Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Туғаннан кейінгі естен тану



бет89/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115
акушерство китап

Туғаннан кейінгі естен тану (paranoia puerperatis). Ауру көбінесе сиырларда ми гиперемиясы салдарынан дамиды. Төлдегеннен кейін 3-4 күн өткесін кездеседі. Ауру жоқ жерде пайда болады. Сиыр мөңіреп, мазасызданып, босқа сандалып жүре береді, аузынан сілекей ағады, кейде кісіні сүзбекші болып ұмтылады немесе қабырғаға басын тіреп тұрып қалады. Кейде құтыру ауруына тән симптомдар кешені дамиды. Қозудан кейін әдетте әлсіреу байқалады. Ауру бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.
Диагноз. Құтыру ауруынан ажырату үшін малды 24 сағат изоляторда ұстайды.
Болжау. Қолайлы.
Емі. Малды қараңғы, асты құрғақ, қалың төсеніші бар жерге орналастыру жақсы нәтиже береді. Ішін жүргізетін күкіртқышылды магнезий тұзын (200 г) езіп, ішкізеді, әрбір 5-6 сағат сайын бромды калий (50-60 г) береді. Ауру мал әдетте 1-2 күнде жазылып кетеді.


Туғаннан кейінгі эклампсия (eclampsio puerperatis) талма мен дірілдеу белгілерімен сипатталатын өте жіті ағымдағы жүйке ауруы. Барлық аналық мал түрлерінде кездеседі, көбінесе күшіктері асырау кезіндегі иттерде байқалады.
Себептері анықталмаған, бірақ себеп ретінде аналық плацента және ыдыраған лохий ақуыздарының сіңірілуі әсерінен немесе ми гиперемиясынан анафилаксия немесе аутоинтоксикация тууын атауға болады.
Клиникалық белгілері. Ауру төлдеуден кейінгі кезеңде пайда болады. Ауру малдың көзі алайып, дірілдеп қалтырайды, құлап түседі, тілін шайнап, жағын қарыстарады, ауызынан көбік ағады. Бір кезде орнынан жан жағына алақтап қарғып тұрады, қайта құлайды. Осылай бірнеше рет қайталанады. Ауру көбінесе өздігінен жазылып кетеді, кейде сол жатқан жерінде мал өліп кетеді. Талма үрдісі 5 минуттен 30 минутке дейін, кейде бірнеше күнге дейін созылады, өздігінен қалай пайда болды солай тоқтайды.
Болжау қолайлы. Негізгі қауіп ол құлау кезінде малдың өзіне жасаған жара кейде қозу коматозды жағдайға ауысып мал өледі.
Емі. Ауру малды қараңғы бөлмеге орналастырады, астына қалың етіп төсеніш салады. Тері астына кофеин, ішіне бромды калийді күніне 2-3 рет береді, тік ішегіне хлоралгидрат жібереді.
Шуды жеп қою. Өзінің шуын жеп қою көбінесе сиырда, мегежінде, қоянда, итте, мысықта кездеседі. Сиырда, биеде, саулықта бұл жағдайда көбінесе ішек қарын және асқазан функциялары бұзылады.
Клиникалық белгілері. Шуды жеп қою кезінде: шудың анықталмауы және туу жолдарынан салбырап тұрмауы, гастроэнтерит белгілері, күйіс қайыратын малдарда тимпания, тыныс алуының жиеленуі, кейде дене қызуының көтерілуі, биелерде түйнелулер болуы. Нәжісте жағымсыз иіс. Кейде іш өтуі байқалады.
Емі. Симптоматикалық. Бірінші күндері аш диета, содан кейін жеңіл қорытылатын азық береді. Ас тез қорытылу үшін ішке ішек қарын мен асқазан секрецияларын ынталандыру заттарын береді. Бұл үшін тұз ішкезеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет