№ 3 (106) 2015
341
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың
әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет
бөтен ортаға бейімделуімен
сипатталатын кезең. Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. «Бес
жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп
Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланың ақыл - ойын жүйелеу,
ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа
баулу - бүгінгі күн талабы. Сонымен мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып өзін -
өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл – ой және басқа да қасиеттерінің ең
маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім
тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту.
Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру. Баланың ана тілінде таза еркін
сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский:”Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен
оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс “- деген. Әрбір ұйымдастырылған
оқу іс - әрекеттерін
өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін
түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың
қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады. Кішкентай
балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді.
Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар
тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы
өткізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді.
Балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге алынады:
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген
білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге
жетеді. Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі,
әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана -
сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық
фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер
қолдану пайдалы. Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету
қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп,
әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын
болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет [2,55].
Балаларда ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Мектеп жасына дейінгі балаларды
тіл
мәдениетіне тәрибелеу, сөздік қорын дамыту, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру,
тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен көркем шығармалар,ертегілер тыңдау, әңгімелесу
баланың тілдік құзыреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық құрамын дұрыс
қолдануды игерту болып табылады.
Бала біткенннің бәрі ес білгеннен
бастап білсем, көрсем, естісем,ұстасам,алсам деп әрекет етуге
ұмтылады.
Қатынас білім саласындағы мақсат жан-жақты қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін ойын
технологиясымен қатар меномотекст(есте сақтау қабілеті) ТРИЗ әдісін қолдауныдың тиімді
жолдарын тауып, әрбір іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға балалардың қиялын, логикалық ойлау,
салыстыру, сипаттау, сөзге сурет ойлап табу, тақпақты сурет арқылы есте сақтап,
жаттауға
дағдылайды.
Мнемотексте – балалардың бір мезетте әр түрлі мәліметтер бере алатын сызба.
Мнемотекстің міндеті:
1. Көркем шығарманы тыңдауға, жаттауға ынталандыру
2. Ойлау жүйесін дамыту
3. Бейнелі ойды дамыту