Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет82/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Қ а м а ж а й: Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады.
Н ә з и л а: Оның айлығы ӛзінен артылмайтын болды ғой. Ӛткен жолы мен оны паркте бір қызбен кӛргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек. Ал, енді іске кіріселік.
Қ а м а ж а й: Ойбай-ау... Сендердің қарындарыңның аш екенін білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір жолдасымды ертіп келем деп еді. Сол екеуінің... Жарайды, сол екеуінің сыбағасын салып берейін.
Г а у һ а р: Жо-жоқ, апа, керек емес. Бізге осы да жетеді.
Қ а м а ж а й: Азаннан бері дым сызбасаңдар қайдан жетсін.
Оларға... котлет қуырып бере салармын. Әкеліңдер ыдыстарыңды.
Н ә з и л а: Біздің әпкешка бала сияқты. Не айтсаң, соған сене береді.

Бұл үзіндіден Қамажайдың ӛз бауырларының барлық сұранысын қанағаттандырғысы келетін ақ кӛңілі, қамқорлығы танылады. Аңқаулығы да аңғарылады.
Қ а м а ж а й: (Темірбектің досы Сұлтанға қарап) Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, ӛздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет...імм... тамақ дайындап жіберейін.
Үзіндіден Қамажайдың қонақжайлылығы мен кең пейілділігі, бауырмалдығы танылады. Жасаған қамқорлығы мен жақсылығына ӛтеу тілемейтін дархан кӛңілі танылады. (осы сияқты мәтіннен келтірілген мысалдар негізінде Қамажайға толық мінездеме жасалып, кейіпкер тұлғасы ашылады).
Драмадағы басқа кейіпкерлердің де іс-әрекеті, болмыс-бітімі талданады.
Кейіпкерге берілетін мінездеме үлгісін әр топ ӛз қалауларына байланысты жасайды.

Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жұмыстарын жасағаннан кейін, шығармадағы кейіпкерлер арасында кӛтерілетін проблемалар, шығарманың танымдық, тәрбиелік салмағын танытатын тұстарына басты назар аударамыз. Д.Исабековтың «Әпке» драмасында ағалы-қарындасты Темірбек пен Нәзиләнің арасындағы сӛз тартыс, достар арасындағы әңгімелер ӛрбиді. Жастар арасындағы тартыстың тақырыбы «объективті пікір», «жеке пікір деген не?» дегеннің тӛңірегінде болады. Шығармадағы «пікір» туралы кӛз- қарастарды айтпас бұрын оқушылардың ӛзіне сұрақ-жауап әдісімен осы ойды


анықтатуға болады.

СА У А Л Н А М А



  1. Шынайы пікір (объективті пікір) дегенді қалай түсінесің?

Ӛз пікіріңді үнемі ашық жариялайсың ба? Досыңның пікірімен есептесесің бе? Ӛзің түйінін шеше алмаған мәселе туралы елден пікір сұрайсың ба?


Шынайы пікір дегенді қалай түсінесің?
(Оқушының аты-жӛні)

Оқушылардың сауалнамасын тыңдап болғаннан кейін драма кейіпкерлеріне кезек беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет