“Сырдария” университеті
“Заңтану-тарих” факультеті
“Құқық” кафедрасы
“Қазақстан мемлекеті мен құқық тарихы ” пәні бойынша
050301 “Заңтану”
мамандығының студенттері үшін
ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
(ОБСӨЖ)
Жетісай-2004ж
-
ОБСӨЖ – ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыбы
|
Бақылау түрі
|
1
|
№1 сабақ
Қ Р-сы мемлекеті мен құқық тарихының пәні мен міндеттері.
1.Қ Р-сы мемлекеті мен құқық тарихының пәні, әдісі мен міндеттері.
2.Қ Р-сы мемлекеті мен құқық тарихы курсының бөлінуі.
|
Сұрақ-жауап
|
2
|
№ 2 сабақ.
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
1.Қазақстан аумағындағы малшаруашылық тайпалар.
2.Малшаруа мен егіншілік шаруа еңбек түрі ретінде ажырау салдары.
|
Сұрақ-жауап
|
3
|
№3 сабақ
Қазақстан аумағындағы әскери, саяси одақтар.
1.Үйсун.қаңлылардың әскери демократиясы.
2.Түркі қағанаттың саяси-қоғамдық құрылысы.
|
Сұрақ-жауап
|
4
|
№4 сабақ
Сақ тайпаларының қоғамдық –саяси құрылысы.
1.Сақ тайпаларының әлеуметтік құрылымы.
2.Сақ тайпаларының қазақ мемлекеттілігі қалыптасуындағы орны.
|
Сұрақ-жауап
|
5
|
№5 сабақ
Ежелгі ғұндардың мемлекеті.
1.Ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымы.
2.Ғұн мемлекеті.
|
Сұрақ-жауап
|
6
|
№6 сабақ
Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті.
1.Үйсіндер мен қаңлылардың әлеуметтік құрылымы.
2.Мемлекеттің басқару жуйесі.
|
Сұрақ-жауап
|
7
|
№7 сабақ
Найман және керейұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.
1.Найман және керей ұлыстарының әлеуметтік құрылымы.
2.Ұлыстардың басқару жүйесі.
|
Сұрақ -жауап
|
8
|
№8 сабақ .
Қазақстанда монголдардың қожайындық дәуірі.
1.Орта Азия,Кавказ және Рүсь аумақтарын жаулап алу.
2.Монголдардың ұлы ханы Шынғыс хан құрған империяның басқару жуйесі.
|
Сұрақ-жауап
|
9
|
№9 сабақ.
Моголстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.
1.Хандықтардың әлеуметтік құрылымы.
2.Хандықтардың басқару жуйесі.
|
Сұрақ-жауап
|
10
|
№10 сабақ
ХҮ-ХҮШ ғасырлардағы қазақ хандықтарының пайда болуы.
1.Қазақ халқы мен бірінші қазақ хандықтың пайда болуы.
2.Хандықтың қоғамдық құрылысы.
3.Хандықтың басқару жүйесі.
|
Сұрақ-жауап
|
11
|
№11 сабақ
Қазақ әдет-ғұрып құқығы.
1.Қавзақ құқығының қайнар көздері.
2.Меншік құқығы,міндеттемелер мен рулық көмек әдеті.
3.Сот және сот ісін жүргізу.
|
Сұрақ-жауап
|
12
|
№12 сабақ
Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық салдары.
1.Қазақ хандықтарының Ресейге ерікті қосылуының саяси-құқықтық шарттары.
2.Ресейге Орта және кіші жүздердің қосылуы.
3.Хан билігін жою және отаршыл басқару органдарды құру.
|
Реферат
|
13
|
№13 сабақ
.Абылай ханның реформалары.
1.Хандықтың әлеуметтік құрылымы.
2.Хандықтың басқару жуйесі мен оған Абылайханмен енгізілген өзгерістер.
|
Сұрақ-жауап
|
14
|
№14 сабақ
Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы.
1.Хандықтың әлеуеттік құрылысы.
2.Хандықтың басқару жүйесі.
|
Сұрақ-жауап
|
15
|
№15 сабақ
Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылымы және ондағы реформалар.
1.Хандықтың саяси құрылымы.
2.Басқару жуйсіндегі өзгерістер.
|
Сұрақ-жауап
|
Кредит№2
Лекция № 1: Х1Х ғасырдың П жартысында Қазақстандағы 60-ншы – 90-ншы жылғы реформалар.
Жоспар:
1. 60-ыншы– 90-ыншы жылдардағы реформалар бойынша қазақтардың құқықтық жағдайындағы өзгерістер.
Ресейдің өзінде буржуазияшыл реформалар өткізілуі шарасыз Қазақстанда да әкімшілік, әлеуметтік қатынастарда, сот және құқық салаларында өзгерістер енгізілуіне әкелді. Бұл реформалар (1867-68 жылдағы) Қазақстанның Ресей құрамына қосылу процесінің заңи аяқтауы, оның отаршылға айналуының соңғы сатысы болды.
Ең алдымен айтып өтетін өзгеріс бұл аумақтық бөліну:11 июль1867 жылы шығарылған “Уақытша ереже “ бойынша жаңа құрылған Түркістандік генерал-губернаторлық екі облысқа: Жетісу және Сырдария облытарына бөлінді. Кейінгі жылы шығарылған “Орал, Торғай, Ақмола және семей облыстарымен басқару туралы уақытша Ереже” нің екеуі де 1886 және 1891 жылы түрақты Ережелер ретінде бекітіліп, Октябрь төңкерісіне дейін әрекетте болды. Бұл ережелермен қазақ халқының ауыл адамдары (обыватель) санатына жатқызылды. Олар әскери міндеттен босатылған еді.
Қазақ ақсүйектерінің атақтары (султан атауы) мирас ретінде тек әкесі бас сұлтан немесе болыс лауазымында 3 жылдан кем болмаған мерзім қызмет еткен болса ғана баласына өткен.
Султан лауазымына кез–келген адам сайлану мүмкіндігі, султандар ұрпақтарының экономикалық құдіреті жойылды. Олардың қазақ қоғамындағы мәртебесі, саяси орны өзгеруіне, төмендеуіне әкеп соқты. Султан отбасыларыннан тек Бүкей, Вали және Айшуақ хандардың ұрпақтарына ғана ақсүйек дәрежесі берілді. Олардың Қазақстанның Ресейген қосылуындағы еңбектері солай бағаланды.
Би атағы 1891 жылға дейін сақталып, судья лауазымын атқаратын дәуірге ғана берілетін болды. Содан соң би атағы мүлдем жойылды.
Патшаның 1858 жылғы жарлығымен Орынбор губерниясы бас бастығына қазақтарға казак шендерін беру құқығы берілді.
Мүлкінің құны екі мың рублдан кем болмаған қазақтарға бірінші гильдия, мың рублдан кем болмағандарға болса- екінші гильдия көпестері мен қала адамдары мәртебесі берілген. Олар тиісті сауда жүргізу құқығына ие болған.
Лекция № 2: Х1Х ғасырдың ІІ жартысында Қазақстандағы басқару мен құқықтық
жүйе.
Жоспар:
-
Әкімшілік билік органдарының жүйесі.
-
Құқықтық және сот жүйелеріндегі өзгерістер.
1
Әкімшілік билік органдарының жуйесі Қазақстанның аумағы генерал-губернаторлықтарға, олар алты облысқа бөлінгеніне сәйкестендірілді. Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Ақмола мен Семей - Батыс Сибир генерал-губернаторлығына, Жетісу және Сырдария облыстары – Түркістандік генерал-губернаторлыққа берілді (жүздер таралуына қарай).
Облыстар уезддерге, уезддер –болыстарға, болыстар- ауылдарға бөлінген. Бір ауылда 100 ден 200 ге дейін, ал болыс құрамында 1000-нан 2000-ға дейін кибитка болуы шамаланған еді. Солай етіп, әдеттегі рулық бөліну әкімшілік басқару үшін қолайсыз деп табылды (өйткені, рудағы адамдардың саны, олардың жайлымдарының бір-біріннен арақашықтықтары бірдей болмауы артықша киыншылықтар тудырған). Жаңадан енгізілген “аумақтық бірліктер” рулық бөлінудің ықпалын әлсіретті, себебі, ірі рулар бірнеше болыс құруүшін біріктірілуі қажет болды. Сондықтан, 1867-68 жылғы Ереже, аумақтық бірліктер жүйесін енгізіп, қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылыстың бұзылуына әкеп соқты.
Болыс басқарушысы кең өкілеттіктерге ие болған: ауыл ақсақалы сайлауын бақылау, халықтың көшуін бақылау, уезд бастығы ұйғарымдарының орындалуын бақылау, билер съезддеріне қатысу және қазақтардан талап қою арыздарды қабылдап, оларды билер соты қарауына асыру. Ықпал ету шарасы ретінде тәртіп бұзушыны 3 күн қамауға немесе 3 рубл айыппұл салуға құқылы болған.
2
Қазақстанның Ресейге қосылуы оның құқытық жуйесінде маңызды өзгерістер болуына себеп болды: әдеттің колданылу өрісі кемейіп, билер съезімен қабылданған ереженің маңызы асты. Ереже әдетке өзгерістер енгізіп, оның жазбаша түрдегі құқық нормаларының жиынтығына айналды. Қазақстан аумағында орыс құқығының маңызы асып, ол қазақ құқығының қайнар көзіне айналды. Әсіресе, олардың ішіннен Қазақстан үшін арнайы шығарылған нормалардың маңызы ерекше болды. Олармен Қазақстан аумағында мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен құрудың әскери-отарлық нысандары, қылмыстық және іс жүргізу құқығы, жерге меншік құқығы және басқа да азаматтық –құқықтық ұйғарымдар туралы нормалар енгізілді.
Меншік құқығы:
Ондағы ең маңызды өзгерістің бірі болып, бүкіл жер фондының меншігі шынғыс ұрпақтары болған хан-султандардың қолынан Ресей империясының қолына өткені болды. 1868 жылғы “Уақытша ереженің “ 210-інші параграфында “қырғыз қоныстары болған жерлер мемлекеттік жерлер деп танылып, қырғыздардың қоғамдық пайдалануында болады” делінгенімен, жердің үлкен аймақтарын, өлкенің қазба байлықтарын өз мүдделерінде пайдаланатын шетелдік және орыс капиталисттерге, қазақ елді мекендеріне, ірі қазақ феодалдарына, қонысын өз еркімен аударған орыс және украиналық шаруаларға берілген.
Отбасылық-неке құқығы: 1868 жылғы Ережеге сәйкес бұл жөндегі істер билермен әдет негізінде шешілген. Губернаторларға шағымдану құқығы енгізілді. Кейбір аумақтарда билер әдет нормаларына прогрессивті, әйелдердің құқықтық жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізді. Бұл жаңа нормалар бойынша әкелер қыздарының еркіне қарсы оларды ерге беру құқықтарынан айырылды. Жесір әйелдер қалаған адамдарына тұрмысқа шығуға құқылы болды.
Мұрагерлік құқық: мұра ретінде өтуге меншік құқығының барлық объектілері жатқызылған еді. Әр бір мұрагер мұраның анық белгіленген мөлшеріне ие болатын болган: жесір әйелдер- 1\8, әке- 1\12, оның әйелдері –1\12. Бала қыздан екі есе көп алған. Өсиет бойынша мүліктің 1\3 ғана, бірақ кез-келген адамға берілуі мумкін еді. Осиет ауызша, мұрагерлер мен туыстар , беделді 2 ақсақал қатысуымен түзілген.
Қылмыстық құқық: өткен тақырыпта айтылған өзгерістерден басқа оның прогрессивті ықпалы құлдықты, барымтаны жоюға жағдай жасауда, олар үшін қатаң қылмыстық жазаны енгізуінде болды.
Сот және сот ісін жургізу: Билер соты ескі әдет нормалары негізінде жүргізілген еді. 1822 жылғы жарлықпен бұл соттың соттылығыннан мемлекеттік қылмыстар мен барымта, адам өлтіру, тонау, қарақщылық бойынша істер империялық соттардың қарауына берілді. Билер сотының соттылығында меншікке қарсы (тонау мен қарақшылықтан басқа), отбасы-неке қатынастарына қарсы, дінге қарсы, тұлғаға қарсы (адам өлтіруден басқа) істер қалдырылды. Сот ісін жазбаша түрде жүргізу, айғақтар есебінде құжаттар мойындалуы енгізілді. Билер съезінің жазбаша талдаулары, талқылаулары қазак әдетіне даладағы жаңа қоғамдық қатынастардыңталаптарына сәйкес өзгерістер еңгізуге мүмкіндік берді.
Лекция № 3 Сот және сот процесі
Сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын терендеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің әкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті.
Билер соты да патша өкіметінің еркін, бай феодалдардың еркін қорғауға қызмет етті.
Жаңа Ережелер бойынша билер соты "халық соты" деп аталды. Билер қызметке үш жыл мерзімге сайланатын болды. Болыстық сайлауда болыстармен бірге билер де сайланды. Билер де әскери губернатордың бекітілуіне жатты. әр болыста ауылдардың санына карай 4-8 би болды. әр ауылда бір биден артьқ болмады.
Билер соты үш сатыдан тұрды: а) Жалғыз биден туратын 300 сомға дейінгі азаматтық талап арыздарды карайтын, 100 сомға дсйінгі шсшімдерді түпкілікті шсшугс құқьқты соттар;
б) болыстық билср съезі бірінші сатылы сот рстінде шсктсусіз молшердсгі азаматтьқ істерді карады және 500 сомға дсйінгі дауларды түпкілікті шешуғе кұқықты, сондай-ақ скінші сатылы сот ретіндс жалғыз билер сотының шсшімдерін карады;
в) билсрдің төтенше сьезі әртүрлі болыстардың ауылдары арасындағы дауларды карады, екінші сатылы сот рстіндс болыстық билер сьезі шешімдерін қарады.
Билер соты мынадай қылмыстық мәселелерді: жеке басқа қарсы қылмыстар (кісі өлімінен басқа); меншікке карсы (тонау мсн талқандаудан өзге), отбасы-некеге карсы, ислам дініне карсы, болыс, би, старшындарға карсы істсрді қарады. Онан басқа билсрге алғаш рет наториалды куоліх бсру қүкығы бсрілді.
Кдрамола ережелерінде (2-бап) дауласқан екі тарап қала-ған билерін тастап алады деп даулардың ары қарай билер сотында шешілстінін көрсетіп берілген.
Бір бидің шешімі жауапкер разы болса бұзылмайды. Егер риза болмаса екі жұмада кайта каралады. Онда іс шешілмесе мәселе билер сьсзіне өтеді. Бұл жерде де мәселе шсшімін таппаса, төтенше съезге өтеді. Төтснше сьездің билігі бүзылмайды (3-бал). Жауапкерді, куәларды жеткізу старшынға жүктеледі.
Билер соты береке бітім және салауат бітім жасауға бейім болды. Береке бітім даудың үстінде билерлің басшылығымен жасалды. Салауат бітім даудың уақьтына карай жасалды. 20 жылдан асанн даулар "салауат" деп карауға жатпады.
Куәлердің сиымды, сиымсызын би анықтады, Куә 18-ге толмаса, ақылынан адасса, әйсл болса, бір жаққа жақын-туыс болса, дұшпандығы болса сиымсыз куә деп куәлікке жіберілмеді (9-бап).
Ережелерде айыптың, тоғыздың мөлшерлері нақтыланып, малдың ақшаға шақандағы құны да белгіленіп отырды. Мысалы, Іле төтенше билер сьезі малдың кұнын былай белгіледі: 5 жылдық түйе 30 сом, екі жылдық түйе 15 сом, бес жасар жылқы 10 сом, 2 жасар тай - 5 сом, сиыр кұны жылқымен бірдей, ірі қой - 2 сом, бір жасар қой (тоқты) - 1 сом. Билік үшін әр 10 сомнан 10 тиын төленді. Бұрын халық соттарына жататын жиырмадан аса істер империялык. соттарға берілді.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкіметінің таза әкімшілік мекемелеріне сот билігі кұқығы берілді. Казақстандағы облыстық басқармалар мировой судья және қынмыстық және азаматтық істер палатасы болып есептелді.
Осы Ерсжелер бойынша тағы да әскери-соттық. комиссияларды кұру карастырылды. Олар мемлекетке опасызды, үкіметке қарсы үгіт, почта мен транспортқа шабуыл, христиандарды және христиан дініне кіргісі келгендерді өлтіру, лауазым егелерін өлтіру сияқты қылмысты істермен шұғылданды. Сондай-ақ олар тонау, талқандау, өртеу, жалған ақша жасауды караумен айналысты.
1867-1868 жылғы Ережелер бойынша Қазақстанда үш түрді сот: әсксри сот, империяның жалпы заңдар негізінде кызмет ететін сот жәнс халық (билер) соты болды.
1886 жылты Түркістан өлкесін баскару туралы Ережеде сот жүйесіне өзгсрістер енді. Түркістан елкесінде сот билігі: мировой судъяларға, облыстық соттар және Үкіметтік сенатқа берілді. Жергілікті тұрғындарда ерекше ережелерге негізделген халық. соттары қызмет етті.
Осындай сот жүйесі Казақстанда кішігірім өзгерістер мен 1917 жылға дейін колданылды.
Лекция № 4: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
Жоспар:
1.ХХ ѓасырдыњ басындаѓы Ќазаќстандаѓы саяси жаѓдай.
1
Ќазаќтар ХХ ѓасырѓа Ресейдіњ бодань ретінде , б‰кіл саяси жєне экономикалыќ ќ±ќыќтан ж±рдай ќ‰йінде аяќ бастр, отаршылдыќ органдардыњ билігі шекетн тыс к‰шейе т‰сті.
Ќазаќстанда µнеркасіптік игеру жалгасты.Орыс жєне шет ел капиталы кµптеп келе бастады. Ќараѓанды, Зырянов, Екібаст±з ,сияќты ірі µнеркасіпорындары шет елдерге берілді.Жалдамалы біраќ, ешќандай ќ±ќыќсыз ќазаќ ж±мысшы тобі ќалыптаса бастады.1913 жылы µнеркасіп орындарында 20 мыњдай ж±мысшы болды .Темір Жолдак салынып, олардыњ ±зындыѓы 1917 жылы 2793 верстке жетті.
Ќарашекпенді орыс коњыс аударушылардыњ саны, олар ќ±рѓан поселкелер мен шаруашылыќтар кµбейе т‰сті. Ќазаќтыњ жерін зорлап тартып алу Патша µкіметі ќазаќ даласына бірнеше ѓылыми экспедиция жіберіп, жер жаѓдайын терењ зерттеді. Ќай жерге ќандай объектіні орналастыру ѓылыми жаѓынан негізделді.Ќахаќтардыњ барлыѓы 47 млн десятинадан астам ењ ш±райлы жерл ері тартып алынды.
Ќазаќтардыњ сандыќ кµрсеткіші кеміді, келімсектер µсті. 1911 жылы Ќазаќстанда барлыѓы 5 млн 408 мыњ халыќ болса, соныњ 67,2 пайызы ќазаќтар немесе 3 млн 639 мыњ адам, орыс пен украиндар 28,5 пайыз немесе 1 млн 543 мыњ адамды ќ±рды.Ќазаќтар µз елінен шет елдерге ќашуѓа мєжб‰р болды.
Ќалалар µсіп, оларда µнеркєсіп пен сауда, мєденгиет дамыды.
ХХ ѓасырджаыњ басында 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы , Столыпиндыќ реформа, бірінші д‰ние ж‰зілік соѓыс (1914-1918), 1916 жыѓы аса аумаќты ±л-азаттыќ кµтеріліс сияќты оќиѓалар болып µтті. Осы оќиѓалар Ќазаќстандаѓы саяси –ќ±ќыќтыќ жаѓдайѓа ерекше єсер тигізді.Патша µкіметініњ отаршылдыќ ж‰йесініњ репрессиялыќ сипати артты.. Бірінші орыс революциясы, Столыпин реакциясы, єсіресе 1916 жылѓы кµтерісшілерді жазалауда ж‰з мыњдаѓан ќазаќтар ќ±ѓын-с‰ргінге т‰сті.Тек Жетісу облысында 300 мыњнан аса ќазаќтар Ќытайѓа ќашты. Ж‰здеген ауылдар жоќ етілді .Мыњдаѓан адамдар ќырылды.
Бірінші орыс революциясыныњ ыќпалымен Патша µкіметі Мемлекеттік Дума ашып, оѓан сайлау µткізді. Барлыѓы 4 мемлекеттік дума ќызмет етті. Мемлекеттік думала Є.Бµкейханов, Б. Ќаратаев сияќты ќазаќ µкілдері сайланып, оныњ трибунасын ќазаќтардыњ ќ±ќыѓын ќорѓауѓа пайдаланды.
¦лт болашаѓы ‰шін к‰рес‰ші ±лттыќ интеллигенция ќалыптаса бастады. Оныњ басында ќ‰ресуші ѓалым –аѓартушылар А.Байт±рсынов, Є. Бµкейханов, М. Дулатов, т.б. ќайраткерлер т±рды. Ќазаќ баспасµзі : “Айќап” журналы (1911-1915), “Ќазаќ” газеті (1913-1918) ќалыптасып, отаршылыќќа ќарсы к‰рестіњ орталыѓына айналды. М.Дулатов “Оян, ќазаќ” деп ±ран тастады.
Патша µкіметі шешілмейтін т‰рлі ќайшылыќтардыњ топтасќан жері болды. 1917 жылы аќпанда соѓыс басрысында єбден к‰йзелген, революциялыќ толќулар мен ±лт-азаттыќ кµтерілістері ќамтыѓан жаѓдайда патша µкіметі ќ±лады. Елде Уаќытшы ‡кімет орнады. Ќайшылыќтарды шеше алмаѓан б±л ‡кімет те ±замай тарих схынасынан кетті.
Лекция № 5: Бірінші орыс буржуазияшыл – демократиялық 1905-1907 жылғы революция жылдарындағы Қазақстан.
Жоспар:
-
Бірінші орыс буржуазияшыл-демократиялық 1905-1907 жылғы революция жылдарындағы Қазақстан.
1
1905-1907 жылғы революция Ресей халықтарының барлығына қалай болса, Қазақстанда солай өз әсерін тигізді. Әріне, революциондық қозғалыстың нысандары да, оның қарқыны да орталық Ресейдегілерден ажыралып тұрды. Өйткені, біздерде капиталисттік даму жолында көп бөгеттер болды. Жұмысшы таптың кадрлары толық жетіспеген, пролетариаттың ұлттық тобы аз болған, жұмысшылар мен шаруалардың одағы оншалық қалыптаспаған еді. Бұлардың барлығы Қазақстандағы 1905-1907 жылғы революциялық оқиғалар өзгеше өтуіне өз әсерін тигізді.
9 январь 1905 жылы патшалықтың қарусыз жұмысшыларды оққа тұтуы туралы хабар қазақ даласына тез таралды. Өскемен, Екібастуз, Ақмола кендерінің еңбекшілері Петербургта өлтірілген жұмысшылардың отбасыларына көмек ұйымдастыру шараларын өткізді.
Бүкілресейлік саяси ереуілде Орынбор-Ташкент темір жолының, Түркістан, Арыс, Қазалы, Перовск шеберханаларының жұмысшылары қатысты. Семей, Ақмола, Торғай облыстарында ауылшаруашылық еңбеккерлерінің көтерілістері өтті. Өз мүдделерін біріктіріп, ереуілдерде орыс, қазақ жумысшылары бірге қатысты. 1905-1907 жылғы революция жеңілгенінен соң Қазақстанда да революциондық әрекеттерге тыйым салынып, террор уақыты келді. Ақмола, Семей, Сырдария облыстарында әскери жағдай енгізілді. Жиындар өткізілуіне қатаң тыйым салынды.
Лекция № 6. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары.
Патша өкіметі кұлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпы қазақ сьсзіндс ұлттық дсмократиялык саяси "Алаш" шртиясы құрылды, Партияның бағдарламасын жасау жөнде қаулы кабылданды, Ұзамай партияның Семей, Омбы, Торғай, Орал облысты комитететі кұрылды.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров т.б. бір топ қайраткерлерді сатынан 1917 жылы "Казақ'' газетінің 21 карашадағы санында "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды.
1917жылы 5 желтоқсанда Орынборда жалпы қазақ-кырғыз сьезі ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, Алтай губерниясы мен Самарқан облъсы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан бәрі 82 өкіл қатысты. Сьездің күн тәртібіндс 10 мәселе кұйылды, Соның алатауы таза мемлекеттік-кұқықтық мәселелер болды. Олар I. Сібір Түркістан автономияны һәм восточный союз туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесі. 8. Народный сот. 9. Аулное управление.
Сьездің басты мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекеттікке қол жеткізу болды. Сьсзд қаулысында:
I. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей , Жетісу, Сырдария облыстары, Фсрғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария боліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия кұрылуы болды.
II. Казақ-кырғыз автономиясы "Алаш" деп аталсын. Осылай жаза "Алаш" автономиясы кұрылды. Бұл автономиялы мемлекттің құрылуы болды.
"Алаш" автономиясы партия бағдарламасында көрсетілгендей "қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының бір ағзасы болуы, реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармсн әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-ақ жеке болу" сипатында болды6. Россия құрамынан шығып кететіндей тарихи мүмкіндіктің жоқ екенін "Алаш" көсемдері жақсы түсінді. Жоспардағы-дай етене жақын кырғыз халкымен бір автономия ретінде кұрылды.
Съезде "Алаш" автономиясынын орталық атқарушы-өкімші органы Ұлт Кеңесі — Алашорда үкіметі кұрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Соның 15-і сьезде сайланды. 10 орын басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Мұның өзі "Алаш" ацтономиясымда ұлт мәселесінде дұрыс та сындарлы бағыт болғандығын көрсетеді.
"Алашорда" — Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық, билігі болып табылды.
Алашорда үкіметі мсн Кеңес үкіметі арасындағы қатынас бірден-ақ күрдслі болды. Кеңес үкіметі ұлттарға кеңестік түрдегі автономия беруді жоспарлады. Кеңестік автономия пролетарлық интернационализм типіндегі жұмысшы табы мен шаруалардың диктатурасына сүйенген билік болуы қажет болды. Ал "Алаш"' автономиясы мұндай принципке қарсы болды. Алаштың идеалы ұлттық-демократиялық билік болды. Кеңес өкіметі Алаш үкіметін байлардың, канаушылардын. капиталистердің мүддесін көздеуші
И.Сталин 1918 жылы 19-20 мартта Алаш басшылары Ә.Бөкейхановпен және Х.Ғаббасовпен әңімелесті. И.Сталин Алаш өкіметін мойындауға мәжбүр болып, Алашорданың да Кеңес өкіметін мойындауын шарт етіп қойды. Сонымен қатар И.Сталин саясатқа салып Алашорда үкіметін жариялаған қазақ-қырғыз сьезінің шешімдерінің толық құкылы екендігін құптай отырып, сонымен бірге автономия, фсдерация алу немесе түбіндс "басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару' үшін Қазақстандағы кеңес өкіметін мойынап және онымен біріге отырып жалпы қазақстандық сьсзд шақырып ортақ тұжырымға келіп, оны орталықка табыс студі ұсынды7.
Кеңес өкіметімен байланыстан күдер үзген Алаш басшылары енді ақ гвардияшыл Сібір Уакытша үкіметі мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің Самара комитетіне сүйеніп автономияны сақтап кдлуға әрекет етті. Бірақ Уакытша Сібір үкіметі 1918 жылы 4 карашада Алашорда үкіметін таратып жіберді.
Лекция № 7. Х1Х ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мемлекеті мен
құқығы.
Жоспар:
1. Қоғамдық құрылыстағы, әкімшілік-саяси құруындағы, құқықтық жүйесіндегі өзгерістер.
-
Февральдағы буржуазияшыл- демократиялық революция дәуіріндегі Қазақстан.
1
Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер:
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және саяси арақатынастар бұл кезде теңқұқылы әрекеттестікті емес, бәлкім отарлық бағынысты шетел ауданның метрополиядан тікелей тәуелділігін білдіріп, Қазақстан жалпы империялық экономикалық жуйеге ене бастады.
ХХ ғасырдың басында оған капиталды алып кіру басталды. Дегенмен, Ресей капитализмы Қазақстанда тек елдің орталық аудандарына шикі зат пен азық-түліктің жіберілуін, өте үлкен пайда табуды қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ғана дамуына жағдай жасады. Ресей мен шетелдік өндірушілердің капиталдары тек ауылшаруашылық өнімді, шикі затты өңдейтін өнеркәсіпке, сауда мен тау-кен өндірісіне жумсалатын болған. Ресей капиталы бірденнен әрі өсімтал капиталдың қызметін атқарған. Кәсіпорындар майда болып, оларда істейтін жұмысшылар саны 3-4 –тен аспайтын еді. Олардың еңбекақылары өте төмен болған. Осы дәуірде Қазақстан аумағына ұмытылған шетелдік капитал тау-кен өндірісіне иемденді, мұнай, көмір кендер олардың қолына өтіп қалды. Өнеркәсіптік өндіріске пайда болып жатқан ұлттық буржуазия да тартыла бастады. Қазақ байлары былғары, май ерітіп алатын зауыттар, диірмендер, жұн жуатын орындар ұйымдарстырыла бастады. Олардан ірі капиталы бар кәсіпкерлер пайда бола бастады. Ақшаларын орта байларға өсімге беріп, олар әрі көп пайда көріп, әрі орта байлардың өндіріс ашуына себепші болып отырды. Орта байлар жұмыс орындарын ашып, кедейленген шаруаларға, малөсірушілерге, жатақтарға жұмыс берді. Олардың еңбек шарттары, ақылары өте төмен болған. Сонымен, орта байлар саны көбейіп, олар Ресейдегі кулактар көрінісінде болды. Олардың қолында істейтін жұмысшылар Қазақстан ауылшаруашылық пролетариатының қалыптасуына әкеп соқты.
Қазақстанның әкімшілік-саяси құрылысындағы өзгерістер:
1891 жылы Қазақстанда Февраль буржуазияшыл –демократиялық революциясына дейін әрекетте болған “Дала облыстарымен басқару туралы Ереже” патшалық Үкіметпен енгізілді. 1867-68 жылғы реформалармен салыстырғанда, бұл Ереже әкімшілік пен сот құрылысына, және салық жүйесіне өзгерістер алып кірді. Бұл реформа бойынша Қазақстанның барлық облыстары, Сырдария облысынан басқа, Дала генерал-губернаторлық құрамына қарайтын болды.
Генерал-губернаторлардың, уезд бастықтарының құқықтары бурынғы көлемде қалдырылды. Жергілікті басқару бұрынғыдай болыстар мен ауыл ақсақалдарында еді.
1905 жылғы қозғалыстан қорыққан патшалық пен буржуазия сол жылдың 11 декабрь күні 1 Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заңды шығарады. Сайлау көпсатылы, 25 жасқа толғандарға ғана берілді. Әйелдер мен жұмысшыларға оларға қатысу құқығы берілмеді. Ресейдің шығыс шеттеріне қосылатын 30 млн халқы бар Қазақстанға тек 14 депутат сайлау мүмкіндігі берілген еді. Олардың ішінде текқана 4 қазақ сайланды.
Құқықтық саладағы өзгерістер: Қазақстан аумағындағы құқық қалыптасуы үш қайнар көзге негізделген . жалпы империялық заңшығару; Қазақстан аумағы үшін арнайы шығарылған Ресей заңдары; билердің съезінде қабылданған ережелер. 1891 жылы бұл ережелермен салалық актілерге көп өзгерістер енгізілді.
2
27 февраль 1917 жылы Ресейде буржуазияшыл-демократиялық революция жеңді. Қазақстан аумағында да жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрыла бастады. Кеңестер негізінде еңбекшілердің мүдделеріне тиісті мәселелерді шешуге ұрынды: олар империалистік соғысты тоқтату және бейбітшілік келісімді түзуді, 8-сағаттық жұмыс күнін орнатуды, помещіктер жерлерін тәркілнеуді, жалпыға бірдей міндетті тегін білім алуды, еңбек шарттарын жақсартуды, жалақыны көбейтуді, қазақ шаруаларынан жерін алып қоюды тоқтатуды, ұлттық мәселелерді шешуді талап еткен еді. Олармен бірдей Қазақстанда Уақытша Үкімет органдары да құрылды. Олар ірі буржуазия, помещіктер, қазақтар қанаушы жоғарысының мүдделерін қорғайтын болған. Уақытша Үкімет Қазақстан облыстары мен уезддерін басқару үшін өзінің облыстық және уезддік басқаруды ұйымдастыру үшін ол жақтарға өз комиссарларын тиағайындаған. Жерлерде көп уақыт барысында ескі патшалық дәуіріндегі шінеуніктер қалып, өз қызметтерін жалғастыра берген.
Қалаларда, болыстарда бұрынғы шінеуніктерден, кулактардан, қазақтың байларынан құрылған атқарушы комитеттер “сайланған” болып, оларды басқарып отырды.
Болыс, ауыл, селоларда қазақтардың өзі-өзін басқару органдары- болыс басқарушысы, ауыл ақсақалы, орыстардағы старосталар қасында атқару комитеттер түзілді.
Солай етіп, Қазақстан аумағында да екі билік- буржуазия диктатурасы мен Кеңестер органдарының жуйелері құрылған еді. Уақытша Үкімет қазақтардың саяси құқықтарын қысқартушы патшалықтың барлық ережелерін, әскери-дала соттарын, билердің соттарын сақтап қалады. Ескі заңшығару күшінде қалдырылады. Дегенмен, еңбекшілердің мүдделеріне тиісті мәселелер – соғысты тоқтату, жер мәселесін шешу, құқықтарын қамтамасыз ету – барлығы шешілмей қалды.
Лекция № 8 Алашорда Үкіметінің құқықтық шаралары
Алаш партиясы мен Алашорда үкімсті құқықтық-мсмлекеттік жағдайға ерекше коңіл бөлді. Орынбор қаласында өткен бүкілқазақтық бірінші және скінші сьездерінің қаулыларында, Алаш партиясы бағдарламасының жобасында, Алашорда үкіметінің актілерінде 1917 жылғы 21-27 шілдедегі бүкілқазақ сьезінің калаулысында "Ресейде демократиялық, парламенттік, федеративтік республика" болуы керек деп көрсетілді'. Осындай ой Алаш партаясының бағдарламасында айтылды10. "Үкімет басында Құрылтай жиналысы, оның арасында Кұрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума белгілі мсрзімге сайлаған Президснт тұрады". Бұл жерде Кұрылтай жиналысын немесе бүкіл халық сайлап койған өкілдер жиналысы мемлекет басында тұрады деп көрсетілген. Мұнда халық мемлекеттегі ең жоғарғы күш, биліктің нағыз қайнар көзі деген мән бар. Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-мезгіл сессия түріндс жұмыс істейді. Себебі оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттін қол астында болады.
Ғасыр басында Президенттік басқарудағы мемлекеттің әлемде санаулы болғандығын ескерсек, Алаш қайраткерлерінің мсмлекет басқару ісіндс каншама озық ойлы болғандығын кереміз. Ресейде бұл кезде Президенттік басқару туралы тым аз айтылатын. Қазақстан Президенттік басқаруға тек XX ғасырдың соңында аяқ басты.
Алаш партиясы мен үкімсті дініне, жынысына, ұлтына, шығу тегіне карамай тез сайлау құқығын жақтады. Депутаттар төте, тез және құпия дауыс беру арқылы сайланады.
Алаш партиясы Ресей федерациясы кұрамындағы Қазақ автономиясын жақтады. Мұнда ұлттық және тұрмыстық, ерекшеліктер ескерілуі тиіс болды.
Автономия өз ксзеңінде облыстарға бөлінеді. Бұрынғы земстволар немесе жергілікті құрылымдар сақталатын болды.
Алаш партиясы демократиялық бостандықтар мен кұқықтарды жақтады. Жеке бастың тендігі, сөз, баспасөз, одақтар бостандығы жарияланды. Айыптаусыз және тергеусіз соттауға болмайды. өзгенің хат-хабарын руқсатсыз оқу айыпка тартылуға жатты.
Дін мемлекеттен бөлінген, әркім тең және еркін болуы тиіс. Қазактардың өз алдына муфтиі немесе діни орталығы болуы кажет болды. Туу және өлім туралы, некелесу мен ажырасу молдаларға берілуді жақтады Алаш қайраткерлері.
Калыңмал жойылды. Неке жасы әйслдср үшін 16, ерлер үшін 18 жас болып бслгіленді.
Алаш партиясы мен Үкіметі сот ісіне ерекше мән беріп әр халықтың соты әдет-ғұрыпқа лайық болуы керек деп корсетті. Сот ісі қай халық болса, сол тілде жүреді. Сот алдында барлық халықар тең. Құдайдан кейінгі ең күштілер сот пен заседательдер болғандықтан оларға барлығы бағынуы тиіс дсп, соттың ерекше ролі атап өтілді.
Сот шешімі тез арада жүзеге асуы тиіс; болды. Сот істі міндстті түрде присяжной заседательдермен қаралуы тиіс болды.
Бүкілқазактық сьезд қаулысънда сот туралы:
1. Қазіргі қазақ халық соты жойылсын.
2. Қазақтардың тұрмыстық жағдайына лайық ескіІ сотсыз орнына жаңа сот кұрылсын деп жазылды.
Сьезд арнайы комиссия кұрып, жаңа сот жүйесі жөніне нұсқаулар жасауға тапсырма берді.
Халыққа білім беру барлық оку орындарында тегін болуы тиіс болды. Қазақтардың орта, жоғары оқу орындарын ашу құрастырылды. Алаш үкіметі кұрмақ болған мектептің бір ерекшелігі, ол автономды болуы тиіс болды. Үкіметтің мектептің ішкі өміріне араласпауы қарастырылды. Барлык мұғалімдер мен профессорлар сайлануы тиіс болды.
Құрылтай жиналысында жср туралы заң кабылдағанша жсрді пайдаланудың мынадай уакытша төртібі кабылданды:
I) жерге жеке меншік институты жойылды; 2) жер қазынасын, балық байлығын және судың күшін пайдалануға рұқсатты тек Алашорда береді: 3) қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауларын жсргілікті өзін-өзі басқару земстволары шешеді; 4) акпан рсволюцясынан кейінгі коныс аудару учаскелеріне барлық аударылған жерлер және оларға кесінділер кіші жойылды деп есептеледі. Алашорданың 1918 жылғы 11-24 маусымда кабылдаған жер жоніндсгі каулысы барлығы 12 тармақтап тұрды. "Бұрын қазақтардан тартып алынған жерлер толық қайтарылуы" тиіс деп жазылды Алаш партия-сының бағдарламасы жобасында. Сондай-ақ қазақтардың шұрайлы жерлерге қайта қоныстануы да Алаш назарында болды. Жерді сатуға қатаң тиым салу кажет. Жердің бар байлығы: ормандар, өзендер, жер асты казынасы мемлекет-тіпті және земстволар аркылы басқарылуға тиіс болды. Жерді қазақтың дәстүрі бойынша ру болып пайдалануды жақтады Алаш басшылары.
Алашорданың жер саясатының негізгі бағыттары белгілі болғанымен ол түпкілікті түрде құрылтай жиналысының шешімін күтті. Алашорда автономия" болған соң оның заңы Федеральдық заңға сай болуы тиіс еді.
Орталық үкімет Алашорда территорияларын жергілікті облыстык және уездік кеңестер арқылы басқарады. Облыстық жәнс усздік кеңестср құрамын Алашорда үкіметі бекітеді. Облыстық кеңестер ең кемі 3 адамнан тұрады. Соңынан облыстық, уездік земстволық жиналыстар облыстық, және уездік ксңестердің кұрамын сайлауға тиіс болды. Сайланған кеңес мөшелері Алашорданың бекітуіне жатты.
Алашорданың облыстық кеңестері жан-жақты қызметпен айналысты. Олардың ішінде әскерге шақыру, салық жинау, мәдени-экономикалық жұмыстар, қоғамдық тәртіпті қадағалау, аграрлық мәселемен айналысу, қажет жағдайда көрші автономиялармен байланысқа шығу, т.б. бағыттар болды.
Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із калдырды. Оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып оның саяси-құкықтық жағын нсгіздеді.
Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып құқығын жаңа жағдайға ұқъшты пайдалана білді. Алаш басшылары аса білікті, күрескер қайраткерлер ретінде тарихта енді. Бірақ сол кезеңдегі тарихи-саяси жағдай Алаш идеясын, Алашорда автономиясын бесігінде тұншықтырып тастады.
Президент Н.Ә.Назарбаев "Алаш" партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әрекетін жоғары бағалап, өзінің "Тарих толқыныда" деп аталған кітабының бір бөлімін "Алаш" мұрасы және осы заман" деп атады. Онда Алаш мұрасы жан-жақты зсртеліп бағаланды. Елбасы "Алаш" партиясының жетекшілері ұсынған кептеген кағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сактап отыр. Бұл ұлттық емес патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындықа бейімдеу еді" дей келе "Қазақ халқы өзінің басты мақсаты — ұлттық мемлекеттілігін кайта калпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда, окиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қоға-мындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі болышевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты", - деп жазды
Лекция № 9: Кеңестік мемлекет пен құқықтың қалыптасуы
(1917-18 жылдар).
Жоспар:
-
Октябрь революциясы мен оның бірінші декреттері.
1
25 октябрь 1917 жылы Ресейде Ленин мен большевиктер партиясы басқарған Октябрь революциясы жеңді. Билік буржуазияның, капиталисттердің қолыннан пролетариат диктатурасы органдарының қолына, кеңестерге өтуі жарияланды.
Большевиктер құрмақшы болған кеңестік мемлекеттің болашағы империяның құрамына кірген көп ұлттарды, халықтарды біріктіре алуына, барлығына бірдей жағымды ұлттық идеяны табуына және оны жүзеге асыруына байланысты болғаны айқын еді.
Бұл мәселені Ресей патшалығы, оның Үкіметі шеше алмады: буржуазиялық қоғамдағы еңбеккерлер мен канаушылар қатынастары бірдей болуы, өндірістік құралдарға жеке меншік болуы шарасыз адамдарды ажыратып, ұлттық қайшылықтарды және теңсіздікті күшейтіп отырды.
Ленин өзінің “Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы туралы” шығармасында бұл мәселелерді шешу идеясына мынадай анықтама берді: “Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу дегенде олардың бөтенұлттық ұжымдардан мемлекеттік бөлініп шығуы түсініледі, дербес ұлттық мемлекет құрылуы түсініледі”. Осымен әр бір ұлттың өз мемлекеттік құрылысында, “өз” мемлекетін құру тәжрибесін арттыруда теңдігі мойындалды.
Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында, 7 ноябрь 1917 жылы болып өткен жұмысшылар мен шаруалар депутаттары Кеңестерінің Бүкілресейлік съезі қабылдаған “Бейбітшілік туралы” декретінде барлық соғысып жатқан халықтар мен олардың үкіметтеріне аннексиясыз және контрибуциясыз әділетті демократиялық бейбітшілік туралы келіссөздерді дереу бастау ұсынылды және барлық халықтардың бостандығы және теңқұқықтығы жарияланды.
Бұл бағыттағы бірінші заңшығару актісі “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы” болып тұрды. Ол 2 ноябрь 1917 жылы шығарылып, онда шаруаларды помещиктердің билігіннен босату, помещиктердің жерге меншігін жою, солдат пен матростарды генералдар билігіннен босату, жұмысшыларды капиталисттердің зорлық-зомбылығыннан босату туралы айтылды. Кеңестік мемлекеттің мақсаты- Ресей халықтарының ерікті одағын құруды жүзеге асыру деп жарияланды.
Бұл акті көп ұлтты Кеңестік социалистік мемлекет құру үшін заңды негіз болып қалды, және Ќазақстан еңбекшілерінің революцияны өз жеңісі деп мойындауына, және оны қолдауына әкелді.
Лекция № 10: Қазақстанда Кеңестік биліктің орнатылуы мен нығаюы.
Жоспар:
-
Қазақстанда Кеңстік биліктің орнатылуы.
-
Қазақстанда Кеңестік биліктің нығаюы.
1
23 октябрь 1917 жылы Ташкент қаласында жұмысшылар, солдаттар және жергілікті кедейшіліктің көтерілістері өтіп, бұның нәтижесінде Түркістан өлкесі аумағында Кеңестік билік орнатылды. Бұл оқиға Қазақстан оңтүстік аудандарының еңбекшілеріне үлкен әсерін тигізді. 30 октябрьде Перовскийде (Қызыл-Ордада), кейінше Түркістан, Шымкент және Қазалыда жұмысшы және солдатттар депутаттарының Кеңестері құрылды. Қазақстанда ұлттық жұмысшы тап жоғына байланысты Кеңестер құрамына орыс пролетариаты және ең кедей шаруалары, сондай-ақ қазақ еңбекші шаруалар кірген еді.
15-23 декабрь 1917 жылы Омба қаласында жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің Ш Батыс-Сибир съезді болып өтті. Бұл съездің кәзіргі замандағы Солтүстік-Қазақстан, Көкшетау, Целиноград, Қарағанды, Семей және Шығыс-Қазақстан облыстарында Кеңестік билік орнатылуына үлесі өте үлкен болды. Ол орталыққа телеграмма жолдап, бірғана билікті –Кеңестік билікті мойындауы туралы хабарлады. Оның резолюциясы бойынша Батыс Сибирдағы барлық губерниялар мен уезддерде жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттары Кеңестері, олардың атқарушы комитеттері жаңа биліктің жалғыз ғана өкілдері болып қалды. Олардың құрамында салалық комиссариаттар құрылып, тікелей басқару жұмысын атқарушы комитеттің бағынысындағы комиссиялар жүзеге асырды.
Дәл осы съезден кейін Қазақстанның барлық аумағында Кеңестер құрыла бастады.
Буржуазиялық таптың мүддесі бұл процестерге қайшы болып, олар 27-29 ноябрь 1917 жылы Қоқанд қаласында 1Ү Төтенше жалпы мұсылман съезінде Қоқан автономиясын жариялады. Оның билігі кәзіргі Кзыл-Орда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарына таратылуы қөзделген еді.
Орынбор қаласында 1917 жыл ноябрь айында революцияға қарсы көтеріліс жасалып, әскери диктатура орнатылды. Оны атаман Дутов пен меньшевиктер, эсерлер өкілдері басқарып, Кеңестік билікке қарсы қүрес бастайды. Оларға адмирал Колчактың “Сибир Үкіметі” қосыла әрекет жасады. Оның құрамында болған “Алаш-Орда Үкіметінің” басшысы Бүкейханов большевизмнің далаға таралуына жол бермеуге шақырды.
2
Кеңестік билікті нығайту үшін партия ұжымдарының алдында ескі мемлекеттік машинаны бұзу, жұмысшылар тарапына шаруаларды тартып алу міндеттері тұрған еді. Қазақстандағы бұл істің айрықша қиындығы біртұтас партия орталығы болмауымен және жергілікті партиялық ұжымдар арасында күнделікті байланыс жоғымен серттелген еді. Ескі мемлекеттік машинаны бұзу және мемлекет басқару органдарын жаңадан құру мақсатында 8 апрель 1918 жылы Семей облысы Кеңесінің әділет басқармасы Семей қаласындағы Уақытша Үкімет сот мекемелерін тарату және олардың орнына екі алқадан- қылмыстық және азаматтық істер бойынша алқалардан тұратын жаңа округтік сот құру туралы жариялады. 1918 жылы март-май айлары ішінде Торғай, Сырдария, Жетісу облыстарында халық соттары құрылды. Қазақстан аумағы бойынша олардың жалпы саны сол кезде 60-қа жетті. Дегенмен, тек бұзумен ғана шектеліп қалуға болмайтыны анық еді.
Сондықтан, Кеңестік билікті нығайтуды Кеңестердің барлығын өкілетті органдар біртұтас жуйесіне айналдырудан, жаңа кәсіптенген кадрларды дайындаудан бастау керек еді. Бұл мәселе қысқа мерзімді кеңестік қызметшілерді дайындайтын курстарды ашу, орындарда бірыңғай саясаттты өткізуге оқытылған ең кедей халықтың өкілдерін іске жіберу арқылы шешілді.
Екіншіден, Кеңестердің П съездінде қабылданған Декретке сәйкес, қазақ өлкесіндегі жердің барлығы ұлттандырылғаны, және еңбекшілердің пайдалануына берілгені туралы жарияланды. Жер есебі болыс пен уезддердің Комитеттеріне жүктелді. Кәсіпкерлермен түзілген жер пайдалану шарттардың барлығы жойылды. Олардағы мүлік, тірі және өлі жабдық Ресей Федеративтік Социалистік Р-сы пайдасына ұлттандырылғаны және облыстық Кеңестің Жер –су комитеттері қарауы мен бақылауына дереу өткізілуі ескерілді. Барлық қазыналық, шіркеулік, мектеп жерлері шаруалар арасында бөлінетін қоғамдық қорға өткізілді.
Принцип есебінде жермен тек онда істейтін адам ғана пайдалана алатыны бекітілді.
Үшіншіден, Қазақстан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығында жұмысшылар бақылауы орнатылды. Ленин бұған арналған, Қазақстан аумағындағы ірі кәсіпорындарды, олардың ішінде Екібастұз кендерді, Ақмола облысындағы Спасск мысеріткіш зауытты, Риддершіл қәндерді, Риддер темір жолын ұлттандыру туралы қаулыға 17 май 1918 жылы қол қойған.
Лекция № 11: Қазақстанда Кеңестік мемлекеттілікті орнықтыру.
Жоспар:
-
Қазақстан автономиялық Кеңестік социалистік республикасын құру.
1
Азаматтық соғыс пен шетелдік интервенция кезінде мемлекеттік басқару органдардың жуйесі ревкомдардан құрылған болып, негізінде жауды тойтаруға, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға, тәртіптілікті орнатуға өзінің үлкен үлесін қосты.
Соғыс аяқталғаннан соң Қазақ өлкесімен басқару үшін қазақ халқының ұлттық мүддесіне сәйкес, ұлттық мемлекеттілікті жарату мақсатында В.И.Ленин мен Калинин Совнарком мен ВЦИК атынан “Автономиялық Қырғыз кеңестік социалистік республикасын құру туралы” декретке 26.08.1920 жылы қол қояды.
Декретпен республиканың шекаралары мен аумағы анықталды, республикамен басқаратын мемлекеттік билік жоғары органдарының жүйесі құрылды.
Мемлекеттік өмірдің жекелеген салаларымен басқару үшін 12 халық комиссариаттары құрылды. Біртұтас саясат өткізу үшін оларды басқаратын басшылар РСФСР-дің тиісті халық комиссариатарымен келісілген жағдайда тағайындалуы тиіс еді.
ҚАКСР-сына қажет қаржылар РСФСР қаржыларынан бөлінуі көзделген еді. (декреттің 8-бабы). Дегенмен, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесі қазақ халқының еркіне сәйкес жүзеге асырылғанын ұмытпауымыз керек.
Автономиялық Республиканың еңбекшілерінің осы еркін білдіру және заңшығару нысанында бекіту үшін 1 октябрь 1920 жылы өткізілген қазақ өлкесінің бірінші партиялық мәжілісі “ҚАКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы” жобасын істеп шығарды және ол 6 октябрь 1920 жылы өткен Бүкіл Қазақ Кеңестерінің құрылтай съезімен бекітілді. Бұл құжатта қазақ жерінде отаршылдық жойылуы, ескі феодалдық және капиталистттік меншік құқықтар, адаммен адамды қанау жойылуы көрсетілді, кеңестік социалистік автономия ұлттық мемлекеттілік нысандарының бірі есебінде мойындалды. Бұл “алашордалық” ұлтшыл автономияны құру және нығайту ұраңдарына қарсы салмақ болды.
Саяси құрылыстың, автономиялық республиканың РСФСР-мен арақатынастарды шешуден басқа, бұл Декларацияда жер, еңбек, экономиканы көтеру, ағартуды жүргізу, әйелдердің , әр түрлі ұлттардың өзара теңқұқықтығы туралы мәселелер де өз шешімін тапты.
Солай етіп, қазақ автономиялық республикасының мемлекеттік билік органдырының жуйесі де белгіленді: Бүкілқазақ Кеңестерінің съезі, Бүкілқазақ орталық аткару комитет, Кеңестік социалистік республикасы халық комиссарларының Кеңесі.
Лекция 12: Көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды
отырықшыландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың
құқықтықжақтары және оның зардаптары
XX ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басы қазақ халқы үшін аса бір қасіретті кезең болды. Мыңдаған жылдар көшіп-қонып, жеке мал шаруашылығымен айналысқан халықтың тұрмысында күрделі бетбұрыс жасалды. Көшіп-қону жойылып, халық отырықшылыққа айналдырылды. Жеке көшпелі мал шаруашылығы қиратылып, қазақтар ұжымдасты немесе колхозға кірді.
Кеңес Одағы бойынша жүргізілген колхоздастырудың Қазақстандағы ерекшелігі ол отырықшыландырумен қатар жүрді. Колхоздастыру Кеңес Одағы бойынша жоғарыдан зорлықпен жүрді. Оның қорытындысында миллиондаған адамдар қырғынға ұшырап, ауыл мен деревня күйреді. Ал Қазақстандағы ауырлық пен Қиындық отырықшылықпен қосқанда екі есеге өсті. Бұған 1927 жылы басталтан байлар мен кулактарды тап ретінде жоюды қосқанда қазақ халкының қасіреті онан да ауырлай түсті. Қорытындысында 1,8 млн. қазақтар қырылып қалды. Бұл шамамен бүкіл халыктың 42 проценті болды. Ауыл шаруашылығы түгелдей қарады. 1928 жылы 40 млн-нан аса мал болса, 1932 жылы сонша 4 млн-ы ғана қалды.
Бұл шаралардың осыншама ауыр зардаптарға соқтыруы Қазақстан олкелік партия комитетін 1925 пен 1933 жылдардың арасында басқарған Ф. И. Голощекиннің жүргізген саясатына да байланысты. Ол Кеңес үкіметін қолмен құрған басшылықтағы өз позициясы бар қазақ қайраткерлерін түрлі айыптармен түгел құғынға түсірді. Қасына өз айтқанынан шықпайтындарды қалдырды. "Кіші Октябрь" теориясымағын ойлап шығарып халықты қырғынға ұшыратты. Зорлықка шыдамаған халық, үлкен аймақтарды қамтыған ондаған ірі көтерістер жасап, қанға бөкті.
Осыншама ауыр зардаптарға ұшыратқан шаралардың құқықтық негіздері қандай болды. Оның негізінде Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясының ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және кулактарды тап ретінде жою туралы қаулылары жатты. Бұл партияның стратегиялық бағдарламасы ретінде үлкен зорлық пен террор арқылъі жүзегс асты. Қазақстан өкіметі мен оның жәрдемшілері отырықшылдандыру мен колхоздарды ұйымдастыруды, байларды тіркілеуді аса тұрпайы және қырғынды сипатта өткізді.
1928 жылы қазақ халкының 75,5 проценті көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қазақстанның 119 әкімшілік аудандарының 9-ы көшпелі. 85-і жартылай көшпелі, 25-отырықшы бодды. Оның үстіне сауатсыздықтың деңгейі өте жоғары еді. Ұжымдастырудың алдында қазақ байларын тап ретінде жою шарасы жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда ҚазОАК пен Халкомкеңесінің "Ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдардың шаруашылығын конфискациялау туралы" декреті шықты. Бұл декрет бойынша байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүлкі, байлығы тіркіленіп, іздері отбасымен бірге жер аударуға жатты. Олар ауылды кеңестендіруге зиянды топтар деп танылды. Осы декрет негізінде 1928 жылдың күзінде өлкеде 696 ірі бай, жартылай феодалдардың мал-мүлкі тіркіленіп, зорлықпен тартып алынып (150 мың мал, ауыл шаруашылығы құрал-саймандары) 20626-дан астам кедейлер мен кедейлер қожалығын нығайтуға, 293 жаңа мал артельдер мен 5 совхоз құруға негіз болды.
Байларды тәркілеу үлкен зұлымдықпен аяусыз жүргізілді. Байлардың қатарына көптеген орта шаруалар да қосылып кетті.
Заң бойынша тәркілеу туралы шешімді ауылдың кедей-жалшыларының жиыны анықтады. Ал тәркіленген мал колхоздардың мүлкіне айналды.
1930 жылғы 15 наурызда ҚазОАК пен Халкомкеңестің "Жаппай коллективтендіру аудандарындағы ауыл шаруашығын қайта құруды нығайту және бай-кулактармен күрес жөніндегі шаралар туралы" құлысы қабылданғаннан кейін бар болғаны бір айдан соң республикада 3113 адам қамауға алынып, 2450 адам сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы қамауға алынып, жер аударылды. Бұл толық, емес деректер.
Осылай қазақ байлары ұжымдастыру мен отырықшыландырылу алдында және барысында мал-мүлкі мен шаруашылығы тәркіленіп өздері қамалып, жер аударылып тап ретінде тарихтың сахнасынан кетті. Көптеген байлар Қытайға, Ауғанстанға өтіп кетті немесе жолда Қызыл Армияның отына ұшты. Тірі қалғандары кейінірек ешқандай мүліксіз үй-жайсыз өз тұрақтарына оралды.
Отырықшыландыру шаралары көшіп-қонып жүрген қазақтарды отырықшылыққа өткізу ұжымдастырудың бір бағыты ретінде жүргізілді. Бұл процесс тек зорлықпен, террордың күшімен жүзеге асты. 1930 жылы ҚазОАК-тың II сессиясы "Қазақ, халқын отырықшыландырудың жолдары туралы' қаулы алды. Каулыда отырықшылыққа өтудің жолдары зорлықсыз болғанымен, шынында ондай болмады. Қаулыда отырықшылыққа өтетін ауылдарға несие беру, көлікпен жәрдем ету, қаржы бөлу, оларға арнайы жер бөлу, басқа да жеңілдіктер жасау қарастырылды. Бұл іс жөнінде үкіметке арнайы тапсырма берілді. Үкіметтің шешімімен оның жанынан отырықшылық жөніндегі Халхомкеңес төрағасы бастаған тұрақты комитет құрылды, оның арнайы ережесі жасалып бекітілді. Комитеттін шешімдері республикадағы барлық мемлекеттік мекемелер үшін міндетті болды. Округтер мен уездік кеңестер жанына отырықшылық комиссиялары құрылды.
Одақтық және РКФСР үкіметі отырықшылыққа өтуге жәрдем етіп, оны қаржыландыруды одақтық және Ресей федерациясының бюджетінің есебіне алды. Бұл туралы КСРО Халкомкеңесінің І930жылғы ақпандағы "КАКСР-дің халық шаруашылығы жоспарының дамуы туралы" қаулысында айтылды.
КАКСР Халкомкеңесі отырықшылыққа қайта оралып 1930 жылы 6 тамаша "1910 жылдың 1 тамызы жағдайындағы отырықшылық жұмыстың барысы туралы' деген қаулы қабылдады. Қаулы бойынша отырықшылық жұмыспен айналысу бұдан былай Жер халық комиссариатына тапсырылды. Осы комиссариаттың ішінде отырықшыландыру жөнінде сектор құрылды. Бірақ бұл жұмыс бір сектордың шеңберіне сыймайтын еді. Осыдан кейін Халкомкеңес 1931 жылғы 6 мамырда "Халкомкеңес жайындағы отырықшыландыру комитететін мәселелері туралы" тағы да қаулы алды. Отырықшыландыру комитетіне директивалық орган құқығы берілді оның нұсқаулары міндетті болды.
1931 жылы рсспубликадағы 700 мың шаруашылықтың 567 мыңы көшпелі. жартылай көшпелі (23 мыңы байлардікі) болды. 1930 жылға дейін 60 мың шаруашылық отырықшыландырылды. 1932 жылдың басында 137 мың шаруа-шылық отырыкшыланды. Үкіметте отырықшыландырудың нақты тереңдетілген жоспары болмады. Тек 1930 жылы отырықшыландырудың бас жоспары жасалды. Үкімет басшысы О.Исасвтың өзінің отырықшыландыру туралы көз-қарасы бұлдыр болды. Ол Ф.Голощекиннің толық ықпалында қалды.
1932 жылы отырықшылықты ІОО процентке орындау туралы қозғалыс күшейді. Асыра сілтеушілерге орын берілді. Тіпті киіз үйлерден көшелер тұрғызылып, бүкіл мал бір жергс қамалды. Мұндай асыра сілтеулер малдың қырылып, осылай отырықшы болған ауылдардың тез-тез болып ыдырап кетуіне алып келді. Отырықшыланған ауылдар ұжымдарға, колхоздарға бірікті. Қазакстандағы зорлық пен асыра сілтеугс БК(6)П ОК-ті де көңіл аударды. Оғырықшыландыруда, ұжымдастыру да ерікті түрде жүруі тиіс еді. Бірақ олай болмады.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бүкіл Кеңес Одағы бойынша жүргізілді- оған негізгі басшылық жасаушы орган Бүкілодақтық Компартияның Орталық Комитеті болды. 1930 жылы БК(б)П-ның "Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына жәрдемі туралы" қаулысы шықты. Қаулыда Кеңес Одағының территорияларында ұжымдастыруды қалай жүргізу және қашан аяқтаудың мерзімі көрсетілді. Казақстанда ұжымдастыруды 1931 жылдың соңы 1932 жылдың басында аяқтау көзделді. Ұжымдастыруды ерікті түрде жүргізу ерекше атап өтілді.
Бірак жергілікті жерлерде зорлықпен ұжымдастыруды тез аяқтау үшін жарыс басталып кетті. Ұжымдастыру мәселесі ҚазОАК-тың, Халкомкеңестің, өлкелік партия комитетінде тұрақты түрде қаралып тұрды. Зорлық пен күш қолдануды пайдаланудағы үлгіні мемлекеттік органдардың іздері көрсетті. Ауыл-ауылдарда өкілдер мен әсіре белсенділер қаптап кетті. Колхозға қарсылар тап жауы ретінде жазаға тартылып жатты. 1928 жылы ұжымдастыру 2% болса, 1930 жылы сәуірде 56,4%, 1931 жылы қазанда 65%-ке жетті. Байларды тәркілеу мен отырықшыландыру ұжымдасумен қатар жүріп жатты. Зорлықарта түсті. 1929-1933 жылдар аралығында толық емес мүліметтер бойынша Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың Қазақстандағы өкілетті өкілінің үштігі 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім шығарып, 3386 адам ату жазасына, 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін сотталды. Қуғынға бүкіл отбасылар, рулар, әулеттер қырғи тигендей ұшырады.
Мал қырылып, ел жат елдерге қаша бастады. Мұның арты ел еңсесін көтере алмаған үлкен аштыққа ұшырады. Ғасырлар бойы жауымен жағаласып, елдігін сақтап қалған Қазақ халқының жартысына жуығы содыр саясаттан бейбіт кезде аштан қырылды, шет елдерге жан сауғалап тоз-тоз болып ауып кетті.
Нәтижесінде республика басшыларының басшылық өрекетінің қорытындысы түптеп келгенде халық жауының іс-әрекетінен де асып кетті.
Сөйтіп тарих ешбір ақтап ала алмайтындай, зардабы талай буындарға жететін қасіреті мол қателік жіберілді.
Ұжымдастыру мен отырыкшыландыру осындай зардапты жолдармен жүзеге асты, адамдардың құқығы мен бостандығы іс жүзіңде аяқ асты болды.
Лекция № 13: Қазақстан автономиялық кеңестік социалистік республикасындағы
басқару жүйесі мен құқықтың дамуы.
Жоспар:
-
КСРО қалыптасу дәуірдегі мемлекеттік басқару.
-
Құқықтың дамуы.
1
Патшалық Ресейдің құрамына оның әр түрлі губернияларының құрамында болған, халқының басым бөлігі қазақ болған жерлер, Қазақ автономиялық республикасына қосылу мәселесі екі сатыда шешілген .
Бірінші кезеңі –бұл 26 август 1920 жылы РСФСР жоғарғы органдарының декретімен – Ақмола және Семей губерниялары Қазақ автономиялық республикасы құрамына өтті. Түркістан автономиялық республикасы құрамына кіретін Сырдария және Жетісу облыстары да жоғарыда көрсетілген декретімен (Бүкілтүркістан қазақ кедейлері съезі шешімінің негізінде) Қазақ автономиялық республикасы құрамына кірді. Барлық қазақ жерлерінің бұл республика құрамында бірігуі 1924 жылы аяқталды.
Қазақстан Кеңестерінің Ү съезі бірігуден кейінгі бірінші съезі болып, қазақ халқының дұрыс аталуын қалпына келтірді. Өз қауылысында ол “Бұдан былай қырғыздардың қазақтар деп аталуды “, сондай-ақ Қырғыз автономиялық кеңестік социалистік республикасы атауы “Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы” деп аталуын белгілейді. 1922 жылы 30 декабрь күні болып өткен КСРО Кеңестерінің 1 съезінде КСРО құру туралы Декларация мен Шарт қабылданады. Бұл құжаттарға Қазақ АКСР-сының өкілі де қол қойған. Бұның нәтижесінде, КСРО Конституциясы Кеңестердің П съезімен бекітілгеннен соң, 1924 жылдың қантар айыннан бастап Қазақ автономиялық Кеңестік социалистік республикасы КСРО–ға РСФСР–дің автономиялық бөлігі ретінде кіреді.
КСРО қалыптасу дәуіріндегі мемлекеттік басқару:
“Жер туралы” декретті орындау бірнеше маңызды міндеттерге бөлінді: қанаушылардан алып қойылған және тәркіленген жерлер тең жерпайдалану принципине сәйкес еңбекшілердің қолдарына берілді. Ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында жеке шаруашылықты жүргізген шаруаларға қарыз, жеңілдіктер беру арқылы қолайлы жағдай жасалды. Салықтар жүйесі кедейлерге көп жеңілдіктер берілуін ескерген еді.
Будан басқа өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар да уйымдастырылды. Қаржылардың тапшылдығына байланысты олар бірінші кезекте ірі, бір біріне байланысты кәсіпорындарға бөлінді. Басқа кәсіпорындар жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп отырды. Негізгі көмек Қазақстанның тау, мұнай, ас тұз өнеркәсібіне көрсетілді. Бұл шаралар түсті металлургия дамуына жол берді.
Аса маңызды іс-әрекет ретінде сауасыздықпен күресу, ағартушылықты жүзеге асыру қарастырылды. 1923 жылы республикада жалпы міндетті бастаушы білім алу енгізілді. Оқу орындар Қазақстанның өзінде ұйымдастырылып, Ресей оқу орындарына орын бөлініп, ұлттық жастарды оқытып, мамандарды көбейту жолға қойылды.
2
Жаңа экономикалық саясатты жүргізу үлкен заңшығару жұмыс өткізілуін талап етті: қылмыстық, азаматтық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу, жер, орман, еңбектік құқық бойынша кодекстер шығарылды. Бұл заңшығарумен негізгі меншік нысаны ретінде жетекші деп мемлекеттік немесе кооперативтік-ұжымдық меншік мойындалған еді. Дегенмен, азаматтық кодекс майда сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарға меншік пен жеке шаруашылық іс-әрекетті де мойындап отырды.
Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланып, ол тікелей және мерзімсіз пайдалануға жекелеген еңбекші және ұжымдық шаруаларға берілді.
Заңшығаруда көшпелі халықты отырықшы халыққа айналдыру шаралары да көзделген еді. Еңбек кодексімен 8-сағаттық жұмыс күні, әлеуметтік қамсыздандыру, құқықтық кепілдер көзделген еді. Қылмыстықпен күресуге де тиісті мән берілген еді.
Бұл іс-шаралардың тиімділігі 1925 жылы-ақ сезіле бастады. 1920 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің өндірісі 5-6 есе өскен болды. Бұл таңдалған жолдың дұрыстығын көрсетіп отырды.
Лекция № 14: КСРО құрамындағы Қазақстанның саяси- құқықтық мәртебесі .
Жоспар:
-
Қазақ автономиялық Кеңестік Социалистік республикасының Одақтық республикаға айналдырылуы.
-
ҚКСР-сының 1937 жылғы Конституциясы.
-
Құқықтық салалардың дамуы.
1
Қазақстанның саяси, экономикалық, мемлекеттілікті дамыту бағыттардағы жетістіктері, жұмысшы және шаруа таптарының қалыптасуы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы жеңістер, оның КСРО құрамындағы рөлі мен маңызы жоғарылуына әкеп соқты.
Бүкілодақтық Коммунистік Партияның Орталық комитеті жоғарыда айтылған одақтас халықтардың өміріндегі үлкен өзгерістерді есепке ала КСРО–ның жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігін мойындап, Конституциялық Комиссияны құрады (1935 жылы). Бұл Конституция жобасында Қазақ автономиялық кеңестік социалістік р-сы одақтас республикаға айналдырылуы көзделген еді.
Бүкілхалық талқылауыннан өткен бұл жоба 5 декабрь 1936 жылы өткізілген төтенше КСРО Кеңестері ҮШ съезімен қабылданды. Бұл акті қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттілігінің дамуында ерекше тарихи маңызға ие. Қазақстанның одақтас республикаға айналуы оның бүкіл дамуының барысымен, қазақ халқының еркімен серттелген еді.
Құрылған Конституциялық комиссия Қазақ Р-сы Конституциясының жобасын істеп шығып, оны халық талқылауына ұсынады. 26 март 1937 жылы Алматыда өткен Төтенше Х Кеңестердің Бүкілқазақстан съезінде бұл жоба бекітіліп, Қазақстан Кеңестік Социалистік Р-сы Конституциясы есебінде күшке енеді.
2
Конституция 124 баптан, 11 тараудан тұрган еді. Ол Одақ конституциясына толық сәйкес еді. Бұнымен одақтық заңдардың одақтас республикалары заңдары алдында приоритетттігі қамтамасыз етілді.
Конституцияда қазақ халқының патшалық пен ұлттық буржуазияның қанаушылығыннан бостылғандаға туралы жарияланды, әйелдердің құқықтары қорғалатыны көрсетілді. Онда Қазақстан Р-сы тәуелсіз социалистік мемлекет екені анықталуы, оның ерікті түрде КСРО –ға басқа тең республикалармен бірге қосылуы көрсетілді.
Экономикалық және шаруашылық мәселелерді біртұтас жалпы мемлекеттік жоспар мен бюджет негізінде шешу үшін, қорғану мәселелерді қамтамасыз ету үшін ҚКСР басқа республикалармен теңдей өз құқықтарының бір бөлігін КСРО Үкіметіне беру ескерілген еді. Одақтас республикалар аумақтарының дербестігі, оның шекаралары жоғары органдарының келісімінсіз өзгеру мүмкін еместігі, өз елдерінде дербес толақұқықты билікті жүргізуге құқықтары Одақ Конституциясымен мойындалған және кепілденген еді.
Республика Жоғары Кеңесіне (4 жылға жалпыға бірдей,тең және тікелей, кұпия дауыс беру жолымен сайланатын ) республиканың барлық аумағында толық заңшығару билігі берілген еді.
Аралықта қызметті атқаратын оның Президиумы болып қалады. Атқару билікті Үкімет-Халық Комиссарлары Кеңес- жүзеге асырып отырды. Ол Жоғары Кеңес және оның Президиумы алдында жауапты еді.
Онда жергілікті мемлекеттік билік органдары- жергілікті депутаттар Кеңестері туралы Ү тарауында олардың мәдениеттік–саяси, шаруашылық құрылыспен басқарудағы құқықтары мен міндеттері, басқару тәртібі белгіленген еді.
Конституцияда Республиканың бюджеті, сот және прокуратура органдарының құру және іс-әрекетін жүзеге асыру негіздерін белгілеу қарастырылған еді. Онда нақты аумақта көпшілікті құрайтын ұлттың тілінде сот ісін жүргізудің мүмкіндігі көзделген еді.
Бұл Конституцияда еңбекшілердің еңбекке, демалысқа, білім алуға, кәрілік бойынша материалдық қамсыздандырылуға, әр түрлі ұлттардың, сондай-ақ әйелдермен еркектердің өзара теңқұқықтылығы, сөз бен шерулерге, мәжіліс пен жиын өткізуге, әр түрлі қоғамдық ұйымдарға бірлесуге құқықтар кепілденген еді.
Барша азаматтарға бірдей міндеттер: Конституцияны сақтау, заңдарды орындау, еңбек тәртібін сақтау, қоғамдық борышын құрметтеу, социалистік меншікті сақтау, т.б. жүктелді.
3
Азаматтық құқық: Социалистік меншіктің жетекші нысаны ретінде өндірістік құралдар мен қаражаттарға мемлекеттік меншік танылды, ал оларға жалғыз ғана иеленуші ретінде Кеңестік социалистік мемлекет болды.
Мемлекеттік меншік бүкіл кеңестік халықтың қажеттіктерін қандыруға арналған болды.
Мемлекеттік кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар мемлекеттік органның біреуіннен екіншісіне ақылы негізде өткізуге тыйым салынды. Осындай өткізу тек одақтық органның қауылысымен ғана жүзеге асырылу мүмкін еді.
Социалистік меншіктің басқа нысаны ретінде ұжымдық шаруашылық-кооперативтік нысанның дамуына да жол берілді. Ол кеңестік қоғамның экономикалық негізінің маңызды бөлігі ретінде бағаланып отырды.
Бюджеттік және басқа да шаруашылык жоспарлар бойынша бөлінетін қаржылар тек белгіленген мақсаттарда ғана қолданылу мүмкін еді. Ұжымдық –шаруашылық меншік те мемлекеттің аса қатаң қорғауына алынған еді.
Жер құқығы:
Жердің басым бөлігі ұжымдық жерпайдаланушылардың қолына берілді. Берілген жерлерді тұрақты мерзімсіз және тегін шаруашылық пайдалану принципы енгізілді. Жер берілуі туралы мемлекеттік актіде оның мөлшері, орналасуы анықталатын болған .
Лекция № 15: КСРО-ның 1978 жылғы Конституцияны істеп шығу және қабылдау.
Жоспар:
-
Дамыған социализм дәуіріндегі Қазақстан.
-
Дамыған социализм дәуіріндегі Қазақстанда кеңестік құқықтың дамуы.
-
ҚКСР-сы 1978 жығы Конституциясын істеп шығу мен қабылдау.
1
Социалистік қатынастар дамуына байланысты Қазақстанда 30-іншы жылдар ортасында халық шаруашылығының барлық салаларында социалистік меншік нысаны жетекші болып қалды. Социализм жеңісі 1936 жылғы Конституциясымен бекітілген еді. 50-60-інші жылдары Кеңестк Одақта социализмның толық жеңісі камтамасыз етілді.
Бұл кезде Қазақстанлағы дамыған социалистік қоғам төмендегілермен сипатталған: күшті материалды-техникалық база; социалистік (жалпы халықтық) меншікке, достық пен әрекеттестікке негізделген жоғары дамыған қоғамдық қатынастар; әртүрлі ұлттардың өкілдерінен, еңбекшілерден тұратын, біртұтас идеологиямен, жалпы мақсатпен біріктірілген кеңестік халық; ғылым, ағарту, денсаулық сақтау салаларындағы жоғары денгейі.
Даму екпіні бойынша Кеңестік Қазақстан көп дамыған капиталисттік мемлекеттерден асып кетті. Оның аумағында мұнай, газ, машинақұру, металлургиялық, химиялық, жеңіл азық өнеркәсібі жоғары дамыды.
Бұл Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін көбейтіп, көлік, ауылшаруашылық дамуына тиісті негіз салды. Х бесжылдық ішінде Қазақстан аумағында 200-ден астам жаңа кәсіпорындар, олардың қатарында Павлодар мұнай-өңдеуші, Жамбыл фосфорлық, Степногорсктағы подшипник зауыттары ашылды.
2
Дамыған социализм дәуірінде Қазақстан заңшығарудың көп жағымды өзгеістер пайда болады, олардың ғылыми дәрежесі мен әлеуметтік негізі асты. 1959 жылы ҚКСР-сының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері бекітіліп, мұндай денгейдегі бірінші ұлттық қайнар көздерге айналды. Өткені, бұған дейін республикамыз аумағында РСФСР кодекстері әрекетте еді.
Бұл кодекстерде заңдылық принциптерін нығайту, мүліктік қатынастар негізін анықтау, ұжымдар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері анықталған еді.
Меншік құқығын реттейтін нормалармен заңсыз пайда табуға қарсы, алып сатушылыққа(спекуляция) қарсы ережелер белгіленген еді. Азаматтық іс жүргізу кодексінде азаматтық, еңбектік, әкімшілік, отбасылық т.б. қатынастардан туындайтын дауларды сотта қарау меселелері анықталды.
6 август 1969 жылы Қазақстан Р-сы Жоғары Кеңесінің сессиясында “Неке және отбасы туралы” кодекс бекітілді. Бұл актіде отбасы мүшелерінің өзара құқықтары мен міндеттері, материалды міндеттіліктердің мәселелері, ата-аналық құқықтардан айру, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту және басқа да қатар мәселелер анықталды.
1971-72 жылдары ҚКСР-сының Жер және Су кодекстері қабылданды. Олар тиісті салалардағы қоғамдық қатынастарды реттеу, жер пайдалану, ұжымдық жер пайдалану, еңбекшілердің бау-бақшамен шұғылдану мүмкіндіктерін анықтаған еді.
Бұлардан басқа 21.07.1972 жылы”ҚКСР-сы туралы заңдар кодексі”, 4 август 1976 жылы”Жер қойнауы туралы”, 11.08.1978 жылы “Орман кодексі, 1978 жылғы “Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы” заң, 1206.1981 жылы”Жануарлар дүниесін қорғау туралы” , “Атмосфералық әуені қорғау туралы” заңдар, “Тұрар үй кодексі (июнь 1983 жылы), “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” кодексі қабылданды.
3
1937 жылғы Қазақстан Конституцияның қабылданғаныннан 41 жыл өткеннен соң, ол жаңа Конституциямен ауыстырылды. Мұның себебі ішкі және сыртқы экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгерістерде еді. Олардан ең маңыздыларын айтатын болсақ, өзгерістер төмендегідей болған:
-
КСРО құрамына басқа республикалар қосылуы;
-
мемлекеттік басқару органдары құрамындағы өзгерістер;
-
әкімшілік –аумақтық құрылыстың өзгеруі;
-
республикалардың заңшығару, сот жуйесін құрудағы құқықтарының кеңеюі.
Бұл өзгерістерді есепке ала, КСРО-ның жаңа Конституциясы, демек одақтас республикалардың да Конституциялары жаңадан жазылуы тиіс еді.
20 апрель 1978 жылы Қазақстан КСР-сы Жоғары Кеңесінің ҮП сессиясында бір дауыстан Республиканың жаңа Конституциясы қабылданды. Әріне, ол КСРО Конституциясының жүйеқұрушы принциптері мен ережелеріне сәйкес жазылған болып, сонымен бірдей республиканың ерекшеліктерін, оның жаңа заңшығаруын да қамытып алды.
Онда Қазақстан Кеңестік Социалистік Р-сының қоғамы жұмысшылардың, шаруалар мен интеллигенцияның, барлық еңбекшілердің еркі мен мүдделерін қорғаушы және жүзеге асырушы жалпы халықтық мемлекет есебінде сипатталған.
Жаңа Конституцияда халық депутаттары Кеңестері іс-әрекетінің принциптері мен жуйесін анықтады. Мемлекеттік аппараттың негізін орталық, регионалды және жергілікті халық депутаттарына Кеңестері құрайтын болды. Оларға барша өкілеттіктер берілді.
КСРО Конституциясымен Қазақстан Р-сының қарауына берілген мәселелердің барлығын қарау Қ Р-сы Жоғары Кеңесінің құзыретіне берілді.
Жаңа Конституцияда жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің қызметі нақты анықталды. Оларға тек жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу ғана емес, бәлкім барлық аумақта мемлекеттік, шаруашылық, мәдениеттік құрылыспен басқару, кәсіпорындар мен мекемелер барлығының іс-әрекетін сәйкестендіру және қадағалау деп белгіленген.
“Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқық тарихы” барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:
-
“История госурдарства и права Казахской ССР”, под редакцией С.Сартаева,
-
в 2-х ч.. Алматы, “Мектеп” ,1982 г.
-
Әбіл Е.” История государства и права Республики Казакстан”, 2-е изд., перераб. и доп.. Астана, 2001.
-
Қазақстан тарихы. Том 1,2. Алматы, 1996,1998.
-
Абайдельдинов Е. Политико-правовая история Казахстана.
-
Абусеитова М.Х. Казахское ханства во второй половине 16 века. Алматы, 1985.
-
Абылхожин Ж.Б. и др., Страна в сердце Евразии. Алматы, 1998.
-
Андабеков Ш.Төтенше билер съезі: оның атқарған тарихи қызметі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. 1995, №1.
-
Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996.
-
Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы, 1995.
-
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1993.
-
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к Росии. М., 1957.
-
Валиханов Ч.Ч., Собрание сочинений в пяти томах. А., 1985.
-
Дулатобеков Н. ҚР мемлекеті мен құқығы тарихынан. Хрестоматия. Қарағанды, 1994.
-
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының материалдары. Материалы по казахскому обычному праву. Сост. З.Кенжалиев и др.. Алматы, 1996.
-
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995.
-
Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2000 .
-
Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, 1999.
-
“Прошлое Казахстана в источниках и материалах”, под ред. С.Д.Асфендиярова и П.А.Кунте. 2-е идз. Сб. 1. Алматы, 1997. Сб. 2. Алматы, 1998.
-
Жумаганбетов Т.С. “История государства и права РК (древность и средневековье)” Алматы,2000.
-
Тынышбаев М.” История казахского народа”. Алматы, 1993.
Достарыңызбен бөлісу: |