Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Құрылыс құрылымдарын күшейту



бет8/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

4. Құрылыс құрылымдарын күшейту
Құрылыс құрылымдарын күшейту – ғимараттарды салу мен пайдалану үдерісінің ажырамас бөлігі. Құрылымдарды күшейтудің мейлінше жиі кездесетін себептері:
• құрылыс құрылымының салмақ көтеретін, қаттылық және жарылуға тұрақтылық сияқты қасиеттерін төмендетуге алып келген зақымдалуы;
• пайдалану жағдайларын өзгерту;
• құрылымның есептік сұлбасын өзгерту;
• құрылымның сенімділігі мен төзімділігін жоғарлату қажеттілігі;
• жобалау кезіндегі қателіктер.


Дәріс 4. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және оның технологиясы.


Жоспар:
1. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Құрылыс процестерінің технологиясы.


1. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және оның технологиясы –бұл ұйымдастырушыдық және технологиялық құрылыстың негізін анықтайтын ұйымдастырушылық-тәжірибелік сұрақтардың маңызды бөлігі.
Бұл сұрақтар бір-бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады:
−құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру ( негізге еңбектің барлық элементтерін біріктіру, құрылыстағы дайындау және реттеу процессі);
−құрылыс жұмыстарының технологиясы (жүйенің кешенін қарастырады, құрылыстың обьектілерін құруға материалдарды өңдеу және дайындау)
Құрылыс материалдық өндірістің маңызды салаларының бірі. Құрылыстың негізгі тапсырмасы- халықтың үнемі өсіп отыратын керек-жарағын қанағаттан-дыру үшін мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуының негізгі қорларының кеңейтілген өндірісін қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа құрылыс - жаңа алаңдарда алғашқы бекітілген жоба бойынша жүргізілетін ғимарат құрылысы. Егер құрылыс кезінде өзгерістер енгізілсе, онда өзгертілген жоба бойынша құрылысты жалғастыру жаңа құрылысқа жатады.
Күрделі құрылыс – жаңа құрылыс, істеп тұрған өндірісті кеңейту және қалпына келтіру, олардың жаңадан техникалық қарулануы.
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – құрылыс алаңдарындағы жобалау және іздестірудің ғылыми негізі мен маңыздылығын, уақыт пен кеңістіктегі құрылыс процестерін орындаудың өзара байланысын, құрылыстың материалдық– техникалық қамтылуын, өндірісті тиімді жоспарлау мен басқаруды анықтайды. Жалпы құрылыстық, арнайы және дайындық жұмыстарын бөліп қарастыруға болады.
Ғимаратты салу кезінде жұмыстарды кезеңдерге топтастыру қалыптасқан. Құрылыстың дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін бірінші кезеңнің – жерасты кезеңінің жұмыстары орындалады.
Құрылыс алдын ала жасалған жоба бойынша жүргізіледі, онда объекттің негізгі ерекшеліктері анықталады: құрылымдық сызбалары, объект салынатын негізгі материалдар мен бөлшектер, ғимараттың жобалық шешімдері мен басқа да ерекшеліктері. Ғимараттар деп адамның қызметі үшін арналған және салынған жердегі салуларды айтамыз (тұрғын үйлер, фабрикалар, мектептер және т.б.).
Басқа жербеті, жерасты және суасты салулары инженерлік құрылыстар деп, ал оларды салатын жұмысшылар құрылыс түрлеріне байланысты - көпір салушылар, тоннель салушылар және т.б. аталады.
Жұмысты жүргізу әдістеріне ғимараттардың бірқатар құрылымдық ерекшеліктері әсер етеді: бір қабатты, аз және көп қабатты, биіктіктік, кірпішті ірі панельді, ұсақ және ірі блокты және т.б.
Құрылыс өнімі өнеркәсіптік өніммен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие:
- салынып жатқан ғимарат қозғалыссыз бір орында тұрады, ал жұмысшылар объекттер, қабаттар,қабат ішіндегі бөлімшелерде орын ауыстыра алады;
- ғимарат құрылысының ұзақтығы айларды құрайды, кейде жылдарға созылады;
- ғимарат көлемі, өлшемдері, күрделілігі және жұмысты ұйымдастыру дәлдігі бойынша әртүрлі болады;
- құрылыс өнімін жасау процесінде құрылыс ұйымдарынан басқа көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар қатысады (жобалау, тасымалдау ұйымдары, құрылыс материалдарын және бөлшектерін дайындайтын зауыттар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет