Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануының әсері



бет22/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
акушерство китап

Микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануының әсері. Микробтармен және саңырауқұлақтармен ластану, ұрықтың сапасы мен малдардың ұрықтануына тікелей әсер етеді. Табиғи жағдайда өндірушілердің ен сағағының, еннің иреленген жолдарында, ұрық жолында және уретраның бас кезінде микроорганизмдер болмайды. Сонымен ұрық зәр-жыныс жолымен өткенде және сыртқы ортамен жұғысқанда ластанады. Микроорганизмдер әсіресе өндірушілер тұрған қораның ауасында көп болады.
Ұрықтандыруға 1 мл ұрықта 5 мың микробтық дене және патогендік микрофлора болмаса қолданады.


2.5. Ұрық алудың әдістері
Ұрық алу тәсілдері және оның физиологиялық негізі.
Ұрық алу жолын таңдағанда төменде көрсетілген негізгі талаптарға сәйкес келетін келесі тәсілдерді қарастыру қажет:
1. Барлық шәуетті ешқандай шығынсыз алуға мүмкіндік беретін.
2. Ұрықтардың тіршілік қабілеті мен санын кемітпейтін.
3. Аталық малдардың жарақаттанбауына, әсіресе жұқпалы
аурулардан сақтануына кепілдік беретін.
4. Қарапайым, өндіріс жағдайында ешқандай күрделі
жабдықтарсыз орындалатын.
5. Микробтардан таза (залалсызданған) ұрықты алуды қамтамасыз
ететін.
Барлық белгілі ұрық алу жолдары келесі түрлерге бөлінеді:
1. Уретральдық (несеп жолынан) - тікелей аталық малдың несеп жолынан ұрық алуға мүмкіндік беретін.
2. Қынаптық - табиғи жолмен ұрықтанған аналық малдың қынабынан ұрықты жинап алу.
1. Уретра арқылы ұрық алудың жолдары.
а) Ұрық алудың орыс әдісін 1931 жылы Н.В. Комиссаров, В.И. Липатов, И.И. Родин ойлап шығарды. Бұл әдіспен жасанды қынапты қолдана отырып, аталық малдың жыныс мүшесінің жүйке ұштарын механикалық және термиялық тітіркендіру арқылы толық жарамды шәует алуға болады.
Жасанды қынап әр аталық малға арнайы жасалған, яғни бұқаға, қошқарға, қабанға және айғырға. Олар қандай бөлшектерден түратынын лабораторлық-тәжірибелік сабақта өтеді.
Жасанды қынап әдісі арқылы аталық малдардан ұрықты екі жолмен алуға болады: 1) аналық, аталық немесе пішілген малға 2) тұлыпқа.
Аналық малды станоққа кіргізеді. Сосын техник дайындалған жасанды қынапты малдың оң жағынан жамбас денгейімен бірдей қылып ұстайды. Шәует шығу кезінде жасанды қынап 35-45қС бұрышта болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет