Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Шәуетті алудың қынаптық әдістері



бет24/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115
акушерство китап

2. Шәуетті алудың қынаптық әдістері.
А) сықпалық (губкалық) әдіс оны алғаш ұсынған И.И. Иванов. Бірінші жылдары қолдан ұрықтандыру кезінде бұл әдіс ең көп таралған болатын. Оны бұқадан, қошқардан, айғырдан ұрық алу үшін қолданған. Сарпайының тарлығынан бұл әдіс мегежіндерге жарамайды. Олардың қынабына кішірек келген сықпаны ғана тығуға болады, көлемі кіші болғандықтан, ол барлық бөлініп шыққан шәуетті өзіне сорып алалмайды. Қазіргі уақытта іс жүзінде осы әдіс пайдаланылмайды. Әдістін негізгі мағынасы - сықпаны қолдану, тиісті өңдеуден кейін күйлеп тұрған аналық малдың қынабына кіргізеді, содан соң өндірушімен шағылысқа жіберіледі. Шәует шыққаннан кейін сықпаны қынаптан алады, содан кейін шағылыс уақытында бөлініп, губкаға сіңген шәуетті қолмен сығып алады. Бұл әдістін кемістігі бар: 1) сықпа бөгде дене болғандықтан шәует динамикасын бұзуы мүмкін, ал ол жыныстық рефлекстерді тежейді және шәуеттің аз бөлінуіне әкеліпп соғады, 2) сықпаны дайындау техникасы өте қиын (бұл үшін негіздермен өңдеу керек), 3) сықпаны сыққан кезде жарақаттанудың әсерінен ұрықтың мөлшері азаяды, қозғалуы және өмірсүргіштігі күрт төмендейді, 4) қынапқа кіргізген сықпа күйлеу басталу сатысында бөлінген қынап шырышын өз бойына көп мөлшерде сіңіріп алады, бұл ұрыққа теріс әсерін тигізеді.
Б) Қынап әдісі - бұл әдістің негізі шағылыстан кейін бөлінген ұрықты қынап айнасымен немесе басқа жабдықтармен ұрғашы малдың қынабынан жинап алуда. Әдіс сиырларға, қойларға және биелерге қолайлы. Мегежіннен ұрықты таза дәкені қынаптың алдыңғы бөлігіне кіргізгеннен кейін алады. Әдіс өте қарапайым болып келеді, бірақ оның кейбір жетіспеушіліктері болатынына байланысты пайдаланылмайды:
1) ұрық қынаптың шырыш қабатының қатпарларында жабысып қалып қояды.
2) шәует қынап шырышымен былғанады, яғни ұрықтың сапасын төмендетеді.
Осы әдістен басқа, И.И. Иванов ұрықты өлтірілген құстан алу жолын ойлап тапты. Құрсақ қуысын ашқаннан кейін ампула тәрізді үлкейген ұрық жолынан ұрықты сығып клоакаға қарай сипай итереді, содан кейін ұрықты сағат шынысына жинап алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет