Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет6/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

-

-

11

23


Спорттық ойындар

8

14

-

-

17


Гимнастика

-

8

7

-

15


Шаңғы дайындығы

-

-

11

-

11


Суға жүзу

-

-

-

9

11

Жалпы базалық сағат саны

17

22

18

20

77

Өзгермелі

1. Аудандарындағы ауа-райы жағдайына байланысты

7

6

6

6

25

Мұғалімнің қалауы бойынша сабақ өткізу (өзгермелі бөлімдегі сағат саны бойынша)






Жалпы уақыт мөлшері

24

28

24

26

102



6-сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)
Теориялық Мәліметтер
Қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуы үшін дене жаттығуларының мәнділігі. Күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және т.б. қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына дене жаттығуларының әсері. Денсаулықты нығайтудағы жалпы дамытатын жаттығулардың маңызы.
Жеңіл атлетика
Жүгіру. Қысқа қашықтықтағы дағдының нығаюына, жылдамдық төзімділігінің жоғарлауына мүмкіндік беретін арнайы дене жаттығулары. Жоғары жылдамдықпен 30-60 м жүгіру, уақытты есептеп 100 м қашықтыққа жүгіру. 4-6 минут аралығында орта шапшандықта жүгіру.
Секіру. Ұзындыққа секіруде жеке бөліктерді (элементтерді) орындау дайындығының нығаюына (екпін алу, серпілу, ұшу және жерге түсу) мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар: нәтижесін есептемей 5-10 м қашықтықтан «аяқты бүгу» әдісімен екпін алып секіру, бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Биіктікке секіруде жеке бөліктердің (элементтердің) орындалуындағы дағдының нығаюына (екпін алу, серпілу, ұшу жөне жерге түсу) мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар, 5-10 м қашықтықтан екпін алып, нәтижені есепке алмай «адымдау» әдісімен толық үйлесімділікте биіктікке секіру.
Лақтыру. Кіші допты алысқа және нысанаға лақтыруда жеке бөліктерді орындау дағдысының нығаюына мүмкіндік беретін арнайы даярлық жатығулары. Нәтиже есебіне нысанаға жене қашықтыққа доп лақтыру. Нысанаға доп лақтыру, жүгіру, секіру элементтері бар ойындар мен эстафеталар.
Спорттық ойындар
Баскетбол. Дағдыларды бекітуге арналған дене жаттығулары: алаңда ауысу, аралас және бір адым жасап екі қолмен кеудеден доп жіберу және ұстау, оң (сол) қолмен не қолдарды алмастыра допты алып жүру (адымдау және ақырын жүгіру кезінде), бір орында тұрып және қозғалыста торға (себетке) екі қолмен допты лақтыру. Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойнау.
Волейбол. Дағдыны бекітуге бағытталған арнайы дене жаттығулары: екі қолмен төменнен және жоғарыдан допты алу, аланда ауысу техникасы. Артқа, алға, оңға, солға ауыса білу жөне бір орында тұрып допты қабылдау және астынан жіберу. Жеңілдетілген ережемен волейбол ойнау.
Футбол. Дағдыны бекітуге бағытталған арнайы дене жаттығулары: допты алу және соғу, алаңда алмасу техникалары. Дағдылар: аяқтың ортаңғы алқымымен (бәлігімен), табанның ішкі жағымен қозғалыстағы және бір орындағы допты соғу, 2-3 адым екпін алып, қарама-қарсы орналасқан серігіне допты жіберу, допты алу, тоқтату (ара қашықтық 5-6 м), ирек және түзу сызық бойымен орташа шапшаңдықпен допты алып жүру (қашықтық 6-10 м). Жеңілдетілген ережемен футбол ойнау.
Қол добы. Допты екі қолмен тосу, орташа шапшаңдықпен жүгіре, допты бір немесе екі қолмен ырғыту, қолды ауыстыра допты алып жүру. Секіру кезінде лақтыруға тосқауыл қою. Қақпашының іс-әрекет дағдылары: бір не екі қолмен допты қайтару (үстінен, төменнен)
Гимнастика.
Сап және саппен қозғалыс кезінде орындалатын жаттығулар. Жүрістің әр түрлілігі: сапта аяқ ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтере, жанымен және бір аяққа толық отыра жүру. Қайта сап түзеу: бір лектен екі лек түзеу (бір орында), бір лектен үш лекке (спорт залды айнала) тұру, жанына және алдыға қолды соза сапты созу (бір орында түрғанда жөне қозғалыста).
Жалпы дамытатын жаттығулар, саппен орындалатын жаттығулар, иық пен жамбас, сонымен қатар табан мен сирақ бұлшық етінің қимылын дамыту, тыныс алу мен қан айналысын арттыратын, дұрыс тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаттығулар (бұлар қозғалыстың үйлесімділігін, белсенді көңіл-күйді, тепе-тендікті нығайтады.) Бір орында құралсыз орындалатын жалпы дамытатын, аяқтар мен кеуде, иық, мойын бұлшық еттерін нығайтуға, дененің табан, бел, тізе бөліктеріндегі иілгіштікті дамытуға, босаңсу мен шапшаңдық төзімділігіне арналған жаттығулар.
Акробатика. Орнында түрып ұзындыққа және биіктікке екі аяқпен бірдей серпіле секіру, көп қайтара қарғулар, жартылай отырған жағдайдан жоғары секіру, тез, баяу шапшаңдықпен төрт тағандап (төрт аяқтап) алға, артқа жүру. Күшке арналған жаттығулар: нәтижесін есептей отырып, жатып тіреле қолды шапшандата бүгіп, жазу. Жинақталып тоңқалаң асу, алға және артқа екі реттен тоңқалаң асу, жауырынға тұру. Статикалық элементтердің жеңілдетілген түрі: көпір, шат, қарлығаш. Акробатикалық элементтері бар ойындар мен эстафеталар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет