Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Бағдарлама бойынша берілетін сағаттарды оқу жылындағы



бет10/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

Бағдарлама бойынша берілетін сағаттарды оқу жылындағы тоқсандарға
бөліп өткізу (7 сынып)
3-кесте



Бағдар-ламаның түрлері



Бағдарламаның
бөлімдері



7-сынып

1

2

3

4

Σ

Базалық



Жеңіл атлетика

9

-

-

10

19

Спорттық ойындар

14

11

-

-

25

Гимнастика

-

8

9

-

17

Шаңғы дайындығы

-

-

11

-

11

Суға жүзу

-

-

-

5

5












Жалпы базалық сағат саны

23

19

20

15

77

Өзгермелі

Аймақтардағы ауа-райы жағдайына
















байланысты (тоғыз құмалақ)

7

6



6



6



25



Ж алпы уақыт мөлшері

30

25

26

21

102

8 сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағаттан)
Жалпы кәсіби және арнайы білімдер негіздері
Қозғалыс тәртібі туралы негізгі түсінік. Дене жаттьгғуымен айналысу нәтижесінде сауықтыру тиімділігінің артуы. Дене жаттығуларымен өз бетімен айналысуға оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру. Дене тәрбиесімен айналысу кезінде зақымданудың алдын алу. Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спорттың дамуы, ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы бойынша хрестоматиялық материалдар.
Дағдылар, іскерліктер және дене қасиеттерін тәрбиелеу 1. Жеңіл атлетика
Жүгіру. Техникалық дағдының нығаюына бағытталған арнайы дене жаттығулары: орта және қысқа қашықтықтарға жүгіру. Техника элементтері бойынша үдемелі түрде жүгіру (30-40 м. қиындылар). Бар екпінмен 60 метрге жүгіру. Уақытты есептеп 100, 1200 жөне 2000 метрге жүгіру.
Секірулер. «Аяқты бүгу» тәсілімен екпін алып ұзындыққа секіру және екпін алуды таңдау. Екпін алу, итерілу, ұшу, жерге түсу секілді секіру фазалары бойынша біріккен элементтерді орындау техникасы. Жеке нәтижелерді есептей отырып, толық үйлесімділікте секіруді орындау.
«Адымдау» тәсілімен екпін алып биіктікке секіру — екпін алу, итерілу, кергіден өту, жерге түсу секілді фазалық элементтер бойынша секіруді орындау. Жеке нәтижелерді есепке ала отырып, 5-7 және 7-9 адымнан екпін алып толық үйлесімділікте секіруді орындау.
Лақтыру. Лақтыру дағдыларын нығайтуға бағытталған арнайы және арнайы дайындық жаттығулары. Екпін алу, адымды айқастыру, сілтеу, лақтыру сияқты техника элементтері бойынша кіші допты нысанаға (орнынан) және қашыққа (орнынан және екпін алып) лақтыру. Жүгіру, секіру жөне лақтыру элементтері кездесетін эстафеталар мен ойындар.
2. Спорт ойындары
Баскетбол. Допты жоғарыдан екі қолмен (бастан жоғары), жоғарыдан, төменнен бір қолмен беру. Допты бір қолмен, екі қолмен ұстау. Допты бір орында (оң жене сол қолмен) және қозғалыста (төмен және жоғары, қозғалу бағытын өзгерте) алып жүру, алдап өту. Баскетбол себетіне допты орнынан, қозғалыс кезінде лақтыру. Жаттығу ойыны. Шабуылдағы, қорғаныстағы ойын тактикасының элементтері. Қорғаныстағы ойыншының жеке іс-әрекеті: қағып жіберу, жұлып алу, себетке лақтыру, ойыншыны бақылау.
Волейбол. Орыннан допты бірінші рет ойынға қосу: төменнен бүйірден, төменнен тіке. Екі қолмен жоғарыдан, екі қолмен төменнен допты қабылдау-беру. Жаттығу ойыны. Жеке тактика элементтері: қарсы алаңның әр түрлі аймағына доп беру, алаңдағы қолайлы орынға орналасу, құлап бара жатып допты қабылдау-беру.
Қол добы. Ойыншылардың ауысуы. Тұрудың, жүгірудің, бұрылудың әр түрлілігі. Допты меңгеру техникасының элементтері: екі қолмен ұстау; допты бір қолмен, екі қолмен беру (сілтей, иілмей-ақ), допты жоғары шоршытып алып жүру. Орнында түрған қалыптан, қозғалыста және қозғалыс
кезінде тоқтап допты лақтыру. Жаттығу ойыны. Шабуыл мен қорғаныс кезіндегі ойын тактикасының элементтері: допты алып жүру, сондай-ақ беру және лақтырумен үйлестіре ауысу. Қағып жіберу, лақтыруларға тосқауыл қою.
Футбол. Доп ойыны техникасының элементтері. Екпін алу, аяқты тіреп қою, сілтеу, соққы жасаудан тұратьш техника элементтерін есептей отырып, аяқтың әр түрлі бөліктерімен қозғалыстағы және қозғалыссыз (бір орында тұрған) тұрған допты соғу. Тоқтау, аяқты тіреп қою, допты күту, оны тоқтату, соққы жасау үшін бастапқы қалыпты қабылдаудан тұратын техника элементтерін есептей отырып допты қабылдау. Допты тоқтату әдістері. Допты табанның ішкі жағымен және баспен тоқтату. Жаттығу ойыны. Ойынның жеке тактикасының элементтері. Допты алып жүру, қарсыласын алдап өту (допты алып жүрумен үйлестіре алаңда жүгірудің бағытын өзгерту, қозғалу жылдамдығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет