Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Организмнен тыс жағдайда сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері



бет20/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
акушерство китап

2.4. Организмнен тыс жағдайда сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері
Температура әсері. И.И. Иванов (1908) ұрықтың 0°С-тан 15° арасында жақсы сақталатынын дәлелдеді. Өте төмен немесе жоғары температура ұрықтардың өлуіне әкеп соғады. Ортаның температурасы ұрыққа екі түрлі әсер етеді: 1) қозғалысын тежейді немесе күшейтеді; 2) өмірсүруін ұзартады немесе қысқартады.
Ұрықтың қозғалысы мен өмірсүруі бір-біріне байланысты құбылыс. Егерде ұрықты 5 температурасы бар ортаға қойса, онда олар қозғалыссыз қалады, немесе өте жай қозғалады. Температураны +10°С-ға көтергенде ұрықтар белсенді қозғала бастайды, температураны көтерген сайын қозғалыс белсенділігі артады, ең жоғарғы қозғалыс қабілетті +38-41°С болады. Сондықтан ұрық қозғалысы ортаның температурасына тікелей байланысты.
Ортаның температурасы көтерілген сайын ұрықтың өмірсүруіне басқаша әсер етеді. Ұрықтың өмірі қысқарады. В.Д. Клеманавтың зерттеулері бойынша температура 46,5°С болғанда ұрық ақзаттары қайтпайтын денатурацияға ұқсас жағдайға түседі. Төмен температура ұрыққа онша қайшы әсерін тигізбейді. Бір қалыпты суытып отырып ұрықты қатыруға болады, содан кейін қыздыру арқылы қайтадан ұрықты қозғалу мен ұрықтандыру қабілетіне келтуріге болады. Ұрықты тез суыту немесе жоғарғы температурадан төмен температураға тісіру ұрықтарда температурлық естен тану (шок) процестерін тудырады.
Температуралық естен тану дегеніміз ол ұрықтардың тез суытуға қарсы реакциясы. Ол ұрықты жылытуынан және арнайы сұйылтқыштар қосқаннан кейін қабілетін жою және ұрықтардың басқа түрлері пайда болуымен көрінеді. Ұрықтың тез суытып температурасын 17°С-қа дейін жеткізгенін өзінде де температуралық естен тану процессі пайда болады.
Ф.И. Осташконның зерттеулеріне қарағанда ұрықтағы естен тану құбылысы 25°С-да болуы мүмкін. Бұл жөнінде ғалымдар көптеген теориялар, әртүрлі гипотездер ұсынған, бірақ осының бірі де толығымен температурлық естен тану процессінің пайда болу механизмі мен дамуын толығымен түсіндіре алмайды. әсіресе температуралық естен тану жаңадан алған ұрықта, егер ұрық алатын бөлменін температурасы 18° кем болса болуы мүмкін, сол себептен ұрықтарды зерттейтін бөлменің температурасы 18°С-тан төмен болмауы керек. Төмен температуралар тірі ұрықтарға қайшы әсерін тигізеді, себебі қату кезінде клеткалардың цитоплазмасы бұзылады.
Ұрықтарды бір қалыпты минус 6-10°С-ға дейін суытқанда, оларда белсенді түрде кристалдандыру процессі жүреді, ол ұрықтың тез өлуіне әкеліп соғады. Температурлық естен танудың пайда болуын, әсіресе бұқа және қошқар ұрықтарымен жұмыс істегенде ескеру қажет, себебі олардың ұрықтарының көлемі аз болғандықтан, олар тез суыйды. Температурлық естен тану суық уақытта ұрықтандыру кезінде немесе суық аспаптарды қолданғанда да пайда болады.
Жарық әсері. Шашыраған күндізгі жарық ұрықтарға қайшы әсерін тигізбейді. Егер күн сәулесі тік түссе ұрықтың жылжуы басында күшейеді, сосын 20-40 минуттен кейін олар өледі. Күн сәулесінің кері әсері ұрыққа ультракүлгін спектрі бөлігінің әсерінен болады, олар химиялық процесстерді күшейтеді. Сондықтан қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықты күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен қорғау қажет. Ұрықтармен жүргізілетін барлық жұмыстар жабық бөлмеде өткізілуі керек. Шашыраңқы жарық ұрыққа әсер етпейтіндіктен, оларды сақтауға әдетте шыны ыдыстарды қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет