Жүгіріп, екпін алып ұзындыққа секіру. «Аяқты бүгу» тәсілімен секіру. Техника элементтерімен секіруді орындау. Жүгіру шапшаңдығы, екпін алудың басталуы мен аяқталуындағы адымның арасы (қашықтығы).
Серпілу кезінде (кеуде және қолдармен), ұшу кезінде (қолдармен, аяқтармен және кеудемен), жерге түскенде (аяқтармен, қолдар және кеудемен) дененің жекелеген бөліктерінің жанама (көмектесетіндей) қозғалыстары. Жеке нәтижелерді есептей толық үйлесімділікте секіру.
Жүгіріп, екпін алып биіктікке секіру. «Адымдау» тәсілімен секіру. Екпін алу (серпілу алдындағы бастапқы және соңғы адымдарды дұрыс есептеп алу, серпілетін аяқтың қойылуы), серпілу (қол және аяқтармен сілтеу қозғалыстарын жасау), кергі арқылы өту (ұшу фазасы кезіндегі аяқтар мен қолдардың қимылы) секілді техника элементтері бойынша секіруді орындау. Жеке нәтижелерді есептей отырып, секіруді толық үйлесімділікте орындау.
Лақтыру. Лақтырудың техника негіздерін бекітуге себепші болатын арнайы дене жаттығулары: орнынан секіру, затпен отыру, заттарды (тастарды, нығыздалған доптарды) қашықтыққа лақтыру. Алдын-ала алға шығарылған қолмен, жүріс кезінде 4-ші адымда допты алға шығару, 15-20 м-лік қашықтықтан екпін алу секілді техника элементтері бойынша кіші допты лақтыру. 4-ші лақтыру адымын жасап допты лақтыру. Жеке нәтижелерді есепке ала, қашықтыққа екпін алып толық үйлесімділікте лақтыруды орындау; орнында тұрып 15 м қашықтықтағы нысанаға лақтыру (нысананың көлемі 1х1м).
2. Спорттық ойындар
Баскетбол. Алаңда ауысу тәсілдері: жүру, жүгіру (оқтын-оқтын ұмтылыспен), секірулер, тоқтаулар, бұрылулар. Допты меңгеру. Екі және бір қолмен допты ұстау. Кеудеден және жоғарыдан екі қолмен доп беру. Себетке лақтыру тәсілдері: екі қолмен жоғарыдан, бір қолмен жоғарыдан (орнынан және қозғалыста). Допты алып жүру: биік, төмен, алдап өту. Жаттығу ойыны. Допқа ие болу тәсілдері, жұлып алу, қағып жіберу, қайта тартып алу.
Волейбол. Тұру, ауысу, секіру секілді допсыз жаттығулар. Доппен жаттығулар. Төменнен-тура, бір бүйірден-төменнен допты ойынға қосу. Жоғарыдан жөне төменнен екі қолмен допты беру. Жаттығу ойыны. Техника элементтері: орта жөне жоғарылаған биіктікте доп беру, құлап бара жатып көтеріп беру.
Қол добы. Ойыншының ауысуы: тұру, жүру, жүгіру, бұрылыстар жасау, тоқтап қалу. Допқа ие болу: ұстап алу, беру, алып жүгіру, лақтырулар. Әр түрлі биіктік пен түрліше ұшу шапшаңдығында допты екі қолмен ұстау. Қашықтыққа және дәлдікке (нысанаға) бір, екі қолмен доп берулер. Допты биігірек алып жүру. Орнында тұрған қалыптан қолды сілтей лақтыру; бүгілген қолдармен жоғарыдан, бір бүйірден, бастан асыра лақтыру. Жаттығу ойыны. Техника элементтері: допты алып жүру; орнынан және қозғалыста доп беру; қарапайым ойын өрнектері (алдау да кіреді; қозғалыс әрекеттері (қағып жіберу, лақтыруларға тосқауыл қою).
Футбол. Доп ойнау техникасы. Табанның ішкі жағымен және аяқ алқымының ішкі бөлігімен қозғалыстағы допты соғу. Допты табанның ішкі бетімен, аяқ алқымының ортасымен, кеудемен тоқтату. Табанның ішкі бетімен, аяқ алқымының сыртқы жағымен допты алып жүру. Жаттығу ойыны. Допты алып жүру, допты беру секілді техника элементтері; алдау қозғалыстарының қарапайым тәсіддері.
Достарыңызбен бөлісу: |