Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет299/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
248
ретінде қосымша кәсіптік білім беру идеясын туғызды. Бұл жерде сапа - нарықтық категория, оны 
қоғам және тұлға сияқты екі басты тұтынушылар тұрғысынан қарастырамыз. Қоғам тұрғысынан, 
сапалы білім беру - қоғам талаптарын қанағаттандыратын, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени 
прогресс мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім беру болса, тұлға (студент, ата-ана) тұрғысынан 
- өздігінен білім алу, өзіндік даму икемділіктерін иелену мен әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік 
жетістігі. М.Н.Скаткин білім сапасына толықтық пен тереңдік, нақтылық пен жалпылық, ашықтық 
пен жабықтық, жүйелілік пен тұтастық, саналылық пен қатаңдықты жатқызады. 
Кәсіптік білім беру жүйесінде құзыретті маман даярлауда мұндай тиімді форма Германия, 
Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария елдерінде нәтижелі пайдаланылып келеді.
Швейцарияда еңбекпен қамтамасыз ету жаңа жолға қойылған. Жұмыс берушілердің өздері 
бакалаврларды жұмысқа қабылдай отырып, жоғары білімнен кейінгі оқуға (магистратураға) 
жолдама беріп, кейін кәсіби құзыреттілігі жоғары магистрдің кәсіпорынға қайта оралуына аса мән 
береді. Сонымен қатар, бакалаврлар мен магистрларды жұмысқа қабылдауда да жұмыс берушілер 
үшін экономикалық тиімділік орын алған [2].
Ресейде мектеп және жоғары оқу орнындағы (алдағы жерде «ЖОО» деп беріледі) Сабақтастық 
дегеніміз оқытуда пайда болып, дамитын үрдіс құраушыларының бірлігі мен жеке тұлғаның өзіндік 
оқу іс әрекеті кезеңдеп жүретін педагогикалық үрдіс. 
Қазақстанда жоғары кәсіптік білім беруді жетілдіру оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі 
тәсілдерін өзгерту қажеттігін айқындайды. Академиялық ұтқырлық, көп тілді оқыту, жұмыс 
берушілер көмегімен студенттің оқу траекториясын анықтау, технологиялық оқыту сияқты әлемдік 
тиімді формаларды оқу үрдісіне енгізу заман талабына айналды [3].
Соның бірі - оқыту уақытының көп бөлігі өндірісте, кәсіпорында өтетін, болашақ маман мен 
мемлекеттің мүддесін біріктіретін құзыреттілікке бағдарлап оқыту моделі. Модельде көрсетілген 
құзыреттілікке бағдарлап оқытуды Қаақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында 
қарастырылған «кәсіби білім саласындағы әлеуметтік серіктестік» аясында жүзеге асыруға болады.
Ол студенттің жеке даму траекториясы бойынша жүреді. 
Бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаның қалыптасуы кәсіби тұрғыдан жетілудің тек бір формада 
жүрмейтінін дәлелдейді. Егер студент теориялық оқуды практикамен, тәжірибемен, ғылыми зерттеу 
жұмыстарымен ұштастырса, оның технологиялық ойлау мен тұлғалық шығармашылық қабілеті 
шыңдалады. Нәтижесінде өндірісте, экономикада, қызмет пен тұрмыста заманауи технологияны 
қолдана алатын білімді студент бәсекеге қабілетті маман болып шығады [4].
Тәжірибелік жұмыс 
Практикалық жұмыс 
Ғылыми-зерттеу 
жұмысы 
Кәсіпорын, өндіріс
Шағын және орта 
бизнеске маман 
даярлау орталығы 
Технопарк, орталық 
Сараман базалары
Колледждер
Мектептен тыс оқу 
орталығы
Шығармашылық 
жұмыс орталығы
Ақпараттандыру 
орталығы
Мекемелер, ұйым, 
оқу орны
мультимедиалық дәрісхана, оқу және 
ғылыми зертханалар, ІТ орталық
басқа ЖОО базалары 
Құзыреттілікке бағдарлап оқытуды жүзеге асыру моделі 
Теориялық оқу 
Жоғары 
оқу 
орны 
Практикалық оқу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет