№ 3 (106) 2015
147
Білім алушының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үшін «Мұнай химиясы» элективті
курсының мазмұнына мынадай дәріс және зертханалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық
жоспары ұсынылды:
1. Мұнайға жалпы сипаттама және мұнайдың пайда болу теориясы
2. Қазақстандағы алғашқы мұнай көздерінің ашылуы және мұнай өнеркәсібінің болашағы
3. Әлемдегі дамыған және дамушы елдердегі мұнай өңдеу жұмыстары мен өңдеу көрсеткіштері
4. Мұнайдың құрамы мен химиялық табиғаты
5. Мұнай құрамындағы көмірсутекті қосылыстар
6. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары мен минералдық компоненттері. Шайырлы заттар мен
асфальтендер.
7. Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі физика-химиялық қасиеттері
8. Мұнай мен мұнай өнімдерінің жіктелуі
9. Мұнай құрамын және мұнай өнімдерін зерттеу әдістері
10. Тауарлы мұнай өнімдері және олардың қасиеттері мен қолданылуы
11. Мұнай өңдеудің негізгі технологиялық үдерістерінің сипаттамасы
12. Мұнайды өңдеудің екіншілік үдерістері
13. Каталитикалық үдерістер
14. Мұнай қалдықтарын тазалау үшін қолданылатын үдерістер
15. Мұнай өнеркәсібінің экологиялық мәселелері
Зертханалық жұмыстардың тақырыптары:
1. Мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау
2. Мұнай өнімдерінің тұтқырлығын анықтау
3. Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткіштерін анықтау
4. Мұнайды сусыздандыру, мұнай құрамындағы су мөлшерін анықтау
5. Мұнайдың құрамындағы механикалық қоспаларды анықтау
6. Мұнайдың қату температурасын анықтау
7. Мұнайдың құрамындағы суда еритін қышқылдар санын анықтау
8. Мұнайдың құрамындағы қатты парафиндердің мөлшерін анықтау
9. Мотор майындағы күкірт мөлшерін анықтау
10. Мұнайдың фракциялық құрамын анықтау. Жай айдау
11. Мұнайдың фракциялық құрамын ректификация және ректификациясыз, вакуумда айдау
12. Мұнай өнімдерін адсорбциялық бағанада ароматты көмірсутектерден адсорбция әдісімен та-
залау
13. Мұнайдың химиялық құрамын газды хроматография әдісі арқылы анықтау
14. Мұнайдың толық құрамын және шығу тегін Agilent 7890A/5975C хромато-масс спектрометрі
көмегімен анықтау
15. Мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақтағы күкiртсутек мөлшерiн анықтау
Бүгінгі күні элективтік курстар білім сапасы мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Сол себепті
«Мұнай химиясы» элективтік курсы білім алушылардың танымдық белсенділігіне әсер етуді,
олардың шығармашылық ойларын қалыптастыру, зерттеушілік білік пен дағдыны, өз бетінше
талдау және педагогикалық тәжірибе кезеңінде пайда болатын нақты педагогикалық жағдайда
дұрыс ғылыми негізделген шешімді табуды міндеттейді.
Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру үрдісі білім алушылар әлі шешімі белгісіз
шығармашылық, зерттеушілік тапсырмаларды шешу шеңберіндегі практикалық іс-әрекетпен
тығыз байланысты [11]. Сондықтан да зерттеушілік іс-әрекет үдерісінде төмендегі біліктерді
қалыптастыруға болады:
– мәселені көріп және онымен фактілік материалдарды сәйкестендіру;
– болжам жасау және ойша пікірлерді жүзеге асыру;
– ұқсастықты және тасымалды қолдану;
– мәселені шешудің белгілі тәсілдерін біріктіру және жаңаны құру;
– баламалы шешімдерін іздеу.
Сонымен, химияны оқыту үдерісінде білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін
қалыптастыру зерттеушілік іс-әрекетте өз жетістіктеріне қанағаттанудың өсуімен, өзін-өзі бағалау
адекваттығымен, білім алушы мотивациясының тұрақтылығымен сипатталатын білім алушы
тұлғасының маңызды кәсіби сипаттамасы болып табылады.
|