№ 3 (106) 2015
343
құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана -сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір
құбылысын нақты көріп, тануға жол ашады.
Бала оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап
түсінеді. Сондықтан ертегі,
әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн.
Егер суретте кітап мәтінінің мазмұны ғана берілсе, алдымен суретті көрсетіп әңгімелесу
тиімді. Ал сурет бүкіл шығарма мазмұнына орай әр бөлімге берілсе, онда алдымен кітапты оқып
беріп, соңынан суретін көрсетіп әңгімелескен жөн.
Баланың тілін, сана-сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы
берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты
диафильмдер, фильмоскоптарды көрсетіп отыру да пайдалы. Радиодан балаларға арнайы
берілетін «Кешкі ертегі», «Ойлан, тап» хабарларын балаға мұқият тыңдатып отыру кажет. Балаға
диафильм не телефильм тьңдатып отыру қажет. Бала диафильм не телефильм көріп отырғанда,
радиохабарларын тыңдаған кезде үй ішінде дауыстап сөйлеу, әңгімелесу болмауын ескерген жөн.
Көріп не тыңдап отырған окиғаны бала жақсы түсініп, қабылдайтын болсын. Соңынан алған
әсерін үй ішіне айтып беруге үйретіп отыру керек.
Кинотеатрларда балалар өздері тыңдаған ертегі, әңгіме, хикаят кейіпкерлерімен бетпе-бет
кездеседі. Сондықтан балаларды жиі театрларға апаруды ескерген жөн.
Үйде фильмоскоп көрсеткенде оған берілген мәтіндерді оқып беру қажет. Балаға үй жануарлары,
балалардың ойын, еңбек әрекеттеріне байланысты фильмдер көрсету әсерлі болады. Сондықтан
баланы кино, театрға апарғанда ол көретін сахналық ойын, кино мазмұны бала жасына лайықты
болсын.
Баланы ана тілінде анық, таза сойлеуге үйрету ісінде жұмбақ шештіру, жаңылтпаш, мақал-
мәтел айтуға үйретудің маңызы зор. Жұмбақ шешу, жұмбақтап айтуға үйрету арқылы баланың
логикалық ойы дамиды, өмірде көрген-білгенін есінде тиянақтауға негіз болады. Жаңылтпаш,
мақал-мәтел – тіл дамыту, тіл жаттықтыру құралы. Бала сөзді дәл тауып, дұрыс қолданып
дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді[3,15].
Тәрбиешінің ізденісі жан-жақтылығы, өз мамандығына деген жауапкершілігі. Тәрбиеші тіл да-
мыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашудың арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде жаттаулар-
ды, шығармаларды балаларға оқып, түсіндіріп,әңгімелеп беріп, жаттау арқылы қабылдау, есте
сақтау қабілетін дамытады.
Тәрбиешінің шығармашыл болуы «шығару», «ойлап табу» жаңа технологияларды пайдалана
отырып өскелең ұрпаққа жан-жақты рухани адамгершілік сана-сезімін тәрбиелеу.
Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуын игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 // Егемен Қазақстан «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» 17.01.2014ж
2 Жиенбаева С.Н. Мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі
ретінде тәжірибесін қалыптастырудың теориялық негіздері. – Алматы. – 2008. - 294 б.
3 Бердыбаева Г «Жаңадан тақпақ айтамыз жаттап» әдістемелік құрал. Шымкент 2012 ж,86 б.
REFERENCES
1 Egemendi Razakstan Nurli jol-bolashakka bastar jol 17.01.2014j
2 Jienbaeva S.N. Mektepaldi jane rishi mektep jasindagi balalardin enbek is-areketi subektisi retinde tajiribesin
haliptastrudin teoriyalik negizderi. - Almati. - 2008. - 294 b.
3 Berdibaeva G. janadan tahpfh aytamiz jattap adistemelik hural. Shimkent 2012 j. 86 b.
Достарыңызбен бөлісу: |