Өрмелеу. Уақытты есептеп үш тәсілмен аралас асылудан өрмелеу (арқанның биіктігі: ер балалар үшін — 4 м, қыз балалар үшін — 3 м); уақытты есептемей аяқтың көмегінсіз өрмелеу (ер балалар; арқанның биіктігі 2 м).
Акробатика. Ер балалар: бастапқы қалып — негізгі тұрыс, қолдар жоғары созылған. Бір аяқпен тепе-теңдік сақтап («Қарлығаш»), оны ұстап тұру; тіктеліп, оң аяқты сол аяқтың үстіне айқастырып тұру; кері айналып, таянып отыру; жинақталып артқа қарай тоңқалаң асып арқаға аударылу; жауырынға тұру; аяқтарды жібере, бастан асыра аяқтардың ұшын еденге тигізу; аяқтарды жамбас—сан буындарынан жаза (алға аударыла), қолдарды артқа таяна-аяқтардың арасын ашып отыру; кеудені аяқтарға қарай еңкейту (қолдарды алға соза); түзулене шалқалап жатқан қалыпқа келу (аяқтарды бүгіп); көпір, арқаға жатқаннан кейін тығыз жинақталу қалпына келу; солға бұрылып, кері айналып, жазылып етбетінен жату - қолдарды жоғары көтеру; таянып жатқан қалыптан таянып отыруға ауысу; тұрып-бір аяқпен итеріле, екіншісін сілтей қолдарға тұру, көп кідірмей, жинақталып алдыға қарай тоңқалаң асу — таянып отыру; қолды сілтей жоғары қарай секіру. Қыз балалар: бастапқы қалып — негізгі тұрыс, қолдар жоғары созылған. Бір аяқпен тепе-теңцік сақтап тұру («Қарлығаш»); тіктеліп бастапқы қалыпқа келу; «жүзушінің сөредегі қалпы»; жинақталып, алға қарай қатарынан екі рет тоңқалаң асу; артқа аударылып түсіп, жауырынға тұру; аяқтарды алшақ қойып отыру жағдайына келу — қолдарды арт жаққа таянып отыру; қолдарды алға соза кеудені аяқтарға қарай еңкейту; жазылып, шалқалап жатқан қалыпқа келу (аяқтарды бүгіп); көпір; бір тізерлеп таянып тұрып бұрылу — жартылай шат; таянып отырған қалыптан қолды сілтей жоғары секіру.
Бөрене (қыз балалар). Жүрістің әр түрлілігі: аяқтың ұшымен, алға аттан басу (выпад); жартылай отыра адымдап; төбеге (басқа) зат қойып (құм салынған қапташа); көзді жұмып (байлап) жүру. Аяқтарды ауыстыра бір орында жоғары қарай секіру; ілгері жылжып, адымдай секіру. Бір орында тұрып бұрылулар (табандар бір түзу сызықтың бойында болады); солға, солға-кері айналу; оңға, оңға-кері айналу (аяқтың ұшымен). Бір аяқпен тепе-теңдік сақтап тұру, екіншісі — артта (алда, жанда). Бөренемен жүгіріп өтіп, шалқайып секіріп түсу.
Достарыңызбен бөлісу: |