Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру түрлері



бет3/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

3. Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру түрлері.
І – ғимараттың орнын ауыстыру: а – параллельді орын ауыстыру; б – ғимаратты бұру;
ІІ – ғимараттың қабаттылығын арттыру: а – қазіргі ғимарат; б – үстінен бір қабат салу; в – бірнеше қабат салу;
ІІІ – ғимараттың жалпы өлшемдерін ұлғайту: а – ішкі аула салу; б – аралықты салу; в – қазіргі ғимаратты екі жақтан салу; г – бүйір қабырғасына жалғап салу;
IV – ғимаратты бұғаттау: а – ғимараттың бүйірлері арасында салу; б– бойлай жақтарының арасынан салу
Ғимараттардың жалпы өлшемдері мен конфигурацияларын ұлғайта отырып қайта құру бірнеше әдістермен орындалады.
Көп қабатты кірпіш ғимараттардың жоспары күрделі болатын ескі ғимараттар үшін ішкі аулаларды салу, сақталып қалатын ғи мараттың екі-үш жағынан құрылыс салу арқылы қайта құру мүмкін болады. Бұл ғимараттың габариттік өлшемдерін және құрылыс тығыздығын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, қолайсыз пайдалану факторларының туындауына әкелуі мүмкін (табиғи жарықтың азаюы, ғимараттың желдетілуі). Бұл кемшіліктер жарық шамдарын орнатумен жойылады.
Ғимараттарды бұғаттау арқылы қайта құру ауқымдарды ұлғайту үшін, сондай-ақ жеке корпустарды технологиялық тұрғыдан байланыстыру үшін орындалады. Бұл параллель тұрған ғимараттардың бойлай қабырғаларының арасындағы алшақтықта құрылыс салу арқылы немесе бір өс бойымен орналасатын екі ғимараттың бүйір қабырғаларының арасына қондырма орнату арқылы жүзеге асырылады.
Дайындық кезеңінде қайта құру жұмыстарын бастар алдында ғылыми-ізденіс жұмыстары (техникалық құжаттаманы жинау, техникалық конструкцияларды зерттеу, конструкциялардың статистикалық және жылу-техникалық есептеулерін тексеру) орындалады және де жобалық құжаттама дайындалады.
1.5.

Дәріс 2. Қайта құру кезіндегі өндірістің ерекшеліктері.


Жоспар:
1. Қайта құрудың ерекшеліктері.
2. Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу түрлері.
3. Ғимарат конструкцияларын жөндеу әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет