Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет177/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
145
Э.Ф.Зеердің жұмысына тоқтала отырып, зерттеушілік құзыреттіліктің үш компонентін 
бөлуге болады: мотивациялық (ішкі танымдық мотивтердің динамика нәтижелері, білім 
алушының зерттеушілік іс-әрекет білімінің мәнін сезінуі, сонымен бірге зерттеушілік іс-әрекетті 
қанағаттандыру); когнитивті (дамыған логикалық және шығармашылық ойлау, білім алушылардың 
зерттеушілік іс-әрекетке қажетті меңгерген білімінің жиынтығы); іс-әрекеттік (зерттеушілік дағды, 
сонымен қатар білім алушының өзін-өзі бақылауы мен зерттеу іс-әрекетіндегі түзету тәсілі ретіндегі 
рефлексия). 
А.Н.Дахиннің, А.Н.Зеердің, И.Зимнийдің, Т.В.Ивановтың, О.А.Козыревтың, А.К.Марковтың, 
Н.Г.Милованың, С.В.Никитинаның, А.С.Савенковтың, А.П.Тряпициннің, А.В.Хуторскийдің, 
В.Н.Шапаловтың және басқалардың жұмыстарында зерттеушілік құзыреттілікке қатысты 
сұрақтар көрсетілген. Зерттеушілік құзыреттілік тұлғаның базалық компоненті ретінде жетекші 
сипаттамаларды айқындайды. 
Зертеушілік құзыреттілік - бұл білім беру мәселелерін шешу және білім беру үдерісін құру үшін 
білімді іздеу мақсатында технологиялық деңгейде зерттеушілік іс-әрекет тәсілдері мен білігіне 
ие екендігін білдіретін тұлға сипаттамасы [7].Дегенмен, адам өзінің табиғатына қарай зерттеуші, 
бірақ бүгінгі күні оған туа бітті берілген зерттеушілік қабілеті жеткіліксіз. Білім алушылар ғылыми 
зерттеудің теориясы мен тәжірибесін меңгеруі керек. Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың зерттеу білігі 
мен дағдысын қалыптастыру мәселелерін өзектейді. Өйткені, онсыз зерттеушілік құзыреттілікті 
қалыптастыру мүмкін емес.
Қазіргі зерттеулер (Л.Ф.Авдееваның, Н.С.Амелинаның, С.П.Арсенованың, Н.М.Яковлеваның 
және басқалардың) талдауы көрсеткендей, зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруда білім 
алушыларды ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке дайындауда маңызды рөл арнайы ұйымдастырылған 
құралдарға бұрылады. Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру құралдарының ішінде ең тиімдісі 
өз бетінше өңірлік кен орындарының материалдарын ғылыми зерттеу кезеңдерінен жүйелі өтуін 
болжайтын арнайы курстар жинағы болып табылады. Біздің жағдайымызда ол дайындалған, 
баламалы «Мұнай химиясы» курсы болып табылады [8]. Мұнда Е.А.Климовтың жасаған еңбек 
нысанына сәйкес мамандықтар классификациясы негізге алынды: адам – тірі табиғат, адам – адам, 
адам – белгілік жүйе, адам – техника, адам – көркем бейне. Осыған сәйкес химиядан әрбір мамандық 
типіне арналған элективтік курстарды құруға болады. Мысалы, «Химия және адам», «Химия және 
табиғат», «Химия өнеркәсіпте», «Мұнай химиясы», «Химия және өнер» және т.б. 
Мұндай курстардың маңызды міндеттерінің бірі білім алушыларға олардың өмірінде өңірлік кен 
орындарының материалдарын зерттеу арқылы туған жерге деген патриоттық сезімін таныту болып 
табылады. Бұл оларға алдағы уақытта кездестіретін, ғылым мен өнеркәсіптің дамуына қатысты 
қазіргі технологиялық және экологиялық мәселелерді өз бетінше және сауатты түрде қабылдауға 
қабілетті болуы үшін қажет [9].
Кез-келген элективтік курстың әдістемелік жүйесі курс бағдарламасы мен тақырыптық жоспары, 
жазу немесе электрондық түрдегі оқу құралы немесе дәріс конспектілері, оқытушыларға арналған 
әдістемелік ұсынысы және білім алушыларға арналған өзіндік жұмыс тапсырмалары бар оқу-
әдістемелік кешенде көрініс табуы керек. 
Элективтік курстар келесі міндеттерді шешуге бағытталған болуы керек:

Алдағы кәсіби іс-әрекетте білім алушылар өз бетінше анықтауына немесе таңдауына әсер 
ету;

Жоспарланған саладағы оқыту мотивациясының жақсы жақтарын құру;

Білім алушыларды сол саладағы басты іс-әрекет түрлерімен таныстыру;

Білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру;

Білім алушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін көтеру.
Жалпы химия бағытындағы элективтік курстарды дайындағанда келесі сұрақтарға жауап беру 
қажеттілігі туындайды:

Білім алушыларға курсты меңгеруде қандай дәлелдер, түсінік, ой-пікірлер, принциптер
құндылықтар, білік пен дағды, әдістер және іс-әрекет түрлері ұсынылады?

Курсты оқу арқылы қалыптасатын білім, білік және дағды қандай мамандық иелеріне 
(қызмет салалары) қажет?

Элективтік курстың мазмұны білім алушыларды оқытуда мамандандыру және олардың 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қалай әсер етеді? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет