Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Лекция № 4 Сақ тайпаларының қоғамдық саяси құрылысы



бет4/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.9 Mb.
#4270
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция № 4 Сақ тайпаларының қоғамдық саяси құрылысы

Қазақстан мен Орта Азия территориясын б.э.д. VIII-Ш ғасырларда мекендеген сақ тайпалары әскери демократияның гулдену және мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Осы VIII-VII ғасырларда Қазақстан даласын мекендеген тайпалардың өмірінде ірі бетбұрыс, өзгсріс туғызған темірді пайдалану және толық көшленділік өмірге өту сияқты елеулі оқиғалар болды. Темірді пайдалану өндірісте үлкен төңкеріс жасады. Темірден түрлі қару-жарақтар мен өндіріс құралдары жасалды. Мал саны барынша молайып бір жерге симаған соң көшпелі өмірге өтуге тура келді. Саны мол малды сыртқы жаудан қорғаудың қажеттілігі туды. Мал бай адамлардың қолына шоғырланды. Екінші жағынан малы аз, бай мал иелеріне тәуелді ру мүшелері пайда болды. Кедейленген қоғам мүшелерінің бір бөлігі көшіп жүрсе, екінші бөлігі жер шаруашылығымен айналысты.

Көшпелі өмір мал бағу мен оны қорғау үшін жылқыны мініс құралы ретінде пайдалануға кеңінен жол ашты. Мұның өзі садақ пен найзамен қаруланған топтардан тұратын атты әскердің пайда болуына әкелді. Көшпелі малшы тайпалардың өмірі алғашқы кезден-ақ жаппай қаруланған қоғамға ұқсайтын.

"Алтын адам" дәуіріндегі және онан кейінгі сақ, тайпаларында мемлекеттің белгілері болғанын көреміз. Ең алдымен рулардың үлкен тайпаларға, тайпалар үлкен тайпалық, одақтарға бірікті. Осы тайпалық одақтар алғашқы мемлекеттік құрылымдар болды. Себебі оларды көсемдер немесе сақтардың патшалары басқарды. Сақ патшалары әскер басы болып саналып, соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді. Сақ, тайпаларындағы патшалық билік тек бір рудың қолында болды деп есептеуге болады. Кейде патшалардың рөлінде әйелдердің де болғанын көреміз. Есік қорғанынан та6ылған"Алтын адам" аталып кеткен сақтардың патшазадасы оларда мемлекеттік институттың көп белгілерінің болғаның көрсетеді. Сондай-ақ парсылардың әйгілі Кир патшасын талқандаған массагеттердің көсемі Томиристің де патшалығының мемлекеттік құрылымы белгілерінің болғанын байқауға болады.

Іргелес елдер мен парсылардың шабуылы, кейінірек А.Македонскийдің әскерінің шапқыншылығы, тағы басқа көршілердің басып кірулері де сақтайпаларында мемлекеттің күшеюіне, әсіресе сыртқы жаудан ұйымдасып қорғануға басты себеп болғаның көреміз.

Сақтар қоғамында көсемдерге әлі де болса халық жиналысымен есептесуге тура келген. Б.э.д. IV-Ш ғасырларда сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі — жазу пайда болған. Жазудың пайда болуы адамзат өркениетінің ең зор жетістіктерінің де бірі еді. Ал жазу мемлекеттік қарым-қатынастың даму қажеттілігінен туатыны белгілі.

Қазақстан жерінде мекендеген алғашқы көшпелі тайпалар одағының бірлестігі сақтар алғашқы қауымның ыдырау, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу дәуірі — әскери демократия кезеңінде өмір сүрді. Сонымен қатар сақтарда мемлекеттің қалыптасу белгілері де кеңінен кездесті. Көшпелілік өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сактар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократия мен шектелген құрылым болды.

Лекция № 5 Ежелгі ғұндардың мемлекеті
Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі — ғұндардың мемлекеті. Бұл көшпелі тайпалар мемлекеттігінін алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Ғұн тайпалары қазіргі Оңтүстік Маньчжурия, Оңтүстік Монголия жерінде б.э.д-II мың жылдықтың соңы I мыңыншы жылдықтың басында көшпелі тайпалар ретінде қалыптасты. Көшпелі ғұндар отырықшы қытайларға күйрете шабуыл жасап тұрды. Садақпен, найзамен қаруланған, атгы әскерлі ғұндар жаяу кытайларды беттетпеді. Ғұндар қытайлармен мәдени, бейбіт қарым-қатынаста да болды. Көне қытай тарихшылары Сыма Цянь (б.э.д. 135-67 ж.ж.) ғұндардың сулы және шалғынды жерді іздеп малмен бір қоныстан екінші қонысқа көшіп отыратынын, тұрақты мекенді білмейтінін, шығатын есігі шығысқа қараған киіз үйлерде тұратынын, етпен тамақтанып, қымыз ішіп, киімді әртүрлі жүн маталардан жасайтын, кім күшті, батыл, даулы мәселелерді шешуге қабілетті болса, соларды басшы қоятынына назар аударады. Мұрагерлік дегенді білмейтінін, жүзден мыңға дейінгі жұрты қауым құратынын, басшыларынан бастап соңы бағынышты адамына дейін әркім өз малын өзі бағатынын, біреу-біреугс қызмет жасамайтынын, әйелдің пікірін тыңдайтынын, соғыстарға ерекше көңіл бөлетінін жазады ол. Бұл деректен ғұндардың әлі де таптық қоғамды білмейтін әскери демократия сатысында өмір сүргенін байқауға болады.

Б.э.д. IVғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өзінін. қарсыласы ретіндс атап, олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. Ғұндардың батыстағы көршілері сақтар екендігі айтылады.

Б.э.д. III ғасырдың басында ғұңдар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын "шанью" деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын "тәңірқұты" деп атаған. Тауманнан соң ғұндардың тәңірқұты болған оның ұлы Мөде мемлекетті мейлінше күшейтті. Ол көрші тайпаларды дунқуларды, үйсіндерді, лауфань және байян тайпаларын бағындырып, Қытайға ауыз салды. Хань династиясы билеп тұрған қытай әскері б.э.д. 200 жылы ғұндардан ойсырай жеңілді. өзі соғыс бастаган Қытай императоры Мөде бастаған ғұндардан бейбіт келісім сұрап, Қытай императорының қызын қалындыққа беріп, алым төлеп тұруға міндеттенеді. Мөденің мұрагері тәңірқұты Лаошанның кезінде ғұндар ширек ғасыр бойы юэчжилермен соғысып, оларды Орта Азияға шегіндірді. Ғұндардын кейінгі тэңірқұтылары да Қытайдан бағалы сыйластар, алым алып, ханшаларын қалыңдыққа алып отырды.

Б.э.д. 59 жылы ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдын қол астына кіруге мәжбүр болды. Солтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, онан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар осы өңірде аландармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

Б.э.д. IV ғасырында ғұндар Батыс Европаға басып кірді. Ғұн жауынгерлері Констаитинопольды қоршады, Закавказье мен Месопотамияға жетті. Батыс Рим империясының. құлауына да ғұндар ерекше үлес қосты. Ғұндардың дәуірлеуі император Аттиланның (Еділдің) атымен байланысты. Византші ғұндарға алым төлеп тұрды. V ғасырдың ортасында ғұндар империясы тарады.

Ғұндар Амур өзенінен Орталық Европаға дейін созылып жатқан далада алғашқы Евразиялық көшпслі империя құрды. Осы ұлы даланы жарты мың жылдан астам билеп-төстеп тұрды. Ғұндардан қорғануға мәжбүр болған қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын соғып, өздерін сақтап қалды. Ғұндардың жорықтары "халықтардың ұлы қоныс аударуына" себеп болды.

Осыншама үлкен аумақты алып жатқан ғұн империясында дамыған мемлекеттік құрылыстын болғаны белгілі. әрине ғұн мемлекетінің көп жақтары бізге балгісіз.

Ғұндардың императорын тәңірқұты, қытайша шанью деп атады. Императорлар тек ең атақты басшылық етуші төрт тайпаның бірі — Люанди тайпасынан сайланатын. Осы аристократтық болып есептелетін төрт тайпа тек бір-бірімен қыз алысып, қыз берісетін. Мемлекеттік билікте де осы тайпалардың өкілдері отырды.

Ғұн патшасы тәңірқұтыны "аспан ұлы", "Аспан мен Жерден жаратылған", "Күн мен Ай" таққа әкелген ұлы тәңірқұты деп атайтын. Тәңірқұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін. Тәңіркұтының мықты орталықтанған мемлекеттік аппараты, толып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды. Тәңірқұтының билігі шексіз болған. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын.

Ғұн қоғамы әскериленген қоғам болды. әрбір қоғам мүшесі кез келген уакытта, садағын асынып, атына мініп елін қорғауға немесе жорықка шығуға дайын тұратын. Ғұнның әрбір ер азаматы бала кезінен өлгенше әскери міндетті болып, белгілі бір әскери бөлімде есепте тұрды. әскерден қашу өлім жазасымен жазаланатын.

Ғұндардың орасан мол әскері болды. өздері жаулап алған жерлердің бәрінде 24 тайпадан тұратын ғұндар артықшылыкпен пайдаланды. Бұл таза ғұндар әскердің негізін құрды. Осы 24 ғұн тайпасының әрқайсында ең кемі 10 мың адамнан тұратын әскері болды. 1О мың әскердін басшысын түменбасы деп атады. Түменбасыларды тәңірқұтының өзі жақын ағайындарынан тағайындады. Тәңірқұтының жанында сол қол және оң қолын басқарып отыратын лауазым иелері — көмекшілері болды. Сол қол және оң қол иелері елдің Батыс және Шығыс бөліктерін биледі. Сондай-ақ олар әскердің сол қанаты мен оң қанатын басқарді. Сол қол және оң қол иелері тәңірқұтының ұлдары немесе жақын туыстары ішінен тағайындалатын.

Түменбасылар, сондай-ақ белгілі бір үлкен территориялардың әкімшілік басшысы да болып есептелді. Оған сол территорияның халқы түгелдей бағынды. Түменбасылар өз кезегінде өзіне бағынышты әскер ішінен мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларын тағайындады және оларға басқаруға белгілі бір территория мен халықты берді.

Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дсйін түгелдей әскери және азаматтық биліктің жымдасқан үлгісі болды. Тәңірқұтының деспотиялық билігіне негізделген мемлекеттік аппарат тоқтаусыз жұмыс істеді. Оның үстіне ғұндардың империясы аса бай мемлекет болды. Ғалымдардың есептеуі бойынша гүлденген дәуірде әр адамға 19 бас мал, күйзеліске ұшыраған кездс 5-9 бас малдан келген. Оның үстіне ғұндарға жаулап алған елдерден алым-салық пен сыйлықтар үзіліссіз ағылып келіп жатты.

Ғұндардың құқықтық жүйесі туралы деректер тым мардымсыз. Мал отбасының меншігі болған. әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әменгерлік жүйе өмір сүрген. Күйеуі өлгсн жесір сол әулеттің біріне тұрмысқа шыққан. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін. Ұрының отбасы (әсіресе мал ұрлағаны үшін) Құлдыққа салынатын.

Бұдан ғұндарда әдет-ғұрып құқығының қолданылғаның байқауға болады.

Ғұн мемлекетінде олардың артықшылығын дәріптейтін, қоғам мүшелерін дүниежүзіңде үстемдік орнатуға тәрбиелейтін ерекше тәлім-тәрбие жұмысы тұрақты жүріп отырған. Бұл орайда ғұндардың Тәңірге табынған діни сенімі де үлкен рөл ойнаған. Осының арқасында ғұндар тарихта алғашқылардың бірі болып әлемдік дәрежедегі империя құрып, бірнеше ғасырлар бойы Евразия даласын емін-еркін билеп төстеді.

Ғүндар көшпелілік оркениетке негізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғүрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып құқығының негізін салды.



Лекция № 6 Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.

Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дүнхуаң және Чилан тауы аралығынан б.э.д. II ғасырда шамамен 160 жылдары көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Үйсіндердің мұнда көшуіне ұлы иозылардың қысымы себеп болса керек. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.

Көне Қытайдың "Хан патшалығы тарихы Жаң Чиан өмірбаяны тарауында "үйсіндерді" ханы күнму (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дүнхуаң аралығындағы ұлы иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің иесі екен" деген дерек бар. Бұл деректен үйсіндердің Жетісуға келмей тұрып та мемлекеті болғанын көреміз.

Ұлы иозылар — юсчжилер б.э.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Чилан мен Дунхуан аралығын мекендеген көшпелі тайпалар. Олар ғүндардың шабуылдарынан соң Жетісу мен Қазақстанға қоныс аударын, жергілікті тайпаларға сіңісіп кеткен. Кейін олардың бір бөлігі үисіндерге сіңіскен. Кейбір зерттеушілер ұлы Жүздің атауын осы ұлы иозылармен байланыстырады.

Үйсін ұлысы іле өзені өңіріне келіп орныққан соң өркен жайып гүлденеді, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет кұрады. Үйсін елінің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте Ыстық көлге дейінгі өңірді қамтыды.

Үйсіннің елбасшысын Қытай деректерінде гуньмо (күнби, күнбегі) деп атаған. Мемлекеттің астанасы Ыстықкөлдің жағасындағы Чигучек (кейбір деректердегі Чйгу, Чичу) атты бекінісі бар қала болған.

Үйсіндер көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ішінара егін салып, қалаларда да тұрған. Ұлы жібек жолы осы Үйсін мемлекеті арқылы өтксн.

Үйсіндер үнемі көрші мемлекеттермен соғыс жағдайында болған. Үйсіндердің соғысқан елдерінің ішінде ғүндар, ұлы иозылар және Қытай болған. Үйсіндер көршісі Қаңлы мемлекетімен де қақтығыста болған. Мұндай жағдай үлкен әскер ұстауға себеп болды. Кемеліне кепіл дәуірлеген кездс үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 сайлауыт әскер болды дейді деректер. Қытай деректері үйсіндердің ол кезеңдегі батыс өңіріндегі барлық мемле-кегтен адам саны жағынан үш есе, әскер саны жағынан біржарым есе үлкен екендігін жазып "үйсіндер батыс өңіріндегі аса құдіретті мемлекет" деп көрсетеді.

Үйсін мемлекетінің басшысы күнби болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырған. Тіпті таққа отыру үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер де жиі болып тұрған.

Қытайдың хан әулетінің патшалығы ғұндарға қарсы әскери одақ құру үшін үйсіндерді озіне тартады. Б.э.д. 109 жылы хан патшалығы Үйсіннің хунбиі Елжау биге елші жіберіп, көп сый-сиапатпен қоса императордың қызын қалыңдыққа береді. Онан кейін Үйсін күнбиі Жонші би де Қытай императорының отбасынан қыз алады. Мұның өзі Үйсін мемлекетінің маңызын көрсететін тарихи оқиғалар болды.

Б.э.д. 53 жылы Үйсін мемлекетінде патшалық тақ үшін күрес басталып мемлекет үлкен күнбилік және кіші күнбилік деп екіге бөлінеді. Үлкен күнбилікті оңгүстік иелік, кіші күнбилікгі солтүстік иелік деп атайды. Екі иеліктің арасындағы тақталасы үйсін қоғамын әбден әлсіретті.

Б.э.д. 20-жылы күнби Силы би үйсін мемлекетін қайта біріктірді. Ұзамай тақ, таласы қайта жалғасты.

Үйсін мемлекетінің саяси құрылысы. Мемлекетті күнби басқарды, Күнби елдегі азаматтық және әскери билікті қолында ұстады. әскердің бас қолбасшысы да болды. Ол ру мен тайпаларға көшіп-қону бағыттарын белгіледі. Ру мен тайпаларды күнби тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл Үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әскери-әкімшілік бөлікке бөлінді. Соғыс жағдайында оң қанат пен сол қанатты екі қолбасшы басқарса, күнбидің өзі ортада болып басшылық етті.

Үйсін мемлекетінің мынадай басқару жүйесі болған. Мемлекеттің басында жеке дара билеуші, билігі мұрагерлікке қалдырылатын күнби отырды. Онан соң дулы деп аталатын әкімшілік бастығы отырды. Оны күнби тағайындап, орнынан алатын.

Сол қанат қолбасы және оң қанат қолбасы деп аталатын екі қолбасшы болды. Күнбидің өзі бас қолбасшы болған соң, әскердегі онан кейінгі билік сол қанат қолбасшыда болды. Ол күнби жоқта бүкіл әскерге басшылық етті. Сондай-ақ Үйсін мемлекетінің жергілікті басшылықты жүзеге асыратын лауазым иелері де болды.

Жалпы Үйсін мемлекетіндс біршама дамыған, орталықтанған аппараты да, жергілікті билік органдары да бар көшпелі қоғамға лайықты ықшам басқару органдары болды.

Үйсін қоғамы таптық қоғам болды. Мұнда әлеуметтік теңсіздік орын алды. Археологиялық деректер үйсіндерде жеке меншікті болғандығын және әлеуметтік теңсіздіктің болғанын дәлелдейді. Үлкен және ішінде мүліктері мол молаларға күнбилср, қолбасшылар т.б. ақсүйектердің жерленгенін, орташа молаларда ру-тайпа басшыларының, батырлардың жерленгенін айғақтайды, ал қарапайым молаларға қатардағы адамдар жерленген.

Қаңлылар мемлекеті. Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Қаңлыларды қытай деректерінде "Кангюй", "Канғар", "Кенріс" деп те атаған.

Қытайдың "Сүй патшалығының тарихы. Батыс өңір шежіресі. Каңлытарауында". Олардың ханы ұлы иозылардың уын руынан шыққан. Оның бұрынғы мекені Чилан тауының солтүстігіндегі Жаүу қаласында еді. Бұларды ғүндар талқандаған, осыдан соң батысқа қоныс аударған" делінген, Осылай б.э.д. III ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.

Б.э.д. ІІІ ғасыларда қанлылар үлкен мемлекетке айналады. "Хан патшалығы шежіресі. Батыс өңірі шежіресінде: "Қаңлы елінің 200 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскері барын" жазады5. Онан кейінгі кезде қанлылар тіпті күшейіп, оның, қасындағы көптеген елдердің қаңлыларға бағынғандығы айтылады қытай деректерінде.

Қытай патшалығы қаңлы елімен елші алысып, сауда-саттық, мәдени, дипломатиялық, қарым-қатынаста болған.

Осы кезеңдерде қаңлылар ғұндармен, онан соң үйсіндермен тағы басқа көршілермен соғысып сонан соң бітісіп тұрған.

Қаңлылардың шаруашылығының негізі көшпелі мал шаруашылығы болды. Азын-аулақ егін екті. Қаңлылардың қалалары болған. Қаңлы мемлекетінің астанасы Битян қаласы Сырдарияның орта шенінде орналасқан.

Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны "ябгу", "жабгу" деп атайды. Ханның билігі азаматтық істерге де әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.

Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғаны туралы айтылады. "Олардың заңы хан сарайында сакталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады. Одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі. Ұрлық істегендердің қолы кесіледі" делінген олардың заңында6.

Қаңлылар мемлекеті тарихымызда үлкен орын алады. Олар Казақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым кұрып, Мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.

Қаңлылар мен үйсіндер еліміздің территориясындағы ең ежелгі тайпалардың бірі болғанынан тарихтың аумалы-төкпелі сұрапыл кезеңдерінде жойылып, болмаса басқа халықтарға сіңісіп кетпей, кейінірек қазақ халқын құраған тайпалардың қатарында болып, өз атауларын осы күнге дейін сактап қалды.


Лекция № 7 Наймандар мен керейлердің ұлыстары.
Алтай, Ертіс, Моңғолия жеріне созылып жатты. Наймандар мен керейлер қатар жатқан кошпелі тайпалар. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе бастады да көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Алғашында наймандар мен керейлер бірғе болған. Олардың бірлескен ханы далай — хан деп аталды. 1092 жылы керейлер мен наймандар Ляо империясының құрамына еніп, оның құрамында 1125 жылға дейін болды.

1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын құрды. Керей хандығы ванхан деғен атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде, наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды.

Керейдің ханы Тоғарыл (1171-1203) қытаймен жақсы катынаста болып, Шыңғыс ханның нығайуына көп жәрдем берді. Бірақ кейін өзі Шыңғыс ханның әскерінің соққысынан қирады.

Наймандардың ханы Таян және оның ұлы Күшлік хан да моңғолдармен соғысты. Шыңғыс хан әскерінен шеғінғен Күшліктің әскері 1212 жылы Жетісуға басып кіріп қара-қытайлардан билікті тартып алды. Күшлік ханның биліғі Шыңғыс ханның әскері 1218 жылы Жетісуға басып кірғенше созылды.

Наймандар мен керейлердің саяси құрылысы ұксас болды. Олардың мемлекеттері басында тікелей атадан балаға мұраға беріліп отыратын хан отырды. Ру-тайпа басшыларын хан тағайындады. Қоғам өмірі мейлінше әскерилендірілді.

Керейлер мен наймаңдардың шаруашылығының негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болып, малға жеке меншік болды.



Лекция № 8: Қазақстанда монголдардың қожайындық дәуірі.
Жоспар:
1. Қазақстанда монголдардың қожайындық дәуірі.

1
Казақстанның аумағы Қытай, Орта Азия, Русь елдері сияқты ХП ғасырдың басында монголдардың жорығына дұшар болды. ХП ғасырдың ақыры мен ХШ ғасырдың басы аралығында монгол феодалдарының өзара соғысу нәтижесінде көшпелі тайпалардың күшті бірлестігі пайда болады. Оның әскери құдіретін монгол феодалдары мен Шынғыс–хан басқа елдерді жаулап алу үшін пайдаланды. Монголдардың арасындағы таптық қайшылықтарды олар басқа елдерді жаулап алу есебінен шешіп отырды. Шынғысханның жорығына Шығыс және Еуропа елдеріндегі қалыптасқан жағдай, сондай-ақ Қытай, Русь, Орта Азияда орталықтандырылған құдіретті мемлекеттер болмағаны, олардағы феодалдық быдыраңқылық қолайлы жағдай жаратты. Бұдан басқа, монголдар мен оларға қосылған көшпелі халықтар басқа отырықшы дамыған халықтардың алдында өте маңызды үстемдікке – яғни, көпсанды жылжымалы атты әскерилерге – ие еді.

1215 жылы Шынғысханның әскерлері Солтүстік Қытайды жаулап алды. 1219 – 1221 жылдары олар Жетысу мен Орта Азиядағы Хорезм-шах Мухамедтің иелігін талқандап, сол жердегі жерсуландыру жуйелері мен қалаларды толық жойды. 1223 жылы монголдар Кавказ бойы аса қиратқыш жорықты жүзеге асырды. Осы жылы олар бірінші мәрте батыс қыпшақтар мен орыстардың әскерилеріне кездесті.

Русьті жаулап алу 1237-1254 жылдары шынғысхан ұрпақтарымен Бату мен Берке дәуірінде амалға асты. Дегенмен, орыстардың күшті қарсы-лығы нәтижесінде монголдар өз шабуыл құдіретін жоғалтады.

Орта Азия, Жетісу, әрі батысқа қарай жорықтары кезінде монголдар кәзіргі Қазақстанның дала аймақтары арқылы өтті. Қырғын қарсылықпен өткен күрес нәтижесінде олар Шығыс және Батыс Қазақстанның халықтарын, олардың ішінде қыпшақтарды да өздеріне бағындыруға жетті.

1206 жылы Шынгысхан өткен ұлы Құрылтайда барлық монгол-дардың ұлы ханы деп жарияланды. Осыдан пайдаланып, Шынғысхан әдеттегі рулық ақсақалдар мен мирастық көсемдердің дербестігін шектеді. Ол басқа-ру жуйесіне әскери-ондық элементтерді еңгізді: барлық монгол тайпалары ондық, жүздік, мыңдық және қөптерге (тьма) бөлінді. Бұл әскери бөлімшелерді бектер, нойяндар, яғни, Шынғысханның жақын –туыстары басқарды. Бұл әскери бірлестіктерге куймелі арбалардың белгілі саны бекітілген еді. Олардан белгілі әскер саны қамтамасыз етілуі тиіс еді.

Бұл әскери бірліктер тек ханның өзі ғана белгілеген аумақтарда бо-луы мүмкін еді. Шынғысханның шығарған “Яссы” заңдар жинағы бойынша бұл ережелерді бұзғандар өлім жазасына тартылған. Шынғысханның осылай орнатылған жеке билігінің тіреуі болып таңдаулы атты әскерлердің мыңдығы тұрды. Сөйтіп, феодалдық мемлекеттің арнайы өте агрессивті нысаны түзілді. Басқару үшін бұл империя ұлыстарға бөлінді.

Қәзіргі Қазақстанның аумағында тұрған халық шынғысханның екі баласы: оңтустік –шығыс ұлұсы (Шағатай ұлұсы) мен солтүстік және сол- түстік –батыс (Жошы –ұлұсы) ұлұстарға бөлінді. ХҮІ ғасыр басында Жошы ұлұсы екі дербес әскери-феодалдық мемлекетке ажырайды: Кавказ , Еділ-бойы, Қрым және Днепр мен Еділ, Еділ мен Орал өзеңдері аралығындағы аумақты алған Алтын Ордаға; Сырдарья өзеңі жағасы мен Арал теңізінен Есіл және Сары-Су өзеңдеріне дейінгі солтүстік –шығыстағы далаларды алған Ақ Ордаға бөлінеді. Қазақстан аумағындағы халықтың тағдырына әсіресе Алтын Орда мемлекетінің әсері күшті болды. Оның тәуелді халық- тарына өтқізген зорлық-зомбылығы табиғи ыдырауына себепші болды. Осылай болуына 1380 жылы оның орыстардан (Дмитрий Донскойдан ) жеңілуі, сондай-ақ ортаазиялық жаулап алушы Темірдің жорықтары өз үлесте-рін қосты. Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде оның құрамынан Еділ бойында Аштархандық және Қазан хандықтар, Орта Азияда Тимуридтер мемлекеті, Дешті –Қыпшақта Ноғай Ордасы мен Өзбек хандығы шығады.




Лекция № 9 Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.
Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы

Шағатай ұлысының Қазақстан территориясында өмір сүрғен мемлекетғерінің ірісі — Моғолстан. Бұл мемлекет XIV ғасырдың ортасы мен XVI ғасырдың басында өмір сүрді. Моғолстанның орналасқан территориясы Оңтүстік Шығыс Казақстан және Қырғызстан (Жетісу жәнс Тянь-Шань). Сондай-ақ, Моғолстанға Шығыс Түркістан-Қашғар өлкесі де кірді. Моғолстанда түрік тайпалары және түркіленғен монғолдар өмір сүрді. Моғолстанның шекарасы үнемі өзғеріп тұрған. Оның территориясының аумағы туралы Мүхаммед Хайдар Дулати былай деп жазады: 'Моғолстанның ұзындығы мен көлденеңі жеті-сеғіз айлық жол. Оның шығыстағы шекарасы қалмақтардың жері Барс-көлғе, Емел және Ертіске тіреледі, батыста Түркістан мен Ташкентпен шекараласады, оңтүстікте Ферғанамен, Кашғармен, Ақсумен, Шалышпен және Турфанмен шекараласады". М.Х.Дулати Моғолстанның оңтүстік шекарасының өзі аттылы адамның орташа жүрісімен үш ай уакытты алатынын және онда тоқсан тұрғылықты жерлер бар екенін жазады.

Моғолстан атауы моғол этнонимінен шыққан. Моғол деп Орта Азия мен мұсылман елдерінде монғолдарды айтқан. Жерғілікті халық монғолдармен араласып, олардың атын алған. Моғолстан мемлекетінде мекендеғен халықтарды түғелдей моғолдар деп атап кеткен. Мұның өзі монғолдар үстемдіғінін көрінісі деп бағалауға болады.

Моғолстанның неғізғі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болған. Сондай-ақ. Моғолстанда қалалар да дамыған. Қала халқы қолөнерімен, саудамен шұғылданған. Халық еғіншілкпен де мықтап айналысқан.

Моғолстанның жерінің көбі таулар мен далалар болып келеді"'7. Оның табиғатының байлығы мен тамашалығын жазып жеткізу мүмкін емес дей келе М.Х.Дулати, Моғолстанның Іле, Емел, Ертіс, Шу, Нарын сияқты өзендерін атай келіп, олар Көкше теңізғе — Моғолстанды өзбекстаннан бөліп жатқан көлғс құяды деп жазды. Көкше теңіз қазірғі Балқаш көлі, Өзбекстан деп Әбілхайыр хаңдығы аталған.

Моғолстанның негізін салушы Шағатай ұрпағы Тоғлық Темір хан болып есептеледі. Тоғлық Темірдің Моғолстан хандығының тағына отыруы 1347 жылдың шамасы. Оның хан тағына отыруына себепші болған дулат тайпасынан шыққан әмір Болатшы.

Тоғлық Темір Шағатай ұрпағынан алғашқы болып ислам дінін қабылдап оны Моғолстанның мемлекеттік дініне айналдырды.

Тоғлық Темір хан 1361 жылы Мавереннахрға жорық жасады. Бұл кезде Мавереннахрда феодалдық бытырақшықа жағдай орын алған еді. Бұл Сахибқыран атағын алған әмір Темірдің енді көтеріліп келе жатқан кезі болатын. Тоғлық Темір хан Сахибқыранға Кеш облысын және қарамағындағы жерлерімен мұрағерлік түменді сыйға тартады". Осыдан соң ханның әскері Мавереннахрдың әмірі Хұсейіннің әскерін талкандап Ғиндукуш асуына дейін қуып тастайды. Осылай бүкіл Мавереннахр Тоғлық Темір ханға бағынды. Тоғлық Темір хан 1362-1363 жылдың шамасында қайтыс болды.

Тоғлық Темірден соң оның орнына ұлы Ілияс қожа хан болды. Оның әскері әмір Темір мен әмір Хұсеннің әскерінен қатты женіліске ұшырады. 1365 жылы "Балшық соғыста" олардың әскерін қирата женді. Ұзамай 1363-1364 жылдын шамасында Ілияс қожа хан әмір Камараддин дулаттың қолынан қаза тапты. Билікті басып алған әмір Камараддин Моғолстанды 20 жылдан аса басқарды. әмір Камараддиннің билікке келуіне байланысты Моғолстанда ішкі қиындықтар орнайды. Басқа әмірлер оған қарсы болады. Осындай жағдайда Моғолстанға 1375 жылы әмір Темірдің әскері кіріп Камараддин бастаған Моғолстанның әскерін талқандады". Әмір Темір Моғолстанға қарсы бес рет ірі жорықтар жасады. Камараддиннің әскері әмір Темірдің әскеріне үлкен қарсылықтар көрсетті.

Камараддиннің әскері талғандалған соң Моғолстанға Тоғлықң Темірдін кіші ұлы Хызыр қожа хан хан болды (1389-1408 ж.ж.). Моғолстан мен әмір Темір арасында түсінісіктік қалыптасып, Моғолстан алым төлеп тұрды". 1405 жылы Отырарда әмір Темір қайтыс болды.

Хызыр қожа ханнан кейін оның ұлы Мұхаммед хан болды (1408-1416), онан кейін Мухамед ханның ұлы Шир Мұхаммед (1421-1425 ж.ж.) хан болды. Онан кейін хан тағына Шир Мұхаммед ханның інісі Шир Али оғланның ұлы Уайыс таққа отырды (1425-1428 ж.ж-). Онан кейін Моғолстан тағына Уайыс ханның кіші ұлы Исан Буғы хан (142Э-1462 ж.ж.) отырды.

Исан Бұғы ханнан соң оның ұлы Дост Мұхаммед хан болды (1462-1469 ж.ж.). Онан соң Моғолстан тағына Уайыс ханның үлкен ұлы Жүніс хан отырды (1469-1487 ж.ж.) Жүніс ханның тұсында Моғолстанның қуаты артып, Қашғарды бағыңдырды. Жүніс ханнан соң таққа оның ұлы Сұлтан Махмұд хан отырды. (1487-1509 ж.ж.) Сұлтан Махмұд хан Мұхаммед Шайбаниға өзіне көрсеткен жәрдемі үшін Түркістанды берді. Сол үшін қазақ хандарымен екі рет соғысып, екі рет жеңілді. Соғыстың себебі Сұлтан Махмұд ханның Мұхаммед Шайбаниға жәрдемі болды. "Тарихи-и Рашидиде" Мұхаммед Шайбани Шахибек деп аталған, Сұлтан Махмұд ханның жәрдемімен Мұхаммед Шайбани (Шахибек) Бухара мен Самарканды алады". Ақырында Сұлтан Махмұд ханның өзі де балаларымен бірғе Мұхаммед Шайбанидің тапсырмасымен азаппен өлтіріледі.

Жүніс ханның екінші ұлы Сұлтан Ахмед хан қазақта Алаша хан аталып кеткен. Ахмед ханның таққа отырып ел билеғеңдіғі туралы деректер кездеспейді. Кейбір деректерғе қарағанда ол хан аталғанымен ағасы Сұлтан Махмұд ханның қарауында болғанға ұксайды. Ахмед хан асқан батыр, қолбасшы болған. Қалмақтарға көп соққы беріп содан,"Алашы", "Жан алғыш атанып кеткенк. Сұлтан Ахмед хан өзбек-қазақтардың әскерін де үш рет талқандап ағасы Сұлтан Махмұд ханның кегін әпереду7. Ахмад ханның Моғолстанның шекарасын бекіткендіғі сонша қалмақтар мен өзбектер Моғолстанның ұзақтығы жеті-сеғіз айлық территориясынан өте алмады.

Моғолстанның Шығыс бөліғін 1504-1544 жылдар аралығында Ахмед хан (Алаша ханнын) ұлы Мансұр хан биледі. Оның хандығының алғашқы жылдарыңда Моғолстанда ішкі соғыстар көбейіп кетті.

Моғолстан саяси және экономикалық жағынан дамыған, территориясы да аса аумақты, қуатты орта ғасырлық феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шағатай ұлысынан шыққан хан отырды. Моғолстандағы хандар династиясының негізін салушы Шағатай Тоғлық Темір. Хан мемлекеттеті барлық биліктің тұтқасын қолында ұстады. Ол мемлекеттік жоғары басшысы ретінде ішкі және сыртқы саясат мәселелерін жеке шешті. Ұлыстар мен өлкелердің басшыларын тағайындады немесе ұлыстар мен өлкелерді көңілі қалаған адамдарға мемлекет алдындағы ерен еңбегі үшін сұйырғыл ретінде сыйлап та жіберді.

Хан жоғарғы қолбасшы ретінде соғыс жағдайында әскерді жорықтарға бастады. Моғол хандары жастайынан соғыс өнсрін жоғары дәрежеде меңғерді.

Мемлекетте хандар мен олардың әулетіндегі мұрагерлердің, жақын адамдардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Оларға жас кезінен ғылымның, өнердің қолөнердің, соғыс өнерінің, шешендік өнердің, ел басқарудың, сауданың, елшілік жоралардың, саз өнсрінін тағы басқа өмірге қажетті салалар түгелдей үйретілді. әбдірәшид хан "барлық өнер мен қолөнері саласында ғажайып нәрселер жасай алды". Хан мен оның жақындарының балаларын тәрбиелеу үшін жоғары сауатты жғне тәжірибелі адамдардан "атабегі" деп аталатын лауазым иесі бекітілді.

Сұлтан Саид ханның тәрбиесінде болған М.Х.Дулати да өзінің игермеген ғылым, өнер, қолөнері, мемлекет басқару саласының қалмағанын жазады".

Ханнан кейінғі лауазым егесін ұлысбегі деп атаған. Ұлысбегі мемлекеттегі барлық мәселелерғе араласқан немесе бас уғзірдің, бас министрдің рөлін атқарған. Моғолстанда ұлысбегі қызметі белгілі бір ғулеттің қолыңда болып, мұраға беріліп отырғандай көрініс береді. Ұлысбегі қызметі әмір Болатшының М.Х.Дулатиға дейінғі ұрпақтарына Моғолстан мемлекеті мен олардың хандарына көрсеткен ерекше қызметтері мен батырлықтары, еңбектері үшін мұра сипатында беріліп отырған. Моғолстандағы алғашқы ұлысбегі Болатшы дулат болды. Ол мемлекеттің негізін қалауға атсалысып, Тоғлық Темір ханды іздеп тауып таққа отырғызды. Ұлысбегілер Моғолстанның негізін қалаушы Болатшыдан соң ұлысбегі Мұхаммед Хайдар Дулатиғе дейін бір әулеттен шыққан адамдар болды. Олардың бабасына "Шыңғыс хан жеті артықшылықтар сыйлап, Ордаби деп атады". Осы дәстүрді Моғолстан хандары жалғастырып Тоғлық Темір хан ғулет үшін берілгсн артықшылықтарды тоғызға жеткізсе, Хымыр қожа ханның тұсында артықшылықтардың саны он екіге жетті. Әмір Болатшыға берілген бірінші артықшылығы "ханға айтпай өз бетімен қосынның өмірін немесе мың нөкердің (өмірін) тағайындап орнынан ала алады". Басқа артықшылықтары да осы дәрежедегі артықшылықтар болды. Бұл артыкшылықтар мұраға беріліп отырды.

Ханның жанында кеңесші орган хан кеңесі — мәжіліс жұмыс істеген. Хан кеңесінде күрделі соғыс және бітім мәселелері талқыланған, Хан Кеңесіне ұлысбегі, сұлтандар, оғландар, мырзалар, ханға жақын адамдар, тайпа басшылары т.б. кірген.Мемлекеттік бас концеляриясын диван деп атаған. Қаржы және салық жинаумен дафтарлар айналысты. Сондай-ақ Моғолстан хандығында атабегі (хан мұрагерлерінің тәрбиешісі), наиб (регент), хаким, даруға (ханның облыс пен қаладағы өкілі), миршакар (ханның аңшылығын ұйымдастырушы), жасауыл (ханның қабылдаулары мен мерекелерін ұйымдастырушысы) сияқты лауазым иелері болды. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың ерекше элементі ретінде құжаттарды жазбаша жүргізуді, әскерді үнемі есепке алуды, халыктың есебін жүргізуді, іс-қағаздарын мөрмен бекітіп отыруды айтуға болады". Осының бәрі де Моғолстан хандығында дамыған мемлекеттік құбылыс және құқықтық қатынастар болғанын көрсетеді.

Моғолстанның ерекшелігі мұнда көшпелі шаруашылықта, отырықшы шаруашылық та, қалалар да кеңінен өркендеп дамыды. Олардың арасында жиі қайшылықтар болып тұрды. Хан көшпелі тайпа басшыларына үлкен аймақтарды, тіпті отырықшы аудандарды қалалармен қоса сұйырғал ретінде сыйлап отырды. Олар бұл жерлерден салық жинауға құқылы болды.

Салыктың зекет, ұшыр, харадж, қалан, купруш баж сияқты толып жатқан түрлері ханның, ұлыс басшыларының қазынасын толтырды.

Ақ Орда ыдыраған соң Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік бөлігін, Сібірдің үлкен аймағын Әбілхайыр хандығы (1428-1468 ж.ж.) алып жатты. Әбілхайыр Жошының Шайбан атты ұлынан тараған ұрпақ. Бұл хандықты тарихта көшпелі өзбек хандығы деп атап кеткен. Хандықтың шекарасы кеңіп Сырдарияның төменгі ағысына дейін жетті. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Лекция № 10 : ХVVШ ғасырлардағы қазақ хандықтарының пайда болуы

Жоспар :



    1. Қазақ халқы мен бірінші қазақ хандықтардың пайда болуы.

    2. Қазақ хандықтарының қоғамдық құрылысы.

    3. Қазақ хандықтарының саяси құрылысы.

1
Қазақстан аумағында көптеген ғасырлар бойы әр түрлі этникалық топтардың соғылысу, әрекеттесу, ассимиляция процестері жүріп жатты. Бұның нәти-жесінде жаңа қауымдастықтар пайда болып жатты.

ҮШ –1Х ғасырлардан бастап бұл аймақта түркі тайпалардың үстем-дігі байқалып тұрды. Осы тайпалардың басымдылығы жағдайында Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдері қалыптаса бастады. Орта Азияда өзбек, қазақ, түркпен, қарақалпақ, қырғыз, ал Еділ жағалауында татар, башқырт, чуваш, Кавказда әзербайжа, ноғай, балқар тілдері сол дәуірде қалыптаса бастайды. ХП ғасырпда Дешті-Қыпшақ кең аумағында жалпыға бірдей түркі–қыпшақ тіл қалыптасқан еді. Мұндай процестер негізінде бұл өңірлерде біртұтас халық пен мемлекеттіліктің пайда болуына қолайлы жағ-дай жаратылды.

Қазақ ұлтының қалыптасуына негіз салған жалаир, найман, алшын, кыпшақ т.б. рулық топтар болды. Ш.Уәлиханов пен С.Сейфуллин қазақ ұлты өзбектерден бөлініп шығуы туралы теорияны қате деп білген. Олар қа- зақтардың қөп жырауларында, басқа да ауызша шығармаларында қазақтың ноғайларға жақындығы туралы дәлелдер тапқан. Яғни, Абұлхайр мемлекеті (“көшпелі өзбектер мемлекеті”) ыдырауы, соның нәтижесінде бөлініп шығудың нәтижесі емес, бәлкім қазақтар пайда болуы бұл хандық бөлінгеннен кейін, жаңадан қалыптасқан саяси одақтар дамуына байланысты деп есептеген. Бұл көзқарасқа сайкес келетін және бір мәлімет: дала көшпелі түркі тайпалардың жалпы атауы “ноғай” болған екен.

Тарихшы Мухамед Хайдар мәліметтері бойынша Абұлхайр өлімінен кейін өзара соғылысулар мен қайшылықтар көбейгені себепті, оның халқының басым бөлігі Керей-хан (Гирей) мен Джанибек-хан (Жошыхан ұрпақтары) қолдарына барып қоныстайды. Олардың атауы озбақ-қазақ болды . Қазақ хандары билігінің қалыптасуы 1465 жылға тура келетінін жоғарыда айтылған тарихшы жазған. Осы жылдан бастап дербес қазақ хандығы пайда болды деп есептеледі.

“Қазақ” сөзінің түп мағынасына келсек, осы сөзбен түркілерде басқа тайпалардан бөлініп, тәуелсіз өмір сүрген әскери тайпалар, ерекше отрядтар аталатын болған. Қазақтың ауызша шығармаларында қазақтардың дербес хандыққа, яғни, саяси жекешелеген халыққа бөлініп шығуы би Орманбет, дана Асанқайғы, Джанибекхан аттарымен тығыз байланыстырады.

Қазақ хандығының пайда болуына қолайлы жағдай жаралғаны да себептердің бірі болды: оның аумағында басқа күшті мемлекет болмады.
2
ХҮ-ХҮІІ ғасырда қазақ құрамында көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылық жүргізу жағдайында, патриархалдық-феодалдық қатынастар жуйесі қожайындық етті. Мал жеке меншікте болғанымен ,жайлымдарды бөлу құқығы феодалдық басшылардың қолында еді . Осы –жайлымдарды бөлу құқығы– оларға саяси және экономикалық билікті қамтамасыз етті. Жай малөсірушілермен шығарылған қосымша өнім феодалдық ақсүйектермен әр түрлі төлеу, салық есебінде өздеріне алып қойылған.

Сол кездегі қазақ қоғамы екі антагонистік тапқа – феодалдар (би, бай, батырларға) мен олардан қанауда болған феодалдық тәуелді малөсірушілер мен егіншілерге бөлінген.

Хан мен сұлтандар феодалдық ақсүйектердің ең жоғарысын құ- раған. Олар Шынғысханның ұрпақтары болған. Хан мен сұлтандар осы қабаттан ғана тағайындалуы мүмкін еді. Билер феодалдардың басым бөлігін құраған. Рулық жайлымдарды бөлу солардың қолында болған. Бұл лауазым оларға мирастық болған.

Және бір қоғамдық топты– байлар тобын –қарапайым бай малие- лері құраған. Олар рулас адамдарды қанауға тола мүмкіндікке ие болып, хан мен сұлтандардың ішкі және сыртқы саясатына өздерінің әсерін тигізіп отыр-ған . Олардан ең байлары би атауын сатып алуға, яғни, ру басшылары, судья лауазымдарын иемденуге жеткен еді.

Қазақ феодалдарының ерекше тобын батырлар құраған. Олар әскери ақсүйектер болып, сұлтандар мен билер ұрпақтарынан болу мүмкін еді . Олар ең құдіретті ханның, билердің қызметінде болған.

Қажы мен молдалар ақсүйктердің ерекше қабаты болып, қазақ феодалдарының қызметінде болды.

Халықтың негізгі бөлігін шаруалар құраған. Олар малөсірушілікпен, егіншілікпен шұгылданған. Шаруа туылуыннан руына байланған болып, бұл жағдай жайлым, қыстау, су жалпы ру меншігінде болғанымен, қанды кек әдетімен, басқа ру арасында құқықсыздығымен сақталып келді. Шаруалар феодалдардың малын қарауға, бағуға міндеттілігінен басқа және зякет, ұшыр, соғым, сыбаға сияқты көп салым-төлемдерді төлеуге мәжбүр еді.

Осы негізгі топтардан басқа тәуелділіктің әр түрлі сатысында болған қонсы -шаруа (өз малы жоқ шаруа), егінші –кедей (арендаға жер алушылар) , төленгүттер (ханның,сұлтанның қолындағы үй жұмыстарын, басқа қызметтерін орындайтын адамдар) құраған. Олардан басқа, басқа елден жаулап алынған, сатып алынған адамдар құл болған.


3
ХV-ХVШ ғасырдағы қазақ хандығы ерте феодалдық монархия нысанында болған еді. Дегенмен, патриархалды-рулық құрылыстың қалдықтары болуы- мен, сондай-ақ көшпелі шаруашылығына байланысты ерекшеліктерімен сипатталған еді.

Көшпелі малшаруашылықтың жайлымдар мәселесін шешу қажеттігін есепке алып, ел аумағын анық рулық аймақтарға бөлу мүмкін болмағанына байланысты, ру институты сақталуына себеп болып тұрды.

Сондықтан, саясатта руларға бөліну, өз рулық мүдделерін қорғау приницпы сақталып, күшті, бай рулар - әлсіз кедей руларға басшылық етуін серттейді.

Осы себептерге байланысты Қазақстан аумағында халықты ұйымдастыруда аумақтық жуйеге өту мүмкіндігіне көп ғасырлар бойы жол берілмеді.

Сондықтан, қазақ мемлекеттілігінің ұйымдастыру құрылымы ХҮШ ғасырда пайда болғаныннанрулық бөлінуді есепке ала қалыптастырылған.

Қазақ хандары жайлымдарды бөлу мәселелерінде жоғары билікке, сот билігіне ие болған. Қазақстанның ірі хандарының сонғысы да -Тәукехан-барлық қазақ рулар мен тайпалар үшін қоныс аудару жолдарын белгілеп беруді мақсат еткен еді.

Өзінің билігін атқару үшін хан әдет нормаларын пайдаланған, ең күрделі істерді билер кеңесімен бірге шешетін болған. Рулардағы ақса-қалдар мен билер арқылы хан өз билігін ру, тайпаларға да таратқан. Билер-дің кеңесі маңызды орган болып, Тәукехан өз Жеті жарғысын осы қеңесте мақылдатумен бекіткен. Демек, бұл орган әрі кеңесшік, әрі заңшығару орган болған.

Лекция № 11 : Қазақтың әдет –ғұрып құқығы .
Жоспар :


  1. Қазақ құқығының қайнар көздері.

  2. Меншік құқығы. Міндеттемелер мен рулық көмек әдеттері.

Отбасылық құқық. Қылмыстық құқық.

3. Сот және сот ісін жүргізу.


1

Қазақ қоғамының құқығы болып әдет тұрды, яғни, қожайындық ететін таптың мүдделеріне сәйкес келетін заңи әдеттер дің жиынтығы. Әдет тұрақтылығымен сипатталып, бірнеше ғасырлар ағысында маңызды өзгермеді десек болады. Оның құқық ретіндегі ерекшелігі төмендегідей:



  1. Консерватизммен бейнеленеді.

  2. Қанды кек әдетін, барымта институтын заңдастыру, самосуд, т.б. қалдық қағидалардың көпшілігін сақтауы.

  3. Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық ажыратылмауы.

  4. Саяси қылмыс институты түсінігінің жоқтығы (мысал, отанға опа- сыздық, дезертирство, қолбасшылырға бағынбау түсініктері)

  5. Жерге меншік құқығы жоқтығы (жайлымдарға), қауым мүшелерінің теңдігі мен бірдей ақсүйектердің артықшылықтары да сақталып қалуы (султан, би, қажы болу).

  6. Жеке меншік құқығын бұзу мен басқару органдарына қарсы қыл- мыстар үшін салыстырмалы адамгершілікпен қарау.

Қазақ әдет құқығының бас қайнар көздері - бұл ғасырлар бойы аузша қалыптасқан әдеттер. Құқықтың осы нысаны қазақтың көшпелі өмірсүруіне, халқының айтарлықтай жаппай сауатсыздығына сәйкес келген болатын. Әдет құқығы қайшылықтарға өте бай болып, феодалдық жоғарыға өзінің мүддесіне сай нормаларды табуға мүмкіндік берген. Дегенмен, халық бірігіп феодалдарға қарсы талап қойған жағдайда, ескі әдетте олардың да мүдделерін қорғайтын нормалар табылатын болған.

Әдетті жуйелеу, ақсүйектердің мүдделерін сай келтіру әрекеттер бір неше рет жасалды. Олардан ең танымалысы Тәукеханның (1680-1718) Жеті Жарғы жинағы. Ол жазбаша түрде шығарылып, әр бір би- судья, сондай-ақ ру ақсақалдары мен басшылары білуге тиіс ауызша мақалдардан тұрған. Бұл жинақта ортағасырлық қазақ қоғамының феодалдық құқығының принциптері мен нормалары бекітілген еді. Оны енгізудің мақсаты болып феодалдардың таптық мүдделерін білдіру еді.


2
Меншік құқығы: Қазақтың заңи елестері бойынша феодализм кезіндегі негізгі өндіріс құралына – жерге - Х1Х ғасырға дейін жеке меншік құқығы түсінігі болмаған. Формалды – заң жағыннан – жайлымдар, әдет бойынша рулар мен қауымдардың жалпы меншігі болып есептелген. Ал шындықта оларды билейтін билер мен басқа да феодалдар еді.

Қыстаулар болса ХҮШ ғасырдан бастап–ақ феодалдардың жеке меншігіне өте бастады. Жайлымдар, су қоймалары, қоныс туралы даулар әдет нормаларымен атақтырақ адамдар пайдасына шешіліп отырған. Қалған өндіріс құралдарына жеке меншік бар еді. Меншік құқығында барлық заттар 2 топқа бөлініп – мал мен мүлікке – үстемдік біріншісіне берілген. Бұнымен малөсірушінің шаруасындағы малдың жайы ерекше екендігі атап көрсетілген. Малға айрықша таңба басылған . Мал ұрлау ең қауіпті қылмыс болып есептелген. Жеке меншіктің негізгі объектісі де мал болған. Егіншілік аудандарда– Сырдария жағалауында, Жетісуда – егін жерлерге, сусыз аудандарда – байлар мен феодалдардың құдықтарға жеке меншік құқығы қалыптасқан еді.

Міндеттемелер мен рулық көмек әдеттері:

Айырбастаудың дерлі дамымағаны мен халықтың жаппай сауатсыз-дылығына, қозғалмайтын мұлік болмауына байланысты қазақ әдет құқығы бойынша шарттар тек ауызша түзілген . Ең жиі кездесетін шарттар айырбастау , қарыз (займ), мал несиесі болды.

Айырбастай қазақтармен ортаазиялық және орыс халықтарыдан өздеріне қажет балта, пышақ, қаруды алу үшін ең кең қолданылатын шарт нысаны болып базар мен ауылдарда откізілген айырбас тұрды. Айырбастаудың бірлігі (өлшемі) болып мал тұрган. Мал несиесі шарты бір жыл мерзімінен аспайтын мерзімге малды қарызға беру еді. Берілген мал өсімі-мен қайтарылуы тиіс болған.

Отбасылық құқық:

Отбасыны бірнеше туысқан отбасылар мен олардан тәуелді малшылардан, кедей туыстарыннан, құлдарынан құрылатын ауылдың бөлігі құрайтын болған. Қазақтың отбасысы шаруашылық жекелеген бөлімше болмай, туысқан отбасылармен байланысты болған. Туыстардың шеңбері 7-нші буынға дейн- гі туыстықпен белгіленген . Отбасы басы әке, ер есептелінген, әйелдер мен қыздар, аналар да құқықтарында шектелген еді. Ер мен әке барлық мүлікке билік еткен (ру, отбасы, мүддесіне қайшы келмейтін жағдайда).

Неке әдет бойынша мүліктік шарттарға ұқсас нормалармен реттелген. Қыздарды ерге беру ата-анасының қолында болған, неке қалынмал төленгеннен кейін заңи деп есептелінген. Күйеу немесе келін өлсе неке шарты орындалудан босатылмаған : күйеу өлсе қыз оның аға-інісіне берілуі шарт еді, ал өлген қыз орнына оның сіңлісі немесе әпкесі берілуі шарт еді.

Қылмыстық құқық : Х1Х ғасырдың басына дейін қазақтарда қылмыс түсінігі болмаған. Олар “жаман қылық” деп аталған. Басқа халықтың әдеттегілеріндей, қазақ әдетінде де қылмыс деп жәбірленушіге келтірілген материалды немесе моралды зия,н есептелген. Сондықтан, олардың құқықбұзушылықтардан айырмашылығы белгіленбеген еді. Қылмыс деп тек феодалдар ғана зиянды деп білген әрекет есептелген. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіне қалыптасқан жаза жуйесі төмендегілерден құралған еді: өлім жазасы; құн, айып салу; құлдыққа бері; мүлікті тәркілеу т.б.

Дінге қарсы қылмыстар әсіресе қатаң жазаланатын болған: алланың барына жария күмән білдірген адам тастармен ұрып өлтірілуге жатқан еді.


3
Қазақ хандығында сот билігін хандар, султандар мен билер жүзеге асырып отырған. Хандар мен сұлтандар ең маңызды қылмыстық және азаматтық істерді: руаралық және ауыларалық дауларды, жоғары “төре” және ақсүйектер өкілдерінің өлтірілуі туралы істерді қараған. Аса маңызды істерді хандардыңөздері билермен кеңесіп жария жағдайда шешкен. Адамды өлім жазасына тек хан-султан төрелігіндегі соттар ғана өкім ете алған.

Билер соты сот билігінің негізін қүраған. Судья –би болу үшін тек ру басшысы болу жетерлі емес еді. Одан басқа, ол қазақ әдетін жақсы білетін, объективті қарайтын адам болуы тиіс еді. Азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын би қызметін көбінше сот істерін әділ шешуімен танымалы ру басшылары атқаратын болған. Ол шығарған шешімін орындату үшін жетерлі билік пен беделге ие болуы тиіс еді. Сондықтан, би өзі ру басшысы, судья, жергілікті әкімшілік билік қызметтерін атқарған.

Билер сотының шешімі ауызша шығарылған. Би мен делдалдарға қойылған және қанағаттандырылған талаптың мөлшерінен оннан бір бөлігі шамасында ақы төленер еді. Сот қарауы ала жіпті бөлшектеумен аяқталатын: бұл дауды қайталаған адам осы жіптей бөлшектенеді мағынада, процестің аяқталуын, сондай-ақ іс шешімі өзгермеуін білдірген.

Билер соты шешімдерінің атқарылуы талап қоюшыға тікелеі жүктелгенімен, ол хандықтың бар күшімен қамтамасыз етілген. Шешім атқарылмауы үшін көпшілік пікірі жауапкердің өзін емес, бәлкім көбірек оның рубасшысын, туыстарын айыптаған. Дамыған мемлекеттік аппараты жүйесінің жоғынан сот шешімі көбінше айыптының өз еркімен орындалмаған. Сондықтан, ежелгі дәуірлерден қалған сот шешімін орындатудың тәсілі ретінде барымта институты пайда болды. Жауапты тарап сот өкімін орындаудан бас тартса, барымта айыптының немесе оның абыройлы туысының немесе ауылының малын айдап кетумен жүзеге асырылған. Малды айдап кету барымташының рубасшысы рұқсатымен, сондай-ақ қойылған талаптың мөлшеріне сәйкес болуы, ал айдап әкетілген мал талап қою қанағаттандырылығанынша сақталуы тиіс еді.




Лекция № 12: Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік -құқықтық салдары.
Жоспар:


  1. Қазақ хандықтарының Ресейге ерікті қосылуының саяси-құқықтық шарттары.

  2. Ресейге орта және кіші жүздердің қосылуы.

  3. Хандық билікті жою және Орта, Кіші жүздерде отаршыл басқару органдарды құру.

1
ХVП ғасыр ортасы мен ХҮШ ғасыр басы аралығындағы қазақ хандығы ешқандай экономикалық ішкі байланыстардың, дамыған егіншілік, қолөнер, қалалардың жоғымен сипатталған. Экономиканың негізінде тек натуралды мал шаруашылық жатқан болған.Бұл феодалдардың өзара жайлымдар мен суаттар, мал мен билік үшін тоқтамайтын және аяусыз күресіне әкеп соққан. Феодалдық тартысулар мен қоса шапқыншылықтар, малды айдап кету, жеке ауылдар мен бүтіндей ру бірлестіктерінің ойсырауына себеп болды. Бұлардың барлығы қоғамның өндірістік күштері дамуына, көршілес халықтармен өмірлік қажет айырбастау жүруіне кедергі жасады, елді сыртқы жаулармен жаулап алыну объектісіне айналдырды.

Осы жағдай қазақ халқының ішкі және сыртқы саяси дағдарысына әкеп соқты. Бұл ішкі және сыртқы мәселелерді шешу үшін Қазақстан мен Орта Азия бойынша қорғанысты қамтамасыз ете алатын бір ғана мемлекет, ол да болса Ресей еді. Ресейге қосылу джунгарлар мен артта қалған ортаазиялық хандықтары жағыннан төңіп тұрған қатерден сақталудың жолы болып тұрды. Сондықтан, жуйелі түрде Ресейге қосылу жөнінде іс-әрекет Тәукеханмен 1692-95 жылдары жасалды. Дегенмен, оның бұл саясатты султан-билердің тобымен қолданбағаны үшін нәтижесіз қалды.

Бұл мәселе императрица Анна Иоанновнаның 12 февраль 1731 жылы қазақтарды Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлығымен шешілді. Ресей онда қазақтарды үшінші мемлекеттерден қорғауды, Ресей азаматтары зорлық-зомбылығына жол бермеуді кепілдеген. Ал қазақтар Ресейдің басқа азаматтарымен тату жасауға, қызметін және жасағын атқаруға, саудаға кедергі жасамауға міндетті етілген. Бұл шарттар орындалуының кепілі болып қазақ хандары мен султандарының балалары аманат ретінде Ресейге берілді. 1731 жылы дәл осы шарттарда Ресейге берілгендігі туралы ант беріп, Орта Жүздің ханы Сәмеке, 1740 жылы – Абүлмамбет хан, Аблай-султан, т.б. адамдарын Ресей азаматтығына өткізді. Протекторат есебінде құрылған қарым-қатынас нәтижесінде Қазақстан тәуелсізідігін және дербестігін жоғалтуы, яғни, халықаралық сыртқы саяси келіссөздер жүргізу құқығы жойылғаны болды. Бұл саладағы басқару толық Ресей патшалығының қолына өтті.


2
Ресей өзінің отаршыл саясатының мақсаты ретінде Қазақстанды толық бағындыруды белгілеген. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанда қалыптасқан жүзілік бөліну, Оларды хандар басқаруы,өткен жүзжылдықтың 20-нші жылдарына дейінгі саяси ішкі тәуелсіздік жойлуы тиіс еді. Ресей патшалығының жоспарлы іс-әрекетін бірнеше сатыға бөлсе болады: а) Кіші жүздегі хан билігінің шектелуі; б) хан билігін жою, оның қызметін Шекаралық сотқа беру болды.(1786 жылы). Дегенмен бұл орган рубасшылары жағыннан қолдау көрсетілмегені үшін өз функцияларын атқара алмады.

1789 жылы хан билігі қайтадан енгізіліп, ол шындықта көпшілікпен сайлану арқылы емес, Ресей патшасының жарлығымен бекітілетін болды. Хан қасында 8 адамнан тұратын Кеңес құрылды. Бұның барлығы ханның рөлі төмендеуіне әкеп соқты. Сондықтан, Есімхан өлімінен кейін даламен хансыз басқаратын жаңа орган-ақсақалдар кеңесі 7 адамнан құрылды.Бұл орган өзінің мақсаты – Кіші жүздегі ауызбірлікті, татулықты құру деп жарияланды. Патша Үкіметі мұны болдырмау үшін 1797 жылы қарсы салмақ ретінде Айшуақханды “сайландырады”. Сонымен, бұл екі орган билікке таласып, бірі бірін әлсіретумен бітті. Бұл басқару органдардың беделі төмендеуіне, олар ешкандай мәселені тиімді шеше алмайтынына әкеп соғады. Хандар бұрынғыдай, барлық мәселелерді қамытып,сәйкестендіріп басқара алмай қалды. Себебі оларға қарсы салмақ- Ресей патшалығы жағыннан колданатын ақсақалдар кеңесі құрылып, оған кірген султандар мен рубасшылары өзара соғыстарды басқарумен болды, майда рулық топтар барымтаға кірісіп кетті. Кіші жүз шын мәнде басқарусыз қалып, саяси дағдарысқа дұшар болды. Бұл жағдай қазақтардың әдеттегі басқару нысандарды жоюға қолайлық туғызды.


3
Х1Х ғасырдың бірінші шірегінде Орта мен Кіші жүздерде хан билігі жойылып, оның орнына отаршыл басқару органдар жуйесі құрылды. Ресей мен Қазақстан арасында қатынастардың маңызы өзгеруі, жоғарыда айтылған органдардың негізін салу өзінің заңды көрінісін 1822 жылғы “Сибир қырғыздары туралы” Жарлықта, және 1844 жылғы “Орынбор қазақтармен басқару бойынша Ереже” де тапты.Олармен Сибир 1822 жылы шығыс және Батыс Сибир бөліктеріне бөлінді. Батыс Сибирға Тобол, Томск, және Омба облысы жатқызылды. Қазақ даласының аумағы Омба облысына кіргізілді. Бұл аумақ “Сибир қырғыздарының облысы “ атауын алды.

Облыс округтерге бөлінген. Осы дәуірден бастап қазақтардың әдеттегі ру-тайпалық басқару жуйесі жойылып, оның орнына әкімшілік –аумақтық басқару енгізіле бастады. Округ 15-20 болыстан, болыс- 10-12 ауылдан, ауыл- 50-70 үйден (кибиткалардан) тұрған.

Қазақтарға басқа сословиелерге өту, империяның ішінде қоныстау, мемлекеттік қызметке кіру рұқсат етіліп, оларды құлдыққа сатып алу жойылды. Оларға қозғалмайтын мүліктің иесі болу, жер егіншілігімен айналысу құқығы берілді.

Султандардың құқықтық мәртебесі де өзгерді: олар жұрт басқару құқығына тек басқарушы лауазымыдарға сайланып, ресми тағайындалған жағдайда ғана ие болған. Олардың құл, төленгүт ұстау құқығы жойылды. Дегенмен, олар қазақ қоғамының “жоғары және беделді сословиесі” деп мойындалды.

Жоғарыда айтылған әкімшілік –аумақтық бірліктерде тиісті органдар жуйесі құрылып, бас сұлтан жұз сұлтандарымен 3 жыл мерзімге, болыс жұртпен шектелмеген мерзімге сайланған. Бұл лауазым атадан балаға мирас ретінде өту мүмкін етілген еді.

Ауылдарда билікті “окружной приказ” бен бекітілген 3 жылға ауылдың халқымен сайланған ақсақалдар жүргізетін болды. Олар болысқа бағынысты болған.

Сот органдары: билер соты мен әдет нормаларының сақталып қалғанына қарамай, өзгерістер енгізілді. Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бір-бірінен ажыратыла бастады. Қазақтарға империя заңдарының күші таратылды. Жауапкершілік империя заңдарына сәйкес “окружной приказ”бен белгіленіп отырды.

Сонымен, 1822 жылғы жарлық қазақтардың қоныс аудару бостандығын шектеп, жартылай отырықшы шаруашылықтардың дамуына, рулық ұжымдар өзара араласып кетуіне әкеп соқты. Қазақтар Ресейдің азаматтары болды. Жалпы осы реформалардың өткізілуі егіншіліктің, отрықшылықтың,сауданың дамуына, өзара соқтығысулар тоқтатылуына, қазақ-орыс халықтарының жақындасуына негіз салды.


Лекция № 13 Абылай ханның реформалары
Абылай хан (1711-1781) казақ тарихында ерекше орын алатын кайраткер. Абылай алғашында султан болганымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жуздің ханы Әбілмәмбет кайтыс болган соң 1771 жылы хан болып сайланды. Буған дейін-ақ казақтың уш жүзінің көпшілік боліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдъщ 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазак жерлері жоңгарлардан тұгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Казақстанга басып кірген қытай басқыншыларының бетін кайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылыгымен Оңтустік Казақстан жерлері Қоқан баскыншыларынан азат етілді.

Абылай ханнын казак, халқына сіңірген скі үлесін атап өткен жөн. Біріншіден, ол жоңгарларды талкандап Қазак елінін түтастығын калпына келтірді немесе еліміздің жерлерін тугел азат етуге басшылық етті. Екіншіден, Абылай Казақ хандыгының тәуелсіздігін қайта калпына келтіріп, бытыраңқылытъш уакытша болса дажойды. Абылай ханның үлкен саясаткерлігі, колбасшылъғы, батырлыгы мен көрегендігі, дипломатиялық шеберлігі осындай жағдайга жетуге себеп болды.

Хаң сайланғанына бес жыл өткенде ғана Орынбор әкімшілігінің өтініп сурауымен Абылай патшага уш жуздің ханы стіп бскітуді сурап хатжазады. Екатерина II патша 1778 жылы 24 мамырда Абылайды Орта жүзгс хан еткен жарлықка қол қойып, ол туралы грамотаны улкен сый-сияпатпен Абылайга Орынборда не Троицкіде тапсыруды кдрастырды. Бірақ Абылай турлі сылтаумен ол грамота мен сыйлыктарды алуды кәжет деп санамады. Ол Қытайдың Цин империясымен де тату келісімгс қол жеткізді.

Үш жүзге хан болып түрган Абылайды тек бір гана Орта жүздің ханы етіп бскіту Патша өкіметінін қулығы, әрі Абылайдың абыройын әдейі төмендетуі еді. Одан өрі патша өкіметі бара алмады. Өйткені Абылайхан баскарган казақ даласына Ресейдің кушпен басып кіруге дәл осы кезде мүмкіндігі болмады. Муны конігі саясаткср Абылай да жақсы түсінді.

Казакстан Рсспубликасының Президенті Н.Назарбаев "Халықтъщ ерік жігерінін тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді". Ол "үлтты тұтастырыл біріктіру жолыңда еңбск етті",- деп Абылай ханның Казак мемлекетінің бІрлігі мен тутастығына қоскан үлесін жоғары бағалады.

Ш.Уәлихановтын жазуынша "Бірде-бір қазак, ханы Абылайдай шексіз билікке ие болмаған. Ол бірінші рет бурын халық жиналысының шешімімен пайлаланылатын олім жазасын оз бетімен ендірді. Ханга кеңес беріп шектеп отыратын өз еркімен кеткен күшті рубасы сұлтандарды орнына койды".

Абылай орталық хан билігін кушейтті. Рубасы сүлтаңдар мен билердің билігіне шек қойып, озіне бағындырды. Бағынбаған билер мен сүлтан, саршындарды Абылайдын толеңгіттері талкандап отырды. 1781 жылы Дайыр сүлтан Абылайды айылтап Орынбор губернаторына оның үстінен Абылайды өзіне тиісті билікті тартып алды деп шагым жасады.

Ол ескі әдет бойынша ханга кеңес беруші оның билігіне шектеу қоюшы сүлтан, билер кеңесіне ашык карсы болды. Султандарды ешкіммен санаспай орнынан алып тагайындады. Өзінің билігін ныгайту ушің Абылай хаңдыкты үлыстарга бөліп, улыстардың басына өз үлдарын тағайындады. Абылайдың 30 үлы бар болатын.

Абылай өз билігінде батырларға, елдің ішіндегі беделді билер мен жырауларга арка сүйеді. Төле би мен Казыбек би Абылайга елдін бірлігін сактауда коп жәрдем етті. Буқар жырау Калкаманүлы Абылайдың жеке кеңесшісі ретінде онын артықшылық, кемшіліктерін дер кезінде айтып отырды, сондай-ак, Үмбетей, Тотікара жыраулар Абылайга қызмет етті.

Абылай өз бетімен баскарудың деспотиялық әдістеріне де барын отырды. 1772 жылы кол астынан кошіп кетпек болган Кыпшактардың рубасыларын күшпен басты. Арғын руының Ботакан атты адамын тірідей көмдірді.

Абылай оз балаларына берген кенесінде руаралык да уларды ақырына дейін шешпеуді, сойтіп олардын орталық билікке тәуелді бола түсуін осиет етті.

Ш.Уәлиханов Абылай саясатының Темірландык сипаты туралы жазады.

Абылайдың заманьі казақтар үшін бейбіт жөне тыныштық, еркендсу заманы болды.

Лекция № 14 Бөкей хандыгының саяси-кұқыктық жағдайы
Кіші жұздегі ХУШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарыска, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралығының томенгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бокей хандыгын күрды. Оған император Павел I келісім берді.

Бокей ордасы шығыстан батысқа 300 шакырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырым аймакты алып жаткан шагын хандық болды.

1812 жылы Бөкей сүлтан орданың ханы болып котерілді. Бокей қайтыс болган сон (1815) уақытша рсгент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден сон мүнда хан тағайындалмады.

Бөкей хаңдығы патша өкіметінін әкілппілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп істеді. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік каржы-салық, жер болу, рулык-территориялык баскару, халыкты шаруашылык жағынан орналастыру тұрінде жүзеге асты. Ханның жанында 12 биден туратын хан кеңесі курылды. Хан кеңесі мүшелері хан ордасында түрақты түрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханнын арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салыгын, сауда мәселелерімен "базар сүлтандары" айналысты.

Жергілікті басшылық рубасы старшыңдардың қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 1827 жыл үш: байбақты, ноғай жәнс беріш руларында 34 старшынның тек үшеуін хан өкіметі тагайындаса, 1845жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімдерін "указдык" старшындар баскарды7.

Рубасы сүлтандар мен старшындардың есеп беріп отыру тәртібі енгізілді. Олар салык жинау, тэртіп мәселесімен де айналысты. Олардың жанында есспші және түрақты молда кызмет етті.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарынъң колына шоғырлаңды. Жергілікті жерде үсақ істср каралды. Бірак ханнын. занды күқықтары орыс зандарымен шектелген болатын. Үкіметтік Сенаттың 1837 жылгы 15 кантардагы жарлыгы бойынша ханга ордадағы аздматтық істер, онда да 30 сомнан аспайтын істер калдырылды. Барлык. саяси және қылмыстық істер Ресей заңдарымен каралатын болды. И.Тайманов пен М. Өтемісов бастаган көтеріліс кезінде Жәңгір хан котерілісшілерді жазалау ұшін косымша күкықтар сүрады.


Лекция № 15 Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылымы және ондағы реформалар.
Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған ғскерін бекіністер салуы. Орта жғне Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі. орыс ғскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаның Кенесары Қасымұлы бастаған (і837-1847) көтеріліс болды.

Көтеріліске шыққан халық Кенесарыны 1841 жылы хан көтерді, Кенесары бір орталыққа бағынған қатаң тғртіпке негізделген хандық құрды. Ол Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп тұрды. Қазақ халкының бір бөлігі патша өкіметінің жактап Кенесарыны қарсы күресті.

Кенесары мемлекетінде баскару ісін, сот, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды. Көтеріліс жағдайында мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік басқару ісі жетіліп үлгермегенін еске алған жөн.

Жергілікті жердегі атқару билігін ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу. халықтын пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төленгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.

Хандық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.

Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынгы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет-ғұрып құқығын онан ғрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді.

Аса маңызды руаралық даулар мен күрделі істерді ханның өзі немесе оның арнайы жіберген жасауылдары қарады.

Руаралық жанжалдар мен барынтаға жол бермеу хандыктық маңызды міндеттерінің бірі болды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тиым салынып, жалпы хандық салықта ендірілді. Малдан зекет, астықтал үшін жиналды. Сонымен қатар ор ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттіліктеріне жұмсалды.

Кенесары отаршылдарға қарсы соғыста 20 мыңға дейін жігіттермен тұратын әскер құрды. Оның негізін батырлар мен төлеңгіттер құрады. Сонымен қатар уақытша жасақтар да құрылды. Бас қолбасшы ханның өзі балған. Атақты батырлар мен қолбасшылардан тұратын ханның жанында ғскери кеңес жұмыс істеді. әскерді ескі тғртіп бойынша онбасы, жүзбасы, мынбасылар басқарды.

Кенесарының хандығы қазақтардың уақытша тәуелсіздігі қалпына келтірген соңғы тәуелсіз мемлекеті болды. Бұл хандық үнемі соғыс жағдайында өмір сүрді. Күші басым патша әскерімен 10 жылдан аса күрескен Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресі қазақ, тарихының ерекше кезеңдерінің бірі.

Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқық тарихы” барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:


  1. “История госурдарства и права Казахской ССР”, под редакцией С.Сартаева,

в 2-х ч.. Алматы, “Мектеп” ,1982 г.

  1. Әбіл Е.” История государства и права Республики Казакстан”, 2-е изд., перераб. и доп.. Астана, 2001.

  2. Қазақстан тарихы. Том 1,2. Алматы, 1996,1998.

  3. Абайдельдинов Е. Политико-правовая история Казахстана.

  4. Абусеитова М.Х. Казахское ханства во второй половине 16 века. Алматы, 1985.

  5. Абылхожин Ж.Б. и др., Страна в сердце Евразии. Алматы, 1998.

  6. Андабеков Ш.Төтенше билер съезі: оның атқарған тарихи қызметі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. 1995, №1.

  7. Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996.

  8. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы, 1995.

  9. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1993.

  10. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к Росии. М., 1957.

  11. Валиханов Ч.Ч., Собрание сочинений в пяти томах. А., 1985.

  12. Дулатобеков Н. ҚР мемлекеті мен құқығы тарихынан. Хрестоматия. Қарағанды, 1994.

  13. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының материалдары. Материалы по казахскому обычному праву. Сост. З.Кенжалиев и др.. Алматы, 1996.

  14. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995.

  15. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2000 .

  16. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, 1999.

  17. “Прошлое Казахстана в источниках и материалах”, под ред. С.Д.Асфендиярова и П.А.Кунте. 2-е идз. Сб. 1. Алматы, 1997. Сб. 2. Алматы, 1998.

  18. Жумаганбетов Т.С. “История государства и права РК (древность и средневековье)” Алматы,2000.

  19. Тынышбаев М.” История казахского народа”. Алматы, 1993.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет