Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Кесте 1. Жетім балаларды қамқорлыққа алу жолдары



Pdf көрінісі
бет417/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   615
3-106-2015-2-chast

Кесте 1. Жетім балаларды қамқорлыққа алу жолдары
Жетім балаларды қамқорлыққа алу
Асырап алу
Асырап алған отбасы
Қамқорлыққа алған отбасы
Асыранды отбасы
Мемлекет қамқорлығы
Уақытша қамқорлыққа алған отбасы
Қамқорлық үйі (Приют)
Балалар үйі
Сəбилер үйі
Мектеп-интернат
Асырап алу - баланы қорғаудың арнайы шарасы. Онда ерлі-зайыптылардың баламен туыстық 
байланысы заң жүзінде тіркеледі.
Мемлекеттік қамқорлыққа алу - арнайы мекемелерге орналастыру жолымен асырап алынбаған 
балалардың тәрбиесі мен дамуына қалыпты жағдай туғызу. Мұндай жағдайда бала балалар үйіне, 
уақытша қамқорлыққа алатын отбасыларына, мектеп-интернаттарға орналастырылуы мүмкін [2, 
52].
Бала асырап алған отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұны 
көп қырлы. Асырап алынған бала әртүрлі типті отбасыларына түсуі мүмкін. Олар қамқорлыққа 
алған отбасы немесе асырап алушы отбасы деп аталады. Бұл екеуінің айырмашылығы:
- қамқорлыққа алған отбасының баламен туыстық байланысы болады;
- асырап алушы отбасының баламен ешқандай туыстық байланысы болмайды.
Асырап алуды сот шешімінің негізінде қамқорлыққа алу органдары анықтайды. Қамқорлыққа 
алған адамның міндетіне баланы тәрбиелеу мен дамыту, оның құқықтарын қорғау кіреді. Баланы 
қамқорлыққа алған адам кәмелетке толмаған баланың мүлкін сақтау мен оны дұрыс жұмсауды 
бақылауға алады, бірақ өзі осы мүлікті пайдалануға құқылы емес. Ал, асырап алушының отбасы 
бала үшін жаңа заңды түрдегі өз отбасы болып табылады. Бала осы отбасының тегін (фамилиясын), 
тіпті жаңа ат алуы мүмкін. Асырап алынған баланың құқығы мен міндеттері осы отбасында 
тәрбиеленіп жатқан балалармен тең болады. Бала асырап алу бірнеше этаптардан тұрады: 
алдымен баланы асырап алушыларды сол аймақтардан қарастырады, егер ол мәселе шешілмесе, 
онда асырап алушыны Республика, ел көлемінде қарастырады. Ол да шешімін таппаса, онда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет