Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет19/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115
акушерство китап

Ұрықтардың қасиеті. Қолдан ұрықтандыру жұмыстарының нәтижесі ұрықтың өмірсүргіштігіне, сыртқы ортаға төзімділігіне, аналық малдың жыныс аппараттарында тіршілік ету қасиеттеріне ие болуына байланысты. Ұрықтың жағдайы сыртқы жағдайға байланысты мысалы, бір минут ішінде қошқар ұрығы 1,9-дан 15,4 мм дейін жылжиды. Бұқа ұрығы осы уақыт ішінде орта есеппен 4,02 мм, қошқардікі 4,6 мм, айғырдікі 5,22 мм қозғала алады.
Ұрықты микроскоп арқылы қарағанда, бір ұрықтың алға қарай белсенді қозғалысын, ал кейбір ұрықтардың жай тербелгіш, үшінші ұрықтардың айналуын, төртінші ұрықтардың жылжымауын байқауға болады.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей, ұрықтардың физиологиялық қасиеттері бірдей емес. Яғни, ен сағағының басынан алынған ұрықтар, ен сағағының құйрығынан алынған ұрықтарға қарағанда, сыртқы орта әсеріне төзімсіз. Ен сағағының басынан алынған ұрықтар организмнен тыс жағдайда бірнеше минут немесе сағат қана өмір сүрсе, ен сағағының құйрығынан алынған ұрықтардың өмірсүргіштігі бірнеше күннен жетеді. Егерде ен сағағының басынан алынған ұрықтарды қышқыл ортаға қосса, онда олар өте тез уақытта қозғалмай қалады, ал құйрық бөлігінен алынған ұрықтар қышқыл ортада өздерінің қозғалысын сақтап қалады.
Барлық дұрыс пісіп жетілген ұрықтар түзу үдемелі қозғалыста болады. Сұйық ортада ұрық құйрықтарының қозғалысы, оларды алға қарай итереді, ал қарама-қарсы электрлік зарядтар ұрықтардың жабыспауын қамтамасыз етеді.
Сұйық ортада ұрық құйрықтарының қозғалысы, оларды алға қарай итереді, ал қарама-қарсы электрлік зарядтар ұрықтардың жабыспауын қамтамасыз етеді. Сондықтан қою ұрықта екі күштің сәйкес келуі (ұрықтардың бір-бірімен электростатикалық итерілуі мен олардың алға қарай белсенді қозғалысы) ұрықтардың біршама дұрыс қозғалысы арқасында реттеліп отырады.
Кұйын қозғалыстын түрі ретінде қошқар мен бұқа ұрығының сапасын айтуға болады.
Ұрықтың тыныс алуы және гликолизі. И.И. Иванов (1911 ж.) бірінші болып, сүтқоректі малдардың ұрықтары ауадан оттегін (О2) қабылдап алатының дәлелдеген. Н.П. Щергин және басқа ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей әр түрге жататын малдардың ұрықтарының тыныс алуы әртүрлі қарқынды жағдайда өтеді. Яғни, 100 млн. бұқа ұрығы 20°С температурада бір сағат ішінде 3,4 мм3 ауа қолданады, ал қошқардікі осы уақыт ішінде 8,4, қабандікі 7,2, айғырдікі 4,3 мм3
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық малдарының ұрықтары өкпе және көк бауыр клеткаларына қарағанда ауаны көп мөлшерде жұтады.
Ұрықтың температурасын әр 10°-қа түсірген жағдайда, олардың қарқынды тыныс алуы 2-есеге төмендейді. 0°С-қа жақын температурада ұрықтың тыныс алуы өте әлсіз түрде өтеді. Қышқылдықтың көбеюі ұрықтың тыныс алысын тежейді, ал ұрық реакциясының сілтілік ортаға ауысуы керісінше күшейтеді.
Тыныс алу ұрықтардың қозғалысын энергиямен қамтамасыз ететін негізгі биохимиялық құбылыс болып табылады. Ұрықтар энергияның 96%-ға дейіні тыныс алу арқасында өтеді. Тыныс алу кезінде оттектің әсерінен, көміртектің, липидтердің, ақзаттың және майлардың тотығуы болады.
Бастапқы кезде жай қанттар - фруктоза мен глюкоза тотығады, өзгелері содан кейін тотығады. Тыныс алу әсерінен көмірқышқылы, су және аммиак пайда болады. Сонымен бірге көп мөлшерде, ұрықтардың өздерінің қозғалысына пайдаланылатын энергия бөлініп шығады.
Ұрықтардың тыныс алуы организмнің басқа клеткалары секілді өтеді. Ол ферменттердің әсерінен ең алдымен цитохромоксидаза арқылы өтеді. Ұрықта ферменттердің саны малдың түріне байланысты өзгереді. Айғыр мен қабанның ұрықтарында, бұқа және қошқардың ұрықтарына қарағанда олардың саны бір неше рет көп болып келеді.
Ұрықтар факультативтік анаэробтарға жатады, өйткені олар оттек қатынасуымен және оттексіз қозғала алады. Оттегі болмаған кезде ұрықтардың энергия көзі болып, қант (фруктоза және глюкоза) пайдаланылады, ол ұрық сарысуынан гликолиз немесе фруктолиз жолымен сіңіріледі. Ең алдымен әдеттегідей глюкоза, содан кейін фруктоза жұмсалады. Аталған қанттар сүт қышқылына айналғанда энергия бөлініп шығады. Бірақ ұрықтың фруктолизі кезінде олардың тыныс алуына қарағанда 20 есе энергия аз шығады. Н.П. Шергин содан кейін Манн көрсеткендей, ұрықта гликолиз кезінде бірнеше аралық қорек көзі пайда болады.
Гликолиз рН 7,6 тең болғанда өте интенсивті өтеді: ұрықтың қышқылдығын рН 6,4 немесе оның сілтілігін осы көрсеткіштен жоғары көтерсе, гликолиз тежеледі.
Ұрықта негізінен фруктоза болады. Ол ең алдымен күлдіреген бездердің, гипофиздың алдыңғы жартысындағы гормондар әсерінен пайда болады.
Ұрыққа глюкоза қосқанда тыныс алу коэффициенті жоғарылайды, ол қанттың белсенді қолданылғанын дәлелдейді. Ұрықтарға қант қосса, ол олардың өмір сүруін ұзартады, өйткені қант ұрықтың өз энергетикалық ресурстарын кетіруге жол бермейді. Ұрықтың қабығынан бос глюкоза немесе фруктоза жеңіл өтеді, оларға қарағанда дисахаридтер қиынырақ өтеді, ал ұрықтың қабығы фосфорланған қанттарды мүлдем өткізбейді.
Ұрықтар оттегі болса гликолизде пайда болған лактат сүт қышқылының жартысын тыныс алуға пайдаланады және соның арақасында жоғалтқан бірқатар глюкоза санын қалпына келтіреді. Бірақ тыныс алу процесі кезінде атмосферада таза оттегі болса да ол ұрықта сүт қышқылы жиналуына кедергі бола алмайды.
Ұрықтар оттегінсіз ортада оттегі бар ортаға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Ұрықтардың осы қасиетіне сүйене отырып, ұрықтарды вазелин майы қабатының астында сақтап, аэрацияны, сонымен қатар тотықтырғыш процестерін шектейтін негізгі тәсіл құрылды.
Сүт қышқылы көбейгенде ұрықтар анабиотикалық жағдайға өтеді, сұйық ортаның реакциясы сілтілі өзгергенде және температурасы көтерілгенде олардың жылжуы бұрынғы қалпына келеді.
Анабиоз жағдайында ұрықтарды сақтағанда қышқыл ортаны қолдануға болады. Ұрықты анабиотикалық жағдайға ауыстырғанда, ол олардың организмнен тыс жағдайында сақтау мерзімін бірнеше күнге ұзартады, содан кейін жылыту арқылы ұрықтарды қайтадан белсенді жағдайға көшіруге болады. Ұрықтың қышқылдығы тым жоғары болса онда белсенді жағдайға аудару үшін температурада жоғары болуға тиісті. Мысалы, ұрықтың рН 7,6 болса, онда ұрықтар 15-20 градуста қозғалады, ал ұрықтың рН 6 болса, онда ұрық 35-40° ғана жылжи бастайды. Ұрықта рН 4,5 болса онда тек температураны көтеру анабиоздан шығармайды. Ұрықтар тек қана темпертураның әсерінен ортаның сілтілігіне байланысты жылжымалы болады. Ұрықтарды ұзақ уақыт бойы сақтаса және олардың рН көрсеткіші өте төмен болса ұрықтар өледі.
Ұрықтар арнайы клетка болғандықтан, органикалық заттарды шоғырландыруға және оларды синтездеуге қабілетсіз болады.
Оларда анаболиттік процестерге қарағанда ассимиляциялану процесстері басым болады. Глюкозаның ассимиляциялануы ұрықтардың бұзылу процессін тоқтатпайды, ал кейбір жағдайда тек қана тежейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет