№ 3 (106) 2015
53
кросстық дайындықпен, ұзақ және орта қашықтыққа жүгірумен өзгертуге болады. Студенттерді
оқытып, үйрету бағдарламасына арттырылған күрделіліктегі жаттығулар ендіріледі.
Оларды сабақ барысында жаттығуларды қарқынды, дене және психикалық жүктемелер көлемін
арттыру арқылы өткізеді. Мұндай кезде қажетті техникалық қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етіледі.
Студенттердің дене жүктемесіне сәйкес келмейтін реакциясы немесе жарақат алу жағдайында
жағымсыз, негативті жағдайларды болдырмау үшін педагог қажетті шараларды
қолданады [2].
Болашақ дене мәдениеті оқытушыларын дайындауда олардың кәсіби шеберлігін үнемі арттыру,
оның негізінде психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жетілдіру алдын - ала қарастырылады.
Оқытушы оқу-тәрбие қызметі барысында студенттерді олардың кәсіби маңызды сапаларын дамыту
мақсатында психологиялық - педагогикалық міндеттерін шешудің мына әдістері мен идея жүйелерін
байытады: өз ойын айта білу, байқағыштық, басқа адамдарды түсіне білу қабілеті, олардың жеке
мүдделерін сыйлау және олармен ықласпен, қайрымдылықпен қарым-қатынас жасау.
Оқытушы студенттермен әртүрлі жағдайларда сабақ өткізеді, яғни оның кәсіби мамандығының
шығармашылық сипаты бар, сондықтан өз қызметінде ол әртүрлі оқу құралдарына, ғылыми және
арнайы әдебиеттерге, басқа оқытушылардың іс тәжірибелеріне сүйенеді. Оқытушының жақсы
біліктілігі студенттердің жоғары дене дайындығы деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл үшін оған
оқытып, үйрету әдістемелерін үнемі жетілдіру, іс жүзіндегі қызметі барысында ұйымдастырушылық
қабілеттерін дамыту қажет. Оқытушы өзінің педагогикалық шеберлігін өзбетінше тәжірибелік және
ғылыми жұмыстары кезіндегі практикалық, теориялық, нұсқау беру, әдістемелік сабақтарында,
біліктілігін көтеру курстарында артырады.
Оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру курстары теориялық, практикалық, нұсқаушылық,
әдістемелік және ашық көрнекілік сабақтары түрінде жүргізіледі.
Теориялық сабақтар жаңа теориялық және практикалық өңделіп дайындалған материалдарды
оқып, зерттеу, жаңа педагогикалық және арнайы технологиялармен, оқытып, үйрету және тәрбиелеу
құралдары мен әдістерін пайдалану сияқты дене мәдениеті мен спорт саласындағы соңғы жылдарда
жарық көрген басты құжаттармен мамандарды (оқытушы, жаттықтырушы) таныстыру мақсатында
жүргізіледі.
Практикалық сабақтар оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін жетілдірудің практикалық тәжірибесін
меңгеру, сол сияқты оқытып, үйрету барысында пайдаланылатын әдістер мен әрекеттерді,
жаттығуларды үлгі түрінде дұрыс көрсетуіне әсерін тигізетін оқытушының жақсы дене даярлығы
деңгейін сүйемелдеу және арттыру міндеттерін
атқарады [2,3].
Нұсқаушылық-әдістемелік сабақтар оқытушыларды даярлауда маңызды рөл ойнайды және
негізінен оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша соңғы әдістемелік нұсқаулармен таныстыру және
оларды меңгерумен тұжырымдалады.
Көрнекілік сабақтары оқу сабақтарын, командалармен және спорт секцияларындағы спорт түрлері
бойынша жаттығуларды озық тәжірибе үлгісімен өткізуді оқытушыларға (жаттықтырушыларға)
таныстыруға бағытталған. Оқу-тәрбие жұмыстарында жоғары нәтижелерге жеткен оқытушылар
(жаттықтырушылар) ашық көрнекілік сабақтарында жаттығуларды, әдістерді және әрекеттердің
тәсілдерін, оқытып, үйретудің барынша тиімді әдістері мен әдістемелік тәсілдерін, сабақты
ұйымдастырудың ұтымды жолдарын дұрыс орындау және спорт қондырғылары мен құрал
жабдықтарды дұрыс пайдалануды көрсетеді.
Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру- дене мәдениеті мен спорт үдерісін
ұйымдастырудың маңызды элементі болып табылады. Сабақпен спорттық шараларды өткізудің
жоғары деңгейі мен жақсы спорттық база болғанда ғана іске асатындығын уақыт тәжірибесі
дәлелдеп отыр.
Қаржылай қамтамасыздандыру, спорттық қондырғылар мен құрал-жабдықтар алу, оқу-спорттық
базаны жөндеу және арендалау, қызмет көрсететін қызметшілердің еңбек ақысын төлеу үшін
қажетті қаражат көзін бөлуді қарастырады.
Студенттерді оқыту және тәрбиелеу барысын бақылау мыналарға бағытталған: дене мәдениеті
мен спорт бойынша әдістемелік, дене мәдениеті мен спорт бойынша мемлекеттік білім беру стан-
дарты талаптарын бұзбай сақтау, әдістемелік ережелер талаптарын орындау, мақсатында оқу,
жаттығу және жарыстық шараларды ұйымдастыру тәртібін сақтау;
• дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің сапасын одан әрі жетілдіру бойынша
нұсқаулар дайындау және медициналық бақылаулардың нәтижелерін талдап қорыту, дене мәдениеті
мен спорттың адамның денсаулығы жағдайына әсерін зерттеу;
|