Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ



Pdf көрінісі
бет294/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   615
3-106-2015-2-chast

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ 
ДАЙЫНДАУ БІЛІКТІЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Мақалада мектепке дейінгі ұйымның болашақ мамандарын кәсіби дайындау білікітілігін ұйымдастыру, 
оның мағынасы мен мәнін көтеру қажеттігі қарастырылып, оның жалпы міндеттері жүйеленді. Кәсіби 
білім берудің алдында тұрған маңызды міндет – мектепке дейінгі білім берудің болашақ педагогтарының 
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда олардың кәсіби дайындығын анықтайтын тұлғалық 
және кәсіби маңызды біліктіліктерін қалыптастыру туралы айтылды. Мақалада осы саланы зерттеуші 
ғалымдардың болашақ маманның үлгісіне берген сипаттамасы сөз болады. Бүгінгі таңдағы өзекті 
мәселелердің бірі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын оқыту үрдісін тиімді басқара алатын және 
мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуына көмектесетін кәсіби білікті педагогикалық 
мамандармен қамтамассыз ету мәселесі де жан-жақты қарастырылды. 
Түйін сөздер: болашақ мамандар, біліктілік, кәсібилік, өзіндік даму.
Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайлар кәсіби білім беру жүйесінің алдына кәсіби 
міндеттерді өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан шеше білетін, өзіндік білімін жетілдіре 
алатын, үнемі даму үстіндегі білікті, бәсекеге қабілетті маман дайындау мәселесін қойып отыр. 
Білім саласындағы инновациялық қайта білім беру жағдайында мамандарды дайындау стратегиясы 
үнемі өзгеріп отырады, оның ішінде мектепке дейінгі білім берудің болашақ педагогтарын дайындау. 
Қазіргі заманғы зерттеушілер өмірдің жаңа жағдайына, уақыт ағымымен тез өзгеріп отыратын 
жағдаяттарда өздерінің педагогикалық іскерліктерін шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруға 
қабілетті мамандар дайындауға басты назар аударып отыр. 
Осыған байланысты заманауи отандық педагогикада мазмұндық сипатына қарай қарама-қайшы 
процесстер туындауда. Осы процесстердің ерекше өзгешеліктерінің бірі – педагогикалық жоғары 
оқу орындарыны түлектерінің барлығының және мектепке дейінгі білім беру педагогтарының 
кейбірінің кәсіби дайындығының мазмұнынқайта қарастыру және қайта ойластыруды жүзеге 
асыруға болады. Ерекше өзекті мәселе мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын оқыту үрдісін тиімді 
басқара алатын және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуына көмектесетін 
кәсіби білікті педагогикалық мамандармен қамтамассыз ету болып отыр.Сондықтан кәсіби білім 
берудің алдында тұрған маңызды міндет - мектепке дейінгі білім берудің болашақ педагогтарының 
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда олардың кәсіби дайындығын анықтайтын 
тұлғалық және кәсіби маңызды біліктіліктерін қалыптастыру.
Болашақ мамандардың кәсіби дайындаудың заманауи тәсілімдемелері мен бағыттары осы 
мәселелердің шешудің алғышарттары болып табылады, олар: «квалификация» түсінігінен 
«біліктілік» түсінігіне ауысу, жоғары білім берудің көп деңгейлік жүйесіне көшу; білім сапасы 
болашақ мамандардың кәсіби біліктілік деңгейі мен жоғары статусын қолдауға бағытталған ортақ 
европалық кеңістік қалыптастыру [1, 285].
Мектепке дейінгі саладағы педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік спецификалық 
ерекшеліктері бар. Көптеген зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалардың жетістікпен дамуы
оның жеке белсенділігі мен әлеуметтік ауқаттылығы, үлкендердің оларды сауатты әрі мақсатты 
түрде басқаруына байланысты екендігін айрықша баса айтады. Сондықтан, мектепке дейінгі 
білім беру педагогтарының кәсіби-педагогикалық қызметінің спецификасы инвариативтік 
талаптар мен мінездемелер кәсіби іс-әрекеттің спецификалық ерекшеліктерімен байтылып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет