Ұрықтарың құрылысы. Ұрық өзгеше құрылған клетка, түпкілікті өзгертілген ерекшелігімен барлық басқа организмнің клеткаларынан ажыратылады.
Ұрықтың төрт негізгі бөлімдері бар: басы, мойыны, денесі және ұзын қозғалмалы құйрығы.
2-Сурет. Ұрықтың құрылысы: 1 басының тысы;
2- акросома; 3- қиылысатын фибриллдер; 4- хромосомалар; 5-бақал тәрізді қабат; 6- жасушалық орталық; 7-мойыны; 8-біліктік фибриллдер; 9-дорсалды және вентралды бүйірлік баулар (әрқайсысы 4 фибриллден тұрады); 10-қосатын бөліктің қосарланған иірімі; 11-эктоплазма; 12-Иенсен бойынша соңғы сақина; 13 құйрығының үш иірімді фибриллдері; 14-құйрығының қабаты; 15-соңғы бөлігі.
Ауыл шаруашылық малдары ұрықтарының мөлшерлері, түрлері және белсенділігі жағынан аналық клеткалардан айқын айырмашылығы бар. Сүтқоректі жануарлар ұрықтарының ұзындығы екі есе мөлшерде аналық жыныс клеткасы диаметрінен кіші, ал ұрықтың көлемі жұмыртқадан 16000 есе кіші. Ұрықтың көлемі 50-80 мкм шамасында ауытқиды. Сонымен бұқа, қошқар ұрықтарының ұзындығы 75-81 мкм, айғырда 50-60, қабанда 50-55 мкм.
а) Ұрықтың басы: көбінесе нуклеопротеид және аз мөлшерде бос белоктан, лецитиннен және тұздардан тұрады. Нуклепротеид - күрделі белок, ол дезоксирибонуклеинды қышқылдан (ДНК) және қарапайым белок – гистоннан тұрады. ДНК-ның саны тұрақты, өйткені оның азаюы бұқаларда бедеулік туғызады. Гистонның құрамына 18-ге жақын әр түрлі аминоқышқылдар кіреді, соның ішінен бірінші орынды аргинин (25%) алады. әдеттегідей ұрық даму процессі өтуі үшін лейцин, изолейцин, треонин, лизин, серин, цистин және басқа аминоқышқылдар қажет. Нуклеопротеидтен басқа, ұрықтың басында негізінен акросомада орналасқан екінші белок-липопротеин (17-20%) бар. Сонымен сүтқоректі жануарлардың ұрықтарының басы 96-97% белоктан тұрады.
Ұрықтың басының ұзындығы 7-10 мкм, жалпақтағы 3,5 және жуандығы 1-1,5 мкм жетеді. Басының көп бөлігін ядро алады. Бастың алдыңғы жартысында құндақ бар, оның астында акросома болады. Ол Голджи жиынтығынан құрылады және ұрықтану процесінде маңызды роль атқарады. Бұқа ұрығы акросомасының консистенциясы ұрықтың басқа бөліктеріне қарағанда аса тығыз емес. Осыған байланысты ұрықты сақтау кезінде алғашқы дегенеративтік өзгерістер акросомада пайда болады. Оның физиологиялық функциясы толығымен анықталмаған.
Ұрық басының артқы бөлігінде құты тәрізді қабық, ал негізінде жақсы айқындалған сақина тәрізді қабат бар.
2. Ұрық мойыны ең қысқа бөлік болып табылады: ұзындығы 1 мкм ұрық мойынында проксимальды (мойын түбінде) және дистальды бөлігінде центросомалар орналасқан. Центросомалар клетка орталығын құрайды. Ол 11 жеке фибрильдерден тұратын білігі жіпше құрайтын бастапқы орын болып табылады. Олардың ішінен ортаңғы екеуі бір-бірімен байланысқан, ал қалған шеткі тоғызы ішкі және сыртқы жуан жіпшелерден құралған ортаңғы екеуін қоршап тұрады. Осы спиральдық жіпшелер, орталық жіңішке көлденең жалғамдармен қосылатын тұсында, яғни ұрық денесінің басында жоғалып кетеді.
Денесі және құйрығы - қарапайым белоктар мен липидтерден құралған, әсіресе липидтер саны ұрықтың құйрығында көбірек (23%). Липидтер құрамында фосфоролипидтер басым (73,3%), содан кейін холестерин (14,8%), глицериндер (9,6%) және балауыз 2,6% болады. Ұрық құрамында 10%-ға дейін фосфордан, фосфолипидтерден тұратын ДНК санының басым болуы, ұрықтың құрғақ затындағы фосфор санының 2,7%, ал ұрық басында 4% болуын қамтамасыз етеді. Ұрық денесі цилиндр тәрізді, оның ұзындығы 10 мкм шамасында. Денеде ұрықтың діні болады. Оның ішкі фибрилдері белгілі ферменттерге өте сезімтал, ал сыртқылары резистентті болады. Пісіп жетілген ұрықтардың екі спиральды сақиналары бар (Иенсеннің қос сақинасы), олардың діні жіпшелер айналасында бүкіл дене бойымен сағат тіліне қарама-қарсы бағытта оралады.
Ұрық құйрықшасы дененің жалғасы болып табылады және тура сызықты үдемелі қозғалыс органының қызметін атқарады. Оның ұзындығы 50 мкм шамасында.
Дененің шекарасы болып және ұрықтың басы ретінде Иенсеннің сонғы сақинасы саналады.
Ұрықтардан қабықшасы бар, ол ұрық басының айналасында мөлдір шеңбер түрінде бөлектеліп тұрады, ол ұрықтың құйрықшасынан басқа бөлектерінде жыртылған тығыз жұқа ұлпаң киығы тәрізді болып тұрады. Қабықша көбінесе цистеннен тұрады, ол ақзатттың құрамы болып табылады. Күкірті бар ақзат ұрық қабықшасына беріктік қасиет береді. Оның үлкен өткізгіштік қасиеті бар, осыған байланысты зат алмасу кезінде диффузия құбылысы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |