3Антропологиялық бетбұрыс. Мәдениет тарихы, мәдени код ұғымы.
Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап, белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: оның бірі – 18 ғасырдағы Франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес, адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2 көзқарас – адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялықантропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока,Рудольф Мартин, Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак,Яков Рогинский, Валерий Алексеев, т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты. Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылғанпалеоантропологиялық материалдар, қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Жер шарын мекендеген барлық халықтармен ұлттар өздерінің сыртқы түрлерінің ерекшеліктерінеқарай үш нәсілдік еуропеоидтық, негроидтық және монғолоидтық топқа бөлінеді. Кейінгі палеолитте (ерте тас дәуірінің соңғы кезеңі) Еуропада, Азияда, Африкада еуропеоидтық, негроидтық, монғолоидтық нәсілдегі адамдар қалыптаса бастаған. Алайда олардың нәсілдік айырмашылығы қазіргі күнгідей онша айқын білінбеді. Нәсілдік айырмашылықтар мыңдаған жылдар бойы, жергілікті табиғат жағдайы ерекшелігінің адамның сыртқы түр-сипатына әсер етуіне байланысты қалыптасқан. Бұған температура, ауа дымқылдығы, жел, күн сәулесі сияқты табиғат факторының әсері маңызды болды. Монғолоидтық нәсілдің белгілері шөл далалы, күшті де ұзақ соғатын желі, күні ыстық, құмды дауылы бар Орталық Азияда тұратын адамдарда қалыптасты. Монғолоидтар құм мен тозаңнан, шақырайған күн көзінен және суықтан сақтану үшін қысық көзді, бүйрек бетті, шықшытты, тәмпіш мұрынды болып келеді. Негроидтық нәсіл тропикалық климатта,ыстық әрі дымқыл өлкеде қалыптасқандықтан адамды күннің көзінің күйдіруінен қорғау үшін түстері көомірдей қара, бұйра шашты, кең танаулы, жалпақ мұрынды, қалың ерінді, көз ұясы ашық болып келеді. Негроид нәсілінің негізгі қонысы Африка континенті. Әр нәсіл өз ішінде бірнеше антропологиялық топқа бөлінеді. Мысалы, еуропеоид нәсілі үш топтан тұрады: солтүстік (блондин), орталық (шатен), оңтүстік (брюнет). Ерте уақытта түстері, тым ақшыл, селеу шашты, ұзын бойлылар Еуропаның солтүстігіне, ал қара торы өңді, бұйра шашты, орта бойлылар оңтүстігінде мекен еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |