Жоспар:
1. Техникалық қайта жабдықтау.
2. Техникалық қайта жабдықтау мақсаттары.
3. Қайта жаңғырту.
4. Құрылыс құрылымдарын күшейту.
1. Техникалық қайта жабдықтау – алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды, өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруды, ескірген және физикалық тозған жабдықтардың орнына өндірімі жоғары жаңасына ауыстыру және қайта жаңарту арқылы жекелеген өндірістердің, цехтар мен телімдердің техника экономикалық деңгейін жоғарлату бойынша іс-шаралар кешені, сонымен бірге жалпы зауыттық шаруашылықтар мен қосалқы қызметтерді, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды өндірістік аудандарды ұлғайтпастан саланың техникалық-экономикалық деңгейін жоғарлату жоспарына сәйкес жасалған жоба бойынша жетілдіру.
2. Техникалық қайта жабдықтау мақсаттары
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтаудың мақсаты өндірісті барынша қарқындыландыру, өндірістік қуатты арттыру, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қамтамасыз ету арқылы өнім шығаруды көбейту және оның сапасын жақсарту, жұмыс орындарын азайту, өнімнің материал сыйымдылығы мен өзіндік құнын төмендету, материалдық және отын-энергетикалық қорларды үнемдеу, кәсіпорын жұмысының басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
3. Қайта жаңғырту
Қайта жаңғырту (ғимараттарды, имараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын) - бұл ғимараттардың, имараттардың, коммуникациялардың, олардың бөліктерінің және (немесе) элементтерінің пайдалану көрсеткіштерін олардың қолданыстағы габариттерінде қазіргі заман талабының деңгейіне келтіре отырып тұтыну сапасын жоғарлатумен байланысты жұмыстар мен іс-шаралар кешені.
Қайта жаңғырту ғимараттардың, имараттардың, коммуникациялардың қолданыстағы габариттерінде жүргізілетін қайта құрылымдаудың бір түрі болып табылады. Қайта жаңғырту кезінде жекелеген жайлардың атқаратын қызметін өзгерпестен қайта жоспарлауды өзгерту, баспалдақ, лифт алаңдарын, құбыр желілерін орнату, қылтималарды, лоджияларды орындау, салмақ көтеретін құрылымдардың (қабырғалар, баспалдақтар, ара жабындар, жабындар) жекелеген түрлерін ауыстыру, ғимараттың сәулеттік әрлеуін жақсарту, шатырларды қайта жасау, ғимараттарды жылылау мен шудан оқшаулау, инженерлік жабдықтың жетіспей тұрған түрлерімен жабдықтау немесе оның деңгейін жоғарлату, сыртқы желілерді (магистральдыдан басқасын) қайта жасау іске асырылуы мүмкін.
Ғимаратты техникалық қайта жабдықтауларда және қайта құрылымдауда құрылыс-жинақтау жұмыстары:
Достарыңызбен бөлісу: |