Механикалық сіңіру кезінде суспензиялар бөлшектерден
босап, молекулалар мен иондары бар ерітінділерге айналады.
Әрбір топырақ бөлшегі су үлбірімен қоршалып қалады.
Бөлшектердің беттерінде судың молекулалық қабаты су
тамшысының үлкен күшпен керілуі арқылы ұсталып тұратыны
белгілі. Әдетте су тамшысының керілуі ауамен арадағы шекара-
да 0
0
С кезінде 75,5 Н/см тең. Сол
себепті топырақта ұсақ бөл-
шектер көп болған сайын су тамшысының жалпы беті де үлкен
болады, беттің керілу күшінің энергиясы да артады.
К.К.Гедройц (1955) әртүрлі тұздардың ерітінділерін зерт-
тей отырып, заттарды екі үлкен топқа бөлуге болатынын анық-
тады: су тамшысының беттік энергиясын төмендететіндер және
оны жоғарылататындар. Су үлбірінің беттік керілу күші әртүрлі
қышқылдар мен тұздардың әсер етуі кезінде өзгереді. Бей-
органикалық қышқылдар мен олардың тұздары көбінесе жоға-
рылатады, ал органикалық қышқылдар,
спирттер,
алкалоидтар
және бояулар су тамшысының беткі керілуін төмендетеді және
олардың топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы көп болған
сайын беткі керілу күшейе түседі. Сол себепті топырақ ерітін-
дісіндегі топырақ бөлшектерінің айналасындағы заттар молеку-
ласының орналасуы әртүрлі. Су
тамшысының беткі керілуін
жоғарылататын заттар топырақ бөлшектерінен біршама қашық-
тықта орналасатын болса – бұл құбылыс теріс адсорбция (лат. ad
– кезде, sorber – сіңіру, сору) деп аталады.
Соныменен, топырақ ерітіндісінің енуі кезінде су тамшы-
сының беткі керілуін төмендетеін заттар, яғни органикалық
қышқылдар, спирттер, алкалоидтар, топырақта тұтылып жина-
латын болады, ал беткі керілуді жоғарылататын,
барлығынан
жиі диссоциацияланатын бейорганикалық заттар сумен жуылып
кетеді. Су тамшысының беттік энергиясының кемуі тек қана оң
адсорбцияның салдарынан ғана емес, сонымен бірге топырақ
бөлшектерінің жалпы беттерінің кішіреюімен қоса жүретін
коагуляция үдерістері кезінде де жүреді, яғни физикалық сіңіру
қабілеттілігі едәуір дәрежеде топырақ коллоидтарының жағдай-
ларына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: