Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет26/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115
акушерство китап

Ұрықтарды сұйылту. Ұрықтардың сұйылтқыштарын дұрыс пайдаланған кезде оларда келесі артықшылықтарды айыруға болады:
1) ұрықтардың көлемі көбейіп, іс жүзінде асыл-тұқымды, бағалы өндіруші ұрықтары тиімді пайдаланылады.
2) ұрықты кейбір сұйылтқыштармен араластырғанда ұрық қарқынды қимыл қозғалыс күйін жоғалтып, уақытша тіршілігін тоқтатады.
3) қосалқы жыныс бездері секреттерін жасанды ортамен алмастырғанда, организмнен тыс қалған жағдайда ұрықтың өмір сүргіштігі ұзарады.
Алғаш рет И.И. Иванов ұрық сұйылтқышы ретінде хлорлы натрийдің физиологиялық ерітіндісін (0,9%) қолданған. Бірақ жай физиологиялық ерітінді ұрықты сұйылту үшін жарамсыз болып қалған, себебі оның жабысқақтығы ұрықтың жабысқақтығына қарағанда төмен, сондықтан ұрықтар физиологиялық ерітіндінің түбіне тез тұнып қала берген. Сонымен бірге физиологиялық ерітіндінің рН 5,6-6,2 аралығында ауытқиды, себебі физиологиялық ерітінді дайындауға қолданылатын дистиллденген су ауадан көмір қышқылды өзіне сіңіреді. Соған байланысты сұйылтқыштарды малдардың түрлеріне сәй дайындалу ұсынылады. Сұйылтқыштар мал түріне байланысты әртүрлі дайындалады, мысалы ГФО (ГФК-глюкозо-фосфаттық қойға арналған), ГТС (ГТШ-глюкозо-тартратты шошқа үшін дайындалған сұйылтқыш).
ГСЛ - глюкозо-сульфаттық жылқы үшін дайындалған сұйылтқыш және басқа сұйылтқыштар.
К.Н. Кржишковский және Г.Н. Павлов (1927) ұрықтың өмір сүргіштігін жақсарту мақсатында сұйылтқыштардың құрамына лецитинді және тауық жұмыртқасының сарысын қосуды ұсынды.
Осының негізінде ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында сұйылтқыш ретінде глюкозо-цитраттық-жұмыртқа сарысы қолданыла бастады.
Қазіргі уақытта ұрықты қысқа мерзімде сақтау үшін төмендегі көрсетілген реактивтер қолданады. Олар жайлы мәлімет төменде келтірілген кестеде көрсетілген.

1-Кесте. Ұрықты қысқа мерзімде сақтауға қолданылатын


сұйылтқыштар



Қоспалар

Ұрық

бұқаның

қошқардың

айғырдың

қабанның

Сұйылтқыштардың қысқаша аты:

ГЦЖ

ГЦЖ

ЛХЦС

ГХЦС

Компоненттері













Дистиллденген су, мл

100

100

100

100

Глюкоза, г

3

0,8

7

4

Фруктоза, г

-

-

-

-

Лимонқышқыл натрий, г

1,4

2,8

-

0,38

Глютамин қышқыл
натрий, г

-

-

-

-

Қос көмір қышқыл
натрий, г

-

-

-

0,05

Күкірт қышқыл
аммоний, г

-

-

-

0,18

Хелатон (трилон Б), г

-

-

0,1

0,26

Тауық жұмыртқасы
сарысы, мл

20

20

1,6

-

Спермосан-3, мың_ӨБ

75-90

50-75

25-30

25-30

Сұйылтылған
ұрықтарды сақтау
температурасы

2-5

2-5

2-5

16-20

Сұйылтқыштардың бөлімдері химиялық жағынан таза, уыттылығына тексерілген және мемлекет талабына сәйкес болуы керек.


Сұйылтқыш ауызы тығыз жабылатын шыны ыдыстарда қараңғы, құрғақ жерде сақталынады.
Жаңадан әкелінген препараттарды міндетті түрде биологиялық бақылаудан өткізу керек, өйткені кейбір жағдайда, олардың ішінде ұрық сапасына кері әсерін тігізетіндері де кездеседі. Сұйылтқыштарды дайындау үшін міндетті түрде тек дистиллденген суды қолдану керек. Мұнда ұрықтың сыртқы қабатын бұзатын хлорлық қосындылар жоқ.
Глюкоза фруктоза, лактоза, сахароза ерітіндінің өткізгіштігін төмендетеді және ұрықтардың электр зарядтарын жоғалтуына байланысты олардың бір-біріне жабысып қалмауын ескертеді. Ұрықтар глюкоза мен фруктозаны энергия көзі ретінде қолданады.
Бұқа мен қошқар ұрықтарында сақтау кезінде сүт қышқылы және басқа алмасу өнімдері пайда болады. Оларды бейтараптандыруға цитоплазманың коллоидтары мен ұрық қабатының ісінуін және олардың өткізгіштігі тежелуін азайту үшін сұйылтқыштардың құрамына лимон-қышқыл натрий қосады, ол ұрықтың табиғи буфері болып есептелінеді (оның рН 7,8-8,0). Айғыр және қабан ұрықтарының сары суларында тұз мөлшері көп болатындықтан, бұндай малдардың ұрықтары үшін дайындалатын сұйылтқыштардың құрамына лимон қышқыл натрийін қоспайды, немесе аз мөлшерде қосады. Ұрыққа әсер ететін сыртқы ортаның негізінің бір факторы болып температура есептелінеді. Ол төмендесе (+18 төмен) ұрық зақымданып, әрі қарай тіршілігін жояды. Ұрық талықсымауы үшін оның сұйылтқышына 7%-дай тотықпаған лецитині бар тауық жұмыртқасының сарысын қосады. Сонымен қатар ол ұрық үшін қоректік зат болып есептелініп, ұрық цитоплазмасының липидтері жұмсалуынан сақтайды. Жұмыртқа толық азық қабылдаған дені сау тауықтан алынуы керек, сонымен қатар сарысы ашық түсті болғаны жөн. Жақсы жұмыртқаның құрамында орны толмас амин қышқылдары, көмірсулар, витаминдер, микроэлементтер толық мөлшерде болады. Сыртқы қабаты кірленген жұмыртқа жарамсыз болады. Бұндай жұмыртқаның сыртқы қабығынан микробтардың 13 түрі және көгерткіш санырауқұлақтың 7 түрі анықталған. Сондықтан қолдан ұрықтандыру кезінде жұмыртқаларды қолданғанда тазалық сақтау тәртіптерін қадағалаған дұрыс. Ол үшін жұмыртқаның сыртқы бетін спиртті тампонмен сүртеді. Соңғы жылдары шет ел ғалымдары бұқа ұрығында семинаплазмин деген белок тапқан, оның микробтарға әсер етуі пенициллин, стрептомицин немесе тетрациклинмен тең.
Сұйылтқышқа сонымен бірге пенициллин, стрептомицин және ақ стрептоцидті қосады, немесе жоғарыда аталып кеткен препараттардың қоспасын «Спермосанды» құяды.
Тәжірибе көрсеткендей сұйылтқышқа стрептоцидті қосқанда ол ұрықтың өмір сүргіштігін ұзартады және микробтардың өнуіне кедергі жасамайды. Пенициллин микробтардың өсуін тежейді, бірақ ұрықтандыру сапасын жақсартпайды. Стрептомицин микробтарды көп мөлшерде құртып, сонымен қатар ұрыққа керісінше әсер етеді. Қазіргі кезде көп ғалымдар антибиотиктерді ұрыққа қосу тиімсіз деп санайды. Сонымен ұрықта морфологиялық өзгеріс тудыратын микробтардың өнуіне антибиотиктер де, сульфаниламидтік препараттар да кері әсер ете алмайды.
Дайын болған сұйылтқышты 30-35° су моншасында жылытады. Бұдан жоғары (+) температурада сұйылтқыштағы жұмыртқа сарысы пісіп қалады, ал негізгі температурадан төмен болса (-) ұрық зақымдалып тіршілігін жояды. Сондықтан, ұрық пен сұйылтқыштың температурасы бірдей болуы керек.
Қоспаны бағалау үшін зерттеу шынысына тексерілген ұрықтың бір тамшысы тамызылады және оған 2-3 тамшы қоспа қосып микроскоппен зерттейді. Ұрықтың белсенділігі төмендеуі қоспаның жарамсыздығын білдіреді, ал ұрықта ешқандай өзгеріс болмаса қоспаны қолдануға болады деген сөз. Ұрыққа сұйылтқышты қоспай тұрып ұрықтың сапасын бағалайды.
Алынған шәуетке сұйылтқышты қоспас бұрын ұрықтың белсенділігі мен шоғырлануын білу қажет. Қосу дәрежесі сонымен бірге ұрықтың керекті бір мөлшеріне және басқа да жағдайларға байланысты. Алынған ұрыққа сұйылтқыштарды араластыра отырып бөліп құяды. Бұқа ұрығын сұйылтқышпен 10 (1:9)-15 (1:14) рет араластырады.
Италия мен Англияда ұрықты 1:20:50, Германияда 1:25 рет араластырады.
Ал, кейбір мамандар бұқа ұрығын 1:100 кейде 1:200 қатынасында араластыруға болатынын атайды.
Бұндай әр түрлі мөлшердегі араластыру ұрықтандыруға керекті ұрық мөлшіріне байланысты деп түсіндіріледі.
Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша бір сиырды ұрықтандыруға кететін сұйылтқыш мөлшерінде 10-15 млн. ұрық, кейде 50-100 млн-ға дейін болу керек деген тұжырымға тоқталады.
Бұқа айғыр, қабан және басқа аталық малдың ұрықтары үшін ең жақсы сұйылтқыш ретінде жаңа сауылған сүт болып есептелінеді.
Н.Н. Михайловтың зерттеуі көрсеткіші бойынша сүт ортасы жоғарғы буферлік қабілетте болады, ұрық тітіркенуі дәрежесін төмендетеді, араластырған ұрықта өмірсүргіштік ұзарады және құрамында жатыр шырышына ұқсас сутек ионының шоғыры болады.
Сүт ұрық үшін толық құнды биологиялық орта болып есептелінеді, сондықтан ұрықты батыл араластыруға болады. Сүт сұйылтқышы ұрықтың өмірсүргіштігін, ұрықтандыру қабілетін жоғарлатады және 0° температурада жеті тәулікке дейін осы сапаны сақтайды. Сондықтан сиырды, биені ұрықтандырғанда жұмыртқа сарысы, цитраттык сұйылтқыштарды қолданғанға қарағанда, сүт сүйылтқыштарын қолдану кезінде ұрықтану сапасы жоғары дәрежеде болады. Сұйылтқыш ретінде құрғақ сүтті де қолдануға болады, яғни 10 г құрғақ сүтке 100 мл дистилденген су қосады (Г.В. Зверева).
Құрғақ сүтті сұйылтқыш ретінде қолдану Англияда қеңінен тараған.
Қазіргі кезеңде қабан ұрығына сұйылтқыш ретінде және сақтау үшін (16-20) көптеген орталар ішінен глюкозохелацитраттық және глюкозохелацитрат-сульфаттық орталар қолданылады. Бұлардың негізгі бөлігі болып хелатон есептелінеді. Н.Т. Плишконың айтуына қарағанда хелатон ұрықтың зат алмасу процессін тежеу арқылы оның өмірсүргіштігін ұзартады, ол акросомалар мен сыртқы қабаты бұзылуынан сақтайтынын дәлелдеді. Осы орта микробтардың өнуін тежейді және кейбіреулеріне бактериолитикалық әсер етеді.
Мегежіндерді фракциялық әдіспен ұрықтандырғанда А.В. Квасницкий бірнеше қоспаларды ұсынған: олар жатыр мүйізінің қабатын толтыруға негізделген, сондықтан оларды толтырғыштар деп атайды.
1) глюкоза-тұзды /30 г глюкоза мен 4,6 г NaCL 1 л дистиллденген суға қосады.
2) тұзды 9 г NaCL + 1 л дистиллденген суға қосады.
Бұл сұйылтқыштар жатырдың кілегейлі қабатына жұмыртқа сарысы-цитраттық және басқада сұйылтқыштарға қарағанда қолайлы жағдай туғызады.
Болгарияда (Братанов, Иосифов, Стоянов) айғыр, бұқа, қошқар ұрықтарына сұйылтқыш ретінде балды сұйылтқыш ұсынылған. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда балдың 7% судағы ерітіндісі ұрыққа қолайлы әсер етеді.
Бұқа және қошқар ұрықтарына арналған сұйылтқыштарға фосфаттар мен сульфаттарды қосқанда олардың сапасы жақсарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет