Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет30/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 


Жаңа құрылым 
 
Топырақ қабаттары құрылғанда пайда болатын морфоло-
гиялық өзгеше заттардың жергілікті жиынтығы. Бұл жинақтар 
негізінен топырақ саңылауларында, бос жерлері мен жарық-
тарында жинақталып, маңызды диагностикалық белгі болып 
табылады. Топырақтың жаңа құрылымдарының ішінде мыналар 
барынша көп тараған: 
1. Тез еритін тұз топырақта лайлану, үгілгіш қабықша, 
талшықтар мен бедерлер түрінде бөлінеді. 
2. Гипс талшықтары, кристалгипс және кримталдыр (друз) 
түрінде бөлінеді. 
3. Карбонаттар түтікшелер, ақкөздер түрінде кездеседі. 
4. Темір мен марганецтің бір жарым тотығы бояулы табақ-
ша, тоттанған дақ түрінде, қоңыр - қышқыл рудалық дән және 
ортштейндер формасында бөлінеді. 
5. Темірдің шала тотығуының бірігуі көкшіл сұр табақша, 
ауада қоңырқайланатын дақтар мен тілдер тәрізді бөлінеді. 
6. Кремнеземді ұнтақ топырақта тұз қышқылы әсер еткенде 
қайнамайтын және суда ерімейтін ақ ұн түсті заттар түрінде 
пайда болады. 
7. Биологиялық текті жаңа құрылымдар – капролиттер, 
құрт іздері, тышқан іздері, тамыр іздері сияқты организмдердің 
әсері нәтижесінде пайда болатын өнімдері. 
 
Қосылыстар 
 
Қосылыстардың пайда болуы топырақ түзілу үдерісімен 
байланысты емес. Оларға органикалық және минералдық текті 
қатты заттар, топыраққа түскен жануарлардың сүйегі, кірпіштер 
және басқа заттар жатады (1,2,3). 
Тапсырма. 
Жұмыс мақсаты: 
Топырақ кескініне сипаттама беріңіз. 
Топырақ монолитін морфологиялық белгілерден кесте 
бойынша сипаттаңыз. 


Топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау. 2-кесте. 
 
Қабаты
Қалы
ңдық, 
см 
Түс 
Құры
лым
Құ-
ры-
лыс 
Меха-
ника-
лық 
құрам 
Жаңа 
құрыл
ым 
Қо-
сы-
лыс-
тар 
НСІ 
дан 
қай-
нау 
Шекара
сының 
айқын-
далуы 
А
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет