Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет416/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   615
3-106-2015-2-chast

, Г.М. БЕКСЕЙТОВА
2
, А.О. ЕСТАЕВА
3
пед.ғ.к., Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университеті Шымкент қ.
1
ОҚМПИ магистр-оқытушысы, Шымкент қ.2
ОҚМПИ магистр-оқытушысы, Шымкент қ.3
ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖӘНЕ ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ
Мақалада
жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру мәселелері мен 
патронаттық тәрбиенің ерекшеліктері қарастырылған.
Түйін сөздер: отбасы, жетім балалар, балалар, әлеуметтендіру, патронаттық тәрбие.
Отбасы – адамдықтың алғашқы әліппесінің негізін қалайтын баланың алтын бесігі. Қоғамның 
болашағын құрайтын жастар тәрбиесінде бәсекелестікке қабілеттілікті отбасынан бастаған 
маңызды. Ол үшін рухы мықты жастарды қалыптастыру, ал олардың ынтымағы жарасқан ата-ана 
тәрбиесінен өнеге алған ортадан шығуы қажеттілік «Қамқорлық» – қорғансыз балалардың (ата-
аналарынан айырылған балалар, жас сәбилер және т.б.) жеке басының және мүлкінің құқықтарын 
қорғау. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогикада «жетім», «әлеуметтік жетім» ұғымдары жиі 
қолданылады. Жетім балалар - ата-аналары қайтыс болған 18 жасқа дейінгі балалар. Ал, әлеуметтік 
жетім балалар - ата-аналары бар, бірақ олар балаларына қамқорлық жасамайтын, қандай да бір 
себептерге байланысты бала тәрбиесімен айналыспайтын отбасындағы балалар. Ондай жағдайда 
бала тәрбиесі мен қамқорлығын мемлекет өз міндетіне алады.
Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:
- ата-анасы қайтыс болған;
- ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- түзету колониясында кінәсін өтеп жүрген ата-аналардың балалары;
- қылмысына байланысты тәртіп сақтау органдары бақылауында жүрген ата-аналардың балала-
ры;
- балаларын емханалардан, әлеуметтік мекемелерден алып кетуден бас тартып жүрген ата-
аналардың балалары жатады [1, 150]. 
2013 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәлімет бойынша Қазақстан Республикасы 
көлемінде жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың саны 38 386-ға 
жетіп, соның ішінде 14052-сі ертең отбасы ұйтқысы болар қыз балалары екен. Солардың ара-
сында 11612-сі ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, яғни тірі жетімдер. 1999-2010 
жылдар аралығында 8675 бала шетел азаматтарына асырап алуға берілген. Сондықтан бүгінгі 
отбасы тәрбиесінің мазмұны мен технологиясын жетілдірудің жолдарын қарастыру қоғамның 
өзекті мәселелерінің бірі ретіңде қарастырылуда. Мұның барлығы бүгінгі қоғамдық жағдайдағы 


№ 3 (106) 2015
345
тәрбиенің олқылықтары мен отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың немқұрайлылығының салдары 
деп білу керек. Біздің заманымызда ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалардың саны 
жыл сайын өсіп отыр. Балалардың аналардан бөлек тұруы олардың тәрбиесіне ерекше әсер етеді. 
Балалардың әлеуметтік жетім болуы, біріншіден, аналардың балаларынан саналы түрде бас тар-
туынан, екіншіден, өздері ішімдік пен нашақорлыкқа әуестенетіндіктен, балаларының болашағы
үшін аландаушылық білдіріп, саналы түрде бас тартатындықтан, үшіншіден, ата-аналарының 
қайтыс болуынан болады.
Жетім қалған балаларды қамқорлыққа алу екі жолмен жүзеге асырылады.
1. Асырап алу;
2. Мемлекет қамқорлығына беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет