Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН



Pdf көрінісі
бет64/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   615
3-106-2015-2-chast

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада дене мәдениеті мамандығы студенттерінің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшелігі 
қарастырылады. Оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы студенттерге білім беру және тәрбиелеу 
тиімділігін қамтамасыз ететін белгілі басқару амалдарын пайдалану ретінде түсіндіріледі. Денеге білім 
берудің жалпы міндеттерімен байланысы студенттердің оқу пәндерін меңгерулеріне олардың кәсіптік 
деңгейі мен жұмыс қабілетін арттыруға қызмет етеді. Оқу-тәрбие қызметі барысында оқытушы 
студенттердің кәсіби маңызды сапаларын дамыту мақсатында психологогиялық-педагогикалық 
міндеттерді шешудің әдістері мен идеалар жүйесімен байыту (өз ойын жеткізе білу, зеректік, басқаларды 
түсіне білу, олардың жеке қабілеттілігін сыйлау және олармен жағымды қарым-қатынас).
Түйін сөздер: саламатты өмір үлгісі, еңбекке жарамды, жұмыс қабілеттілігі, өзін-өзі тануы, өзін-өзі 
реттеуі, өзін-өзі бағалауы, қажу, өзін сезінуі, дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері, қозғалыс біліктілігі, 
қозғалыс дағдысы, қозғалыс сапасы. 
Оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру студенттерді оқытып, үйрету және 
тәрбиелеудің тиімділігін қалыптастыратын әр түрлі басқару тәсілдерін пайдалану болып табы-
лады. Оқу-тәрбие 
үдерісін жүйелі
ұйымдастыру түрлері бойынша жүзеге асырылады. Бұған оқу 
сабақтарын өткізу, спорт түрлері бойынша секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары, спорттық-
көпшілік жұмыстары, жарыстар және т.б. жатады. Жоғары оқу орындарындағы дене мәдинетінің 
әртүрлі үлгілерін ұйымдастырудың жалпы және өзгеше басқару ерекшеліктері болады.
Жалпы ерекшеліктері: жоспарлау; мамандармен, материалдық-техникалық, қаржылық және 
медициналық қамтамасыздандыру; бақылау, студенттердің дайындық деңгейін тексеру және 
бағалау; ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Жоспарлау студенттердің оқытып, үйрету үдерісінің келешектігін көруге, олардың дене және 
психологиялық даярлығын мақсатты бағытта жүргізуге, бұл жұмыстардың құралдары мен үлгілері 
барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісі оқу жоспары мен оқу сағаттарының 
есебі, басшылықтың ұйымдастыру нұсқаулары негізінде жүзеге асырылады.
Жоспарлау негізінде ғылыми әдістер жатыр, яғни оларды іске асыру үшін келесі талаптар 
қойылады: дене мәдениетіне оқытып, үйретуді ЖОО білім беру жүйесінің жалпы міндеттерімен 
үзіліссіз, жүйелі байланыста қарастыру; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің жүйелілігі; дене 
мәдениетінің әртүрлі үлгілерінің үйлестірілуі; оқу аптасы барысында жалпы дене жүктемелерін 
бірдей етіп бөлу; жергілікті жердің жағдайын есепке алу 
[1].
Дене мәдениетіне оқытып, үйретудің ЖОО білім беру жүйелерінің жалпы міндеттерімен 
байланыстылығы студенттердің кәсіби деңгейі мен жұмыс қабілеттілігі деңгейін арттыруға, 
олардың оқу пәнін дұрыс меңгеруіне қызмет етеді. Оқу сабақтарын жоспарлау оқу үдерісінің жал-
пы және арнайы міндеттері есепке алынып жүзеге асырылады. Бұған сабақтарға, жарыстарға, 
жаттығуларға бөлінетін оқу уақытының үйлесімді сәйкестік болуымен қол жеткізіледі, яғни соның 
нәтижесінде негізгі дене мүмкіндіктері, арнайы сапалары мен қолданбалы дағдыларын дамытуды 
жандандыруға болады.
Жоспарлау міндеті спорт құрылыстарының санына және олардың сыйымдылық көлеміне сәйкес 
барлық топтарда сабақ өткізуді жүйелі, үйлесімді және бірдей етіп бөлуден тұрады; әрбіір оқу 
сағаты барысында сабақ өтілетін орынды шұғылданушылардың барынша тиімді пайдалануына қол 
жеткізу.
Жергілікті жердің жағдайы дене мәдениетінің жеке спорт түрлері бойынша бөлімдерін (суға 
жүзу, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы немесе кросстық дайындық) жыл мезгілдерінің барын-
ша қолайлы кезеңдеріне жоспарлау кезінде ескеріледі. Ауа райы жағдайына байланысты шаңғы 
дайындығы бойынша сабақ өткізу, қажеттілік туындағанда (Республиканың оңтүстік өңірінде) оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет