Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет9/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

Жалпы дамыту жаттығулары. Саптағы іс-қимыл кезінде орындалатын жаттығулар: иық пен жамбас, сондай-ақ сирақ пен табан буындарының қозғалыс-қимылын арттыратын, тұлғаны дұрыс қалыптастыратын, қозғалыстың үйлесімділігін, белсенді көңіл-күй сезімін және тепе-тендікті нығайтатын жаттығулар.
Акробатика. Таянып отырып, алға екі рет домалап түсу, алға қарай жинақталып, баспен тік тұрып алға аударылу, артқа долмалап түсіп, жауырынға тік тұру. Тіреліп отырып, артқа аударылып, жауырынға тік тұру, бір тізеге тіреле артқа аударылу. «Жартылай шат», «көпір» жасау және осы қалыптардан көмекпен түрып кету, аяқты сілтей екінші жаққа аударылып түсу (ер балалар).
Белтемір (перекладина). Күшпен тартыла аударылып тірелу. Сол аяқты сілтеп кермеге іліктіру - атша мініп отыру, бұрынғы қалыпқа келу, алдыңғы аяқты кері шығарып тіреліп тұру, екі аяқпен сілтеу, сілтеу кезінде артқа қарғып түсу. Белтемірге асылып тұрып тартылу.
Биіктігі әр түрлі қос сырықта асылып тұрып, бұрылып серпілу, артымен асылып тұру (қыздар). Артқа тіреле бүрыла қарғып түсу.
Өрмелеу. Арқанға үш тәсілмен жылдам өрмелеу. Арқанның биіктігі 3 м.
Тепе-тендікті сақтау жаттығулары. Бөрене: төбеге бір зат қойып жүру, аяқтарды алмастыра отырып бір және екі аяқпен секіріп түсу, орнынла тұрып аяқты сілтей 180°- қа бұрылу. Бір аяқпен бөренеге секіріп шығу. Бөрененің үстімен жүгіріп өту және одан шалқайып секіріп түсу.
Тіреліп секіру. Кіші ағаш аттан бүрын үйренген тәсілдермен секіру, снарядтың биіктігі 120 см, көпіршенің снарядтан қашықтығы 40-45 см.
Ырғақты гимнастика. Музыкалық әуенмен орындалатын, жалпы дамытатын 12-16 бөлімінен түратын жаттығуларды орындау.
Шаңғы даярлығы
Бір мезгілдегі бір адымды жүріс, алма-кезек екі адымды жүріс. Шаңғымен таяқсыз жүру (конькиші жүрісі). Адымдап беткейге көтерілу, бір орыннан айналып секіру арқылы артқа бүрылу. 3 километрге дейінгі қашықтықты жүріп өту.
Дала жарысы (кросс даярлығы). Дала жарысы шаңғы даярлығы орнына қарсыз жерлерде өткізіледі. Жазық жерде орташа шапшандықпен 200-400 метрді жүгіру. Уақытты есептеп 1000-1500 метр қашықтыққа ойлы-қырлы, кедергілі жерлермен жүгіру.
Жүзу
Құрғақ жерде дағдыларды қалыптастыру мен нығайтуға арналған арнайы дене жаттығулары: жерде етпетінен жатып, қолмен бірқалыпты есу қимылдарын жасау (суда жүзу кезіндегі «кроль», «брасс» әдістеріне ұқсас қимылдар жасау). Қүрғақта орындалатын арнайы дене жаттығулары: аяқ пен қолдың, иық белдеуінің бұлшық ет күштерін дамыту.
Суда дағдыны нығайтуға мүмкіндік беретін жаттығулар: қолдарды алға соза су бетінде жылжу, сонымен қатар суда демді шығару, бір дем шығаруда сермеу қимылдарын орындау. Суда аяқты қозғау қимылдарын үйрену.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет