Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.9 Mb.
#4270
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Заңтану-тарих” факультеті

“Құқық” кафедрасы


“Қазақстан мемлекеті мен құқық тарихы” пәні бойынша

050301 “Заңтану”

мамандығының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ




Жетісай-2004 ж




Кредит№1
Лекция № 1: ҚР-сы мемлекеті мен құқық тарихының пәні және міндеттері
Жоспар:
1. Қ .Р-сы мемлекеті мен құқық тарихының пәні, әдісі және міндеттері .

2. Қ Р-сы мемлекеті мен тарихы курсының бөлінуі .


1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздікке жеткеніміз Қазақстан алдында өте қүрделі проблеммалардың бір қатарын қойды. Олардың негізгілері болып мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру және саяси, экономикалық реформалар үшін құқықтық базаны құру болды . Дегенмен, осыған суйене қазақтардың мемлекетттілік тарихы тек ХХ ғасырдың басыннан ғана басталды деуге болмайды. Өйткені, шін мәнде, әлеуметтік қатынастарды реттеуші арнайы институттар ретінде еліміздің аумағындағы мемлекет пен құқық біздің заманымызға дейін-ақ пайда болған. Мыңжылдықтар ағысында саяси және құқықтық жуйелер өзгеріп, бірі бірін ауыстырып жатты. Әлбетте бұл ауысулар кез-келгендей емес, бәлкім, танылған нақты заңдылықтарға сәйкес өткен. Дегенмен, Қазақстанда 3 мыңжылдыққа жуық қожайындық еткен ерекше өндіру тәсілі (яғни, жерге қауым меншігі мен маусымдық–жайылым малшаруашылығына негізделген болып), саяси және құқықтық қатынастардың өзгеше қалыптасуына өз әсерін тигізеді.

Мемлекет пен құқық пәндер мен ғылымдардың бір қатарымен зерттеледі. Біз оқып жатқан пән олардың арасында қайсы орынға ие ?

Қ Р-сы мемлекет пен құқық тарихының пәні болып :

-мемлекеттік –құқықтық жүйелердің пайда болу және даму процесі, тарихтың әрқандай кезеңдерінде қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың мәні мен ролі ;



  • көшпелі өндіру тәсілінің ерекшелігімен серттелген мемлекеттік–құқықтық элементтерінің нысандары мен мазмұндарындағы өзгешелік тұрады .

Қ Р-сының мемлекет және құқық тарихы өзіндік зерттеу әдістерге ие: яғни, әдіс дегеніміз бұл қайсы бір затты, құбылысты, оқиғаны зерттеу үшін қолданылатын әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың дәйектілігі, анықталған тәртібі. Мемлекет пен құқық тарихында қолданылатын әдістерді төмендегі топтарға бөлсе болады:

1. Жалпы философиялық, яғни, диалектикалық және метафизикалық әдістер .

2 . Жалпы ғылыми әдістер:

Тарихи әдіс бұл зерттеу объектісінің уақытта қозғаласын, өзгеруін анықтау- шы әдіс.

Логикалық әдіс құбылыстардың ішкі мәнін анықтайды. Одан басқа бұл тапқа абстракция, индукция, дедукция, талдау, синтез, жазып баяндау, өлшеу т. б .

3. Арнайы әдістер: оларға тарихи–салыстырушы, (құбылыстарды ұқсастығы және айырмашылықтары бойынша зерттейді); тарихи–типологи ялық, тарихи-жуйелілік әдістер кіреді .

4 . Жеке әдістер – құбылыстың ол немесе басқа жағын сипаттаушы, белгілерін анықтайтын әдістер.

Объектіні зерттеуде қолданылатын әдістердің бірлестігі тарихи-құқықтық әдістемелікті құрайды .

Мемлекет пен құқық тарихы гуманитарлық ғылымдардың жүйесінде қалай болса, заң ғылымдары арасында да солай, ерекше орынға ие. Өйткені, ол бір жақтан азаматтық тарихпен тығыз байланысты болса, екінші жақтан мемлекет және құқық теориясымен тығыз байланысты. Азаматтық тарихтан оны ажырататыны–мемлекет пен құқық тарихы тарихи процестің тек бір аспектісін ғана зерттейді. Ал, мемлекет және құқық теориясынан оны зерттеу объектісінің өзгеруі уақыт бойынша (мемлекеттер бойынша емес) қаралуы ажыратады. Қазақстан мемлекеті мен құқығы тарихының мәні оның мемлекеттік-құқықтық жүйелердің даму заңдылықтарын ашуында және негіздеуінде болады. Өз кезегінде бұл кәзіргі таңда бар саяси–құқықтық қатынастарды талдау мен түсіндірудің ғана мүмкіндігін емес, бәлкім олардың болашақтағы даму жолдарын болжаудың мүмкіндігін де береді .

Солай етіп, мемлекет пен құқық тарихы мемлекет және құқық теориясымен, сондай-ақ философиялық ғылымдармен бірдей барлық заң пәндердің методологиялық негізін құрайды .


2
Кез-келген тарихи пән сияқты, Қазақстан мемлекет және құқық тарихы да құбылыстар мен оқиғалардың ішкі байланыстары негізінде оларды уақытта бөле алуы тиіс (яғни, оларды қайсы бір дәуірлерге біріктіре білуі қажет). Тек осы жолмен ғана мемлекеттік –құқықтық жуйелердің даму процестерін зерттеу мумкін.

Мұндай дәуір-кезеңдерге бөлудің әр түрлі негіздері болуы мүмкін. Осындай негіз ретінде біздер, біріншіден, мемлекеттердің түрлерінің, бас- қару нысандарының және мемлекеттік құрылыс нысандарының өзгеруін, екіншіден, құқық нормалары жуйесінің дамуын, үшіншіден, Қазақстан аумағында орнықтаған мемлекеттердің халықаралық құқықтық қабілетін түсіне аламыз .

Осы критерийлерге суйене, мемлекетіміз бен құқымыздың тарихында төмендегі кезеңдер ажыратылады:

1. Қазақстан аумағында мемлекет пен құқымыздың туындау қезеңі (дәуірі);

2. Қазақстандағы көшпелі жұртта мемлекеттік–құқықтық жуйелердің даму кезеңі;

3. Қазақстандағы көшпелі жұрттың мемлекеттік–құқықтық жүйелерінің дағдарысы және жоюы.

4. Қазақстанның Ресей және Кеңестік Одақ құрамындағы конституциялық эволюция дәуірі.

5. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік–құқықтық жүйесінің қалыптасу дәуірі.


Лекция № 2 : Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
Жоспар :
1. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс

1
Ғылымға малшаруашылық тайпалардың басқа алғашқы қауымдық тайпалардан ажырау уақыты анық емес. Дегенмен, олардың Сибир, Алтай, Азия халықтарымен этникалық байланысы анықталған факті. Бұл халықтардың тілінде, діндерінде, әдет–ғұрыптарында ұқсастықтары көп.

Басқа жақтан, малшаруашылық тайпалардың егіншілік тайпалармен де ежелгі байланыстары бақыланып отыр. Өйткені, көшпелі малшаруашылыққа қолөнердің, егін шаруашылықтың өнімі қажет болып тұрды. Малөсірушіге керек металл, астық, құрал, мата, құрал-сайман отырықшы халықтардан малға ауыстырылып алынатын еді. Солай етіп, малшаруашылық халық егіншілік мәдениеттіліктің халықтарымен бай- ланысы еңбек бөлудің нәтижесі болып, кейінгі тарихи дамуға бұның әсері өте үлкен болды.

Қазақстан аумағында адам қоғамы дамуының барлық сатыларын бақылап отырса болады–алғашқы қауымдық құрылыстан бастап мемлекет пен құқық құрылуына дейін.

Археологиялық қазбалар көрсеткеніндей, біздің заманымызға дейіңгі П мыңжылдықтың басында адамдар әледе тас құралдарды пайдаланған еді. Біздің заманымызға дейіңгі ХУ1 ғасырлардан мыс және бронзадан істелінген еңбек қаруларына өту басталды.

Андронов түріндегі мекендерде (1914 жылы Ачинск қаласы қасындағы Андроново деревнясының айналасында табылған ) тас пен бронзадан жасалған көп еңбек құралы мен қару табылды. Бұл олжаларға сүйеніп, ол замандағы тайпалар балық, аң аулаумен шұғыл болғандарын болжаса болады. Дегенмен, малшаруашылығы негізгі шаруашылыққа ай- нала бастап, б.з.д. П мыңжылдықтың соңы- 1 мыңжылдықтың басында дала аумағындағы халық шаруашылықтың жаңа түріне көшпелі малшаруашылыққа өтеді.

Қазақстанның дала аумақтарын меңгеріп малшы тайпалар көптеген жүзжылдықтар ағысында алғашқы қауымдық құрылысты сақтап келді. Жер, мал жүзілік және тайпалық қауымдардың меншігінде еді. Жүздердің, тайпалардың басшылары халық жиналысында сайланып, басшылықты қоғамдық қызмет есебінде атқарып отырған: жайлым жерді бөлу, әскерлерге жетекшілік ету, сот жүргізу. Осындай түрдегі қауымдардың қоныс жерлері бүкіл Қазақстан бойнша табылуда.

Малшаруашылықтың дамуы малдар мен падаларға жеке меншік туындауына, адамдар байлар мен кедейлерге бөлінуіне әкеп соқты. Бұл бөліну малы жоқ адамдарды қанауға мүмкіндік туғызды.

Солай етіп, малшаруашылық тайпалардың алғашқы қауымдық құрылыстағы басқа тайпалардың қатарынан бөлінуіне, оларда жеке меншік пен таптардың пайда болуына әкеп соқты. Дегенмен, көп ғасырлар бойы таптар жүзілік ұжым қалпында бірге өмір сүріп келді. Жай-жай мал иелері жүздегі, тайпадағы негізгі лауазымдарды өз қолодарына ала бастады. Сонымен, қауым екі тарапқа, таптарға бөлінуі таптық шиеленісудің шарасыз күшеюіне әкеп соқты. Бұл өз кезегінде, мемлекеттіліктің бірінші бастаулары пайда болуына әкеп соқты. Малшаруашылық үшін жайылымдарды бөлу қызметі ру, тайпа атынан олардың көсемдерімен жұзеге асырылды. Бұл қызмет көсемдердің халыққа өз билігін өткізудің амалына айналып қалды. Көшпелі тұрмыстың егіншілік тұрмыс алдында әскери үстемдігін қолдану Қытай, Орта Азия, Русь елдерін жаулап алу кезінде-осы көсемдердің және де баюына, билігі артуына әкеп соғады. Малөсіруші аристократияның мүддесін қорғау, халық үстінен оның таптық артықшылығын нығайту, бүкіл көшпелі қоғамның жайылымдардан қажеттілігін қандыру, оларды маусымдық тура бөлу, көшпелі халық үшін өмірлік қажет болған егіншілік халықтармен тұрақты айырбастауды қамтамасыз ету, сыртқы жаулардан қорғау, тағы басқа да қызметтер мемлекетке дейіңгі институттармен (ру-тайпалық ұжымдармен) толық орындалуы мемлекеттілік қалыптасуын көп ғасырларға артқа сүрілуіне, созылуына себеп болады.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылысының ыдырауы ұзақ дәуірге созылды. Бұл дәуір әскери демократия дәуірі деп аталды. Бұл кезеңде тайпа адамдарды тек шаруашылық ұйымдастыру нысаны ғана болмай, бәлкім қоғамдық билік ұйымына да айналады. Мұнда биліктің арнайы органдары -тайпа кеңесі, жоғарғы көсем, қолбасшы пайда болады. Біздің заманымызға дейінгі У1-Ш ғасырларда Қазақстан және Орта Азия аумағында ең ірі болып сақ, массагет және сармат тайпалары тұрды. Дәл осы тайпалардың қатысуымен б.з.д. У1-Ш ғасырлардағы ең маңызды тарихи оқиғалар өтеді.


Лекция № 3: Қазақстан аумағындағы әскери, саяси одақтар.
Жоспар:


    1. Қазақстан аумағындағы әскери, саяси одақтар.

Үйсұн , қаңлы , ғұндардың әскери демократиясы:

Ежелгі Қазақстанның тарихында б.з.д. Ш ғ. – Ш ғасырға дейін қоныстаған үйсұн, қаңлы, сондай-ақ б.з.д. П-1 ғасырларда Монголиядан Қазақстан ау- мағына бастырып кірген ғұндардың көшпелі тайпалары (түркі халықтардың бастауы) өздерінің іздерін қалдырады. Оларда мемлекеттіліктің бастаулары байқалып тұрғанымен, қоғам ұйымдастырудың негізінде ру, тайпа, тайпалар одағы жатқан еді. Оларда ұйымдасқан әскери ұжым да ( әскери сияқты) жоқ еді. Әскери қүшінің негізін қаруланған халық құрайтын еді.

Қазақ, өзбек, түркпендер жоғарыда айтылған үйсұн, қаңлы және басқа да түркі тайпалардың ұрпағы болады.

Қазақстан аумағындағы (У1 – УШ ғ.ғ. –дағы) батыс түркі қағанат:

Жайлымдарды жыл маусымдары бойынша дұрыс бөлудің біртұтас билік болмағаны, рулар мен тайпалар арасында тұрақты соғылысулар болуына, егіншілік халықпен дұрыс айырбастаудағы қиыншылықтарға әкеп соқты.

Сондықтан, тайпалардың тұрақты саяси одақтарға бірігуі жалпы халықтың мүддесіне қалай болса, артықшылығы бар әлеуметтік топтардың мүддесіне де солай сәйкес келді. Мұның нәтижесінде У1 ғасыр орталарында Түркі қағанат құрылды. Оның дамуы Байкал көлі мен Қара Теңіз арасындағы тайпалар, сондай-ақ Орта Азияның егіншілік аудандары қағанаттың құрамына қосылуына әкеп соғады. Мұншалық ірі бірлестік Орта Азиядағы көшпелі тайпалардың Қытай, Иран және Византиямен халықаралық экономикалық және мәдениеттік байланыстардың пайда болуына және дамуына әкеп соқты. Оның құрамына тек көшпелі малөсірушілер ғана емес, бәлкім Алтайдағы металл (темір), Жеті Судағы нан мен қолөнер өнімдерін шығаратын тайпаларда кіреді. Олардың арасындағы айырбастау жеке меншіктің нығаюы, Орта Азия, Қытай, Жеті Су жерлерімен экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының тұрақтылығын серттейді.

Халықтың басым бөлігін “ қара будун”дар құрайды. Жартылай тәу-елді “тат”тар, яғни, өзінің шаруашылығы жоқ адамдарда пайда бола бас- тайды. Олар байлардың – бектердің, тархандардың ) қолында қызметкер болады. Олардан басқа әскери тұтқындардан құлдар да бар еді. Халықтан бөлініп тайпалық, рулық ақсуйектер шығады. Олардың ішінен сот қызметін орындайтын тархан, буруктар және көсемдер-бектер болып шықты. Қаған-ның нөкерлеріндей “оғландар” да ақсүйектерге жататын еді. Олар дербес әскери күштің негізін құрайтын еді.

Меншіктің қожайындық етуші нысаны болып малға отбасылық меншік еді. Отбасылар ұрыққа, ұрықтар тайпаларға бірлескен. Сол кезде ақсүйектер мен қаралардың сословиелері пайда болады.

Қаған билігінің тіреуі болып әскери дружина (“оғландар”) тұратын еді. Олар қағанның жай халық үстіннен билігін өткізу құралы болып қалып-тасады. Жаулап алынған жерлерді басқаратын адамдар қаған мен тағайындалатын болып, оның туысқандарыннан тұрған (“ябғу” ). Солай етіп, әскери дружиналардың (тұрақты негізде қызмет ететін), қызметтері шінеуніктердің қызметіндей болатын “ябғу” лауазымдар пайда болуы, қаға-нат аумағы “тудун”дармен (басқарушылармен) басқарылатын 6 округке бөлінуі, қағанатта мемлекеттіліктің нығаюы мен ру-тайпалық құрылыс ыдырауына әкеп соқты. Бұл ертефеодалдық мемлекет пайда болына негіз салды. Құқығында меншік, отбасылық, қылмыстық құқықтардың бастамалары қалыптасқан еді. Қағанат қөпсанды дара шаруашылық өмірін сүрген тайпалардан құрылуы оның ішкі және сыртқы әлсіздігін серттеді.

УШ ғасырдың басында, қағанаттың бір бөлігі шетелдік жаулап алушылардың қолына өткеннен кейін, басталған халық көтерілістердің нәтижесінде қағанат құлайды. Қазақстанның барлық аумағында билік жаңа- дан қалыптасқан тайпалық бірлестіктердің–тюргештер мен қарлұқтар ақсүйектерінің қолына өтеді. Дегенмен, бұл кезеңде де отырықшы халық пен көшпелі тайпалар арасындағы экономикалық байланыстар нығаюімен сипатталады. Кәзіргі Қазақстанның оңтүстік аумақтарында егіншілік және қолөнер орталығы болған қалалар феодалдық қатынастардың қалыптасуына негіз болады. Бұган жаңа ислам діні де өз үлесін қосады. Бұл дәуірде шаруашылық немесе мемлекеттік құрылыста айтарлық өзгерістер болмады.

УШ –Х1 ғасырларда Қазақстан аумағындағы қимақ пен қыпшақ- тардың саяси одақтары:

Батыс түркі қағанат ыдырауыннан кейін түркі тайпалардың жаңа этносая-саттық одақтары пайда болады. Бұлардың бірі Ертіс өзеңі жағасында 7 тайпадан– қимақ, татар, қыпшақтардан құрылған әскери–саяси одақ бо-лып қалыптасады. Бұл аумақта қала-бекіністер пайда болып, олар сауда мен қолөнердің, әкімшілік және экономикалық орталықтарына айналады. Қимақ мемлекеттілігінің ертефеодалдық нысаны солай қалыптасты. Елбасы 1Х –Х ғасырлар басында хақан (хан) деп атала бастады. Мемлекет 11 үлесті жерге бөлініп, әр бірі хақанмен тағайындалған (немесе онымен бекітілген) басқарушы басқарған. Бұл басшылардың негізгі қызметі болып әскери басшылық пен әкімшілік–сот қызметі тұрды. Олар салық есебінен тұрақты әскери бірліктерін ұстауы тиіс еді. Осы жолмен қалыптасқан қыпшақ одағының аумағы кеңейіп, Дешті- Қыпшақ жері деген атақ алды. Оларда егіншілікпен де, малшаруашылықпен де шұгылданатын халқы бар еді. Жер мен малға жеке меншік қалыптасты. Дегенмен, жайылымдар қоғамдық меншікте қалып, оларды бөлу, қарау құқығы тайпалық бектердің қолында болды.

Хан билігі атадан балаға мұра ретінде өтті.

Қараханидтердің феодалдық мемлекеті:

Х ғасыр орталарында Жетісу және Шығыс Түркістанда Қараханидтер мемлекеті пайда болады. Ол кәзіргі Қазақстанның оңтүстік –шығыс және оңтустік аудандарында орналасқан болып, халқы экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығын жүргізді. Х1-ХП ғасырларда тайпа-лар егіншілікке, қала мәдениеттілігіне өте бастады. Мемлекет бұл процесті қолдай отырды, егіншілердің мәртебесін асырып, қолайлықтар жасап отырды.

Мемлекет басқару жуйесі әскери күшті негізге ала құрылған еді. Хан өзінің туыстары мен жақындарына отырықшы жер халқынан салық жинау құқығын беріп, оның шақыруына оларды әскери қызметке өз адамдарымен (атты, қаруланған адамдарымен) жетіп келуін міндетті еткен еді. Осы құқық пен міндетке ие адамдар “ иктидар” атағын алды. Жерлерін өз қолын-дағы шаруаларға жалға берілуі қалыптасты. Бас қолбасшылық хан қолында болғанымен, оның билігі жергілікті ірі бектермен шектелетін еді. Осы бектер өз аумағында әкімшілік, сот және әскери билікті жүзеге асыратын еді. Жалпы айтқанда, Қараханидтер мемлекетінің негізі феодалдық құрылыс болған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет