Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Дәріс 5. Үймереттер мен ғимараттарды жаңғырту технологиясы



бет10/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

Дәріс 5. Үймереттер мен ғимараттарды жаңғырту технологиясы.


Жоспар:
1. Объектіліерді жаңғыртудың жағдайлары мен дәләлдерін таңдау
2. Объектінің жаңғыртудың жұмыс өндірісін жобалау.

  1. Объектіліерді жаңғыртудың жағдайлары мен дәләлдерін таңдау. Өнеркәсіп объектілерін қайта жаңғырту кезінде барынша өнімді жоғары механиқаландырылған және автоматтандырылған процестер енгізіледі; өндіріс алаңдарын барынша ұтымды пайдалануға қол жеткізіледі, күрделі қаржыны пайдалану тиімділігі арттырылады.

Қазіргі кезде негізінен жеке жобамен салынған, үймереттері мен ғимараттары құралымдық және көлемдік-құралымдық шешімдері әртүрлі өнеркәсіп кәсіпорындары қайта жаңғыртылуда.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғыртуға жүрген негізгі, қосалқы және қызмет көрсету бағытындағы цехтар мен объектілерді қайта құру жатады. Тәртіп бойынша негізгі бағыттағы үймереттер мен ғимараттар кеңейтілмейді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғырту кезінде жекелеген үймереттер мен ғимараттарды мынандай жағдайларда ғана кеңейтуге болады: техникалық көрсеткіштері жағынан барынша жетілдірілген, өнімділігі жоғары жаңа жабдықты қолданып жүрген үймеретке орналастыруға келмегенде; үйлеспеушілікті жою мақсатымен кешеннің қолданылып жүрген цехтары мен басқа да объектілерін кеңейтіп және қайтадан салып жатқанда; жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның территориясында тех­никалық және экономикалық талаптар бойынша одан әрі пайдалануы тиімсіз деп танылып, бұзылған үймереттер мен ғимараттардың орнына сол бағыттағы жаңаларын салғанда.
Жобалауда, құрылыстың технологиялық процестерін өндеуде, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өндірісінде қайта жаңғыртудың жаңа құрылысқа қарағанда елеулі өзгешеліктері мен өзіндік ерекшеліктері бар. Олар құралымдық және мөлшерлі-жобалау шешімдерінің әр типтілігіне, құрылыс алаңының тар­лығына, әр учаскеден жұмыстың кезеңмен орындалуы қажеттілігіне, кәсіпорынның өндірістік қызметінің құрылыс-құрастыру жұмыстарының орындалуымен үйлестірілуіне, кей жағдайларда ескі ғимараттарды немесе олардың бөлшектерін ажыратуға және басқа жағдайларға байланысты.
Негізгі қорларды жаңғырту деңгейі әдетте жаңғырту жұмыстарын жүргізу көлемімен сипатталады. Осы белгі бойынша қайта жаңғырту түбірлі және шағын болып бөлінеді.
Түбірлі қайта жаңғырту кәсіпорынның барлық өндірісін технологиялық жабдықтарын бөлшектеу, құрастыру және алмастыру, жұмыс істеп тұрған цехтарын қайта құру немесе кеңейту және жаңа өндірістік, қосалкы-жәрдемші цехтар салу (бұзылғанының орнына) арқылы қайта жабдықтау және қайта құру болып саналады. Түбірлі қайта жаңғырту тәртіп бойынша бірыңғай жобамен және смета бойынша жүзеге асырылады.
Шағын қайта жаңғырту түбірлі қайта жаңғыртудан жұмыс көлемімен ерекшеленеді және ол кәсіпорынның жекелеген өндірістерін қайта жарақтандырумен, қайта құрумен байланыс­ты. Бұл түрдегі қайта жаңғырту жекелеген техникалық (техника-жұмыстық) жобалар мен олардың сметалары бойынша жүзеге асырылады.
Өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғыртуды жүргізу шарттарының күрделілігі мен ерекшелігі құрылыс өндірісін мұқият дайындауды талап етеді. Жұмыстарды орындау әдістері тапсырылған жұмыс көлемін механиқаландырылған жолмен белгіленген мерзімде орындаудың технологиялық мумкін және қауіпсіз варианттарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде таңдалады.
Жұмыс ұйымдастыру үлгілерінің варианттары қайта жаңғыртылатын аралықтың түріне, оның жұмыс істеп тұрған үймеретпен, ғимаратпен арақашықтығына және қайта жарықтандырылған аралықтағы алаңда іргетастың, жертөленің, техникалық және басқа жабдықтардың алатын орнына қарай белгіленеді.
Қайта жаңғыртуды жүргізудің ұйымдастыру әдістерін таңдауға өндірістік шешімдердің мөлшерлеу-жоспарлау және құралымдық шешімдері ықпал етеді. Бұл орайда үймереттің жоспардағы кескін үйлесімі басты белгі болып табылады, үймереттің кескін үйлесіміне ең алдымен құрылыс-құрастыру жұмыстарынын механиқаландырылу мүмкіндіктері байланысты. Үймереттің күрделі кескін үйлесімі құрастыру крандарын көп мөлшерде қолдануға немесе олардың орын алмастыруларына әкеліп соқтырады. Бұл типсіз, стандартты емес құралымдардың көбеюін туғызады.
Өндірістік үймереттерді қайта жаңғырту кезінде әдетте, типтендіру объектісі типтік технологиялық процестер болады. . Типтік шешімдер үш кезеңге арналып жасалады.
Бірінші кезеңде өнеркәсіптің белгілі бір салаларының объектілерін қайта жаңғыртудың техникалық-экономикалық талдауы жасалады.
Екінші кезеңде барынша тиімді вариант негізінде қайта жаңғырту технологиясын талдау жүзеге асырылады.
Үшінші кезенде қаралып отырған сапаның объектілеріне жұмыс істеп тұрған өндірістік жағдайында барынша сәйкес келетін жұмыс түрлері өндірісінің технологиясы бойынша типтік шешімдер жасалады және жұмыс өндірісінің жобаларын құрастыруға, күрделі қаржыны жоспарлауға, құрылыс машиналары мен механизмдерге, тағы басқаларға мұқтаждықты анықтауға қажетті деректер дайындалады.
Типтік технологиялық карталарды жасаудың алдында объектіні қайта жаңғырту технологиясына тұтастай ішінде осы талданатын карталардың негізінде енгізілетін процестер бойынша жұмыстың қарқындылығы, құрылыс машиналарының жиынтығы, жұмыс өндірісінің кестесі сияқты негізгі мәліметтері бар талдау жаса­лады.
Жиынтық құрамына қайта жаңғыртудың қысаңшылық жағдайында тапсырылған жұмыс көлемін белгіленген мерзімде орындауға қажетті және тұжырымдалатын машиналар мен механизмдер саны мына формуламен анықталады:
мұндағы VМ - механиқаландырылған жұмыс көлемі, м3; ӨП -машиналардың пайдаланылу өнімділігі, м3/ал: Т - жұмысты орындаудың тапсырылған мерзімі, күндер; nал - жұмыс алмасуының тәулікпен алғандағы саны; tал - жұмыс алмасуының ұзақтығы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет