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет