Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Оқу пәнінің жалпы мақсаттары



бет2/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

Оқу пәнінің жалпы мақсаттары. Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу және өзінің дене және психикалық саулығын нығайтуға деген себептерді қалыптастыру болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:

  • дененің және психиканың саулығына оңтайлы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігінің әсері туралы білім негіздеріне үйрету;

  • түрлі мақсат – бағыттағы дене жаттығуларын орындауда қозғалыс тәжірибесін жинақтау;

  • негізгі биологиялық және психикалық процестердің дамуына педагогикалық әсер ету мен бағытталған қозғалыс қызметі арқылы оқушылар организмінің функционалды жағдайының деңгейін арттыру;

  • қозғалыс және спорт ойындарына қатысу барысында коммуникативтік өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

  • дене тәрбиесінің, жарақаттанудан сақтандырудың, тұлға мен дененің құрылымын түзетудің педагогикалық, психологиялық, физиологиялық және гигиеналық ережелері жөніндегі білім негіздеріне үйрету;

  • түрліше бағыттағы дене жаттығуларымен шұғылданудың дербес түрлерін өткізу әдістеріне үйрету.

Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

  • жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

  • әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;

  • денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет