Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет178/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
146

Білім алушыларға қандай пәндер толығымен немесе қандай пәндер бойынша тақырыптар 
қайта меңгерілуі керек?

Курсты оқудың бастапқы кезінде оқытушы қандай шынайы материалды дайындауы керек? 
[10]
Элективтік курстардың көмегімен химияны оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауға және 
білім алушыларды зерттеушілік іс-әрекетке қызықтыратын және олардың шығармашылық ойлауы 
мен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға әсер ететін жаңа дүниені дайындауға немесе жасап жүзеге 
асыруға болады. 
Элективтік курста білім алушыларға таңдаған мамандықты толық меңгеруі үшін қажетті 
химиялық білімді беретін теориялық оқу мен алған білімді іс жүзінде бекітуге мүмкіндік беретін 
тәжірибелік жұмыстар қарастырылады. Бұл элективтік курс білім алушылардың ғылыми
шығармашылық ойлауын дамытуға әсер етеді, табиғи құбылыстарды ұғынуға, қоршаған әлемде 
өз орнын сезінуге, табиғатпен үйлесімде өмір сүре білуге үйренуге және сол үшін жауапкершілікті 
сезіне білу қабілеттерін дамытуда маңызды әсері бар [9]. 
Органикалық химияны меңгерген және көп компонентті жүйелерді бөлудің негізгі аналитикалық 
тәсілдерімен және көмірсутектік қосылыстардың басқаға химиялық айналуларымен танысқан 
химик-білім алушылар «Мұнай химиясы» курсын оқуға дайындығы басқа мамандықтағы білім 
алушылармен салыстырғанда жоғары. Алғаш 70 жыл бұрын «Мұнай химиясы» курсы алдымен 
осы химик-білім алушылардың назарына ұсынылды. Мұнай химиясының пайда болуына 
Д.И.Менделеевтің, Н.Д.Зелинскийдің, В.В.Марковниковтың, В.Н.Ипатьевтің, К.В.Харичковтың, 
А.А.Летнийдің, Л.Г.Гурвичтің және басқа да ғалымдардың жұмыстары себепші болды [10]. 
Мұнай өндірісінің дамуы нәтижесінде жыл сайын осы сала мамандарына деген қажеттілік өсуде. 
Осыған байланысты химиялық-технологиялық бағыттағы мамандарды дайындауды ұйымдастыру
мәселелері өзекті болып табылады. Мұндай мамандарды дайындау еліміздің көптеген жоғары оқу 
орындарында жүзеге асырылуда. «Мұнай химиясы» элективтік курсы білім алушыларды мұнайдың 
химиялық құрамы, мұнайды өндіру мен өңдеу, мұнай өнімдерінің қолданылуы, мұнай-химия 
саласындағы экологиялық мәселелермен және т.б. таныстыруды қарастырады.Осындай элективті 
курсты меңгеру барысында мынадай құзыреттіліктер қалыптасады:

Қазіргі теориялық және эксперименттік химияда ең өзекті зерттеу бағыттары туралы білімді 
меңгереді;

Мәселелерді анықтап талдай білуге және оларды шешу жолдарын айқындай білуге қабілетті;

Жасалынған жұмыс, алынған зерттеу нәтижелерінен керекті қорытынды шығара білуге 
қабілетті;

Ақпаратты қабылдауға және талдауға қабілетті, сонымен бірге химияны оқуда ақпараттық 
технологияларды және сандық білім ресурстарын игереді.
Құзыреттілік –білім алушылардың іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім 
мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттардың бірі – білім игеру 
кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке 
тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, 
үйренуші ретінде танылады. Сондықтан элективті курсты меңгеру барысында білім алушы:
Білуі керек:

Мұнай және басқа да көмірсутектік жүйелердің компоненттік құрамын;

Химиялық және физика-химиялық құбылыстарды бақылай білу;

Мұнай, мұнай өнімдерінің қасиеттерін, оларды бөлу және зерттеу әдістерін;

Мұнай құрамына кіретін қосылыстардың негізгі кластарының қасиеттері мен реакцияларын;

Мұнай өңдеу үдерісін, мұнай өнімдерінің қолданылуын;

Зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, реактивтермен дұрыс жұмыс жасай білу.
Жасай алуы керек:

Практикалық дағдыларды игеру;

Мұнай қасиеттерінің негізгі есептеу әдістемесін және зертханалық әдістемесін кешенді 
қолдану;

Мұнай құрамын сандық және сапалық талдау әдістері арқылы анықтау;

Ғылыми және анықтамалық ақпараттарды іздеу және талдау жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет