Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет291/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
242
Оқыту технологиясы құрылымы: 
- концептуальді негіз;
- оқыту мазмұны;
- оқыту мақсаты: жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- процессуальді бөлім – технологиялық процесс;
- оқу процесінің ұйымдастырылуы;
- оқушылардың оқу іс-әрекеті түрі;
- мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті түрі;
- мұғалімнің оқу материалын игеру процесін басқару қызметі;
- оқу процесін диагностикалауі. 
- диагностика учебного процесса.
Оқыту технологиясы әдістемелік талаптарға сай жүзеге асуы керек. Г.К.Селевко бойынша, бұл:
- Тұжырымдалған. Кез келген оқыту технологиясы білім беру мақсатына жетуге жағдай жа-
сайтын философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негізі бар 
ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі керек. 
- Жүйеленген. Оқыту технологиясы логикалық ойлау жүйесіне сай, мақсатқа бағытталып
процестердің өзара байланысы негізінде жүзеге асуы қажет. 
- Басқарылған. Оқыту процесі жоспарланған, нәтижесі болжанған болуы керек. 
- Тиімді. Оқыту технологиясы белгілі бір оқыту стандартына сәйкес нәтижеге жетуге кепілдік 
беретін болуы керек [6,116]. 
Күні бүгінге дейін «технология» мен «әдістеме» ұғымдарының ара жігін түсінбейтін мұғалімдер 
кездеседі. Сондықтан осы сұрақты, мұғалімнің педагогикалық процесте оқыту технологияларын 
қолдану барысында туындайтын мәселелері ретінде қарастырдық. 
Электрондық оқулықтар, оқулықтар, оқу құралдары, интерактивті тақта оқытудың заманауи 
құралдары болып саналады. Заманауи оқыту технологияларының тиімділігін айта отырып
электрондық құралдармен қалай жұмыс жасау қажет, педагогикалық процесте қалай қолданған 
дұрыс,-деген туындайтын сұрақтарды естен шығармаған жөн. Жаңа инновациялық оқыту 
технололгияларын қолдану ерекшелігі – мұғалім мен оқушылар тарапынан жоғары белсенділікті 
талап етеді және таңдап алынған оқыту технологиясының ерекшелігі мен мақсатын аудиториыға 
түсіндіруде мұғалім тарапына үлкен күш түседі. Егер, оқушыларға оқыту технологиясы жөнінде 
мәлімет берілмей бірден педагогикалық процесте қолданылса, нәтижесі төмен болатынын 
күнделікті мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінен көріп жүрміз. 
Мәселен, оқушыларға дайын материалды өз беттерінше игеруге бердік делік. Компьютерлік оқыту 
технологиясы арқылы оқушылар кедергіге ұшырамай, оңай игеретін секілді. Әрине, оқушылардың 
белсенділіктері оқу материалын игеруге мүмкіндік туғызады. Алайда, мұғалім оқыту технологиясы 
жөнінде толық мәлімет беріп өтпесе оқу материалын түбегейлі түсінбеуге әкеліп соғады. Бір сабақта 
мультимедиялық құралды, электрондық оқулықты қолдану бірмезгілде иллюстративті, әдістемелік, 
аудио, видео оқу материалдарын қолдану мүмкіндігін туғызады. Бұл әрине жақсы нәтижеге, яғни 
оқу материалын неғұрлым тереңірек, толығырақ меңгертуге жағдай туғызады. Бірақ, бұл процестің 
жағымсыз жағын ойлап көрейік. Үнемі компьютерлік технологияны қолдану оқушы денсаулығына 
кері әсер етеді, көру аппаратының қызметі төмендейді. Адам денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ 
екенін ұмытпауымыз қажет. 
Түрлі оқыту технологияларды қолдану ойлаудың дамуын кенжелету мәселесіне алып келетіні 
анық. Себебі, қазіргі оқыту технологиялары көп жағдайда техникамен тығыз байланысты. Техника 
оқулықтағы тапсырмаларды орындауды жеңілдетіп, санайды, өлшейді, нұсқау береді. 
Мұғалімнің басты міндеті – оқушының ойлау қабілетін дамыту. Оқушы білім негізін өзіндік 
жұмыс, электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы игере алмайтынын есепке 
алуымыз қажет. Сондықтан, мұғалім оқушылардың интенсивті ой алысуларына жағдай туғызуы 
қажет. Оқушылардың ақыл-ой қызметін белсендендіре отырып, қызығушылықтарын арттырған 
дұрыс. К.Д. Ушинский: «Қызығушылық тұлға қажетсінуімен тығыз байланысты. Қызығушылықты 
дамыту үшін баланың табиғи әуесқойлығын пайдалана отырып, ізденуге алып келуге болады»,-деп 
көрсетті [7,85]. Ол қызығушылықтың психологиялық негізін көре білді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет