Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұрықты алу кезінде қойылатын малдәрігерлік-санитарлық талаптар



бет25/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
акушерство китап

Ұрықты алу кезінде қойылатын малдәрігерлік-санитарлық талаптар. Ұрықты өндірушілерден жылы, кең, жарық және таза жерде алады. Ұрықты алардан 1,5-2 сағат бұрын манежде және лабораторияда бактериаларды жоятын шамдарды қосу керек, олар ұрықтың микробтармен және саңырауқұлақтармен былғануын төмендетеді. Өндірушіні, тұлыпты және ұрық алу үшін қолданатын малды жақсылап тазалайды. Өндірушілерді тазалаған кезде басты көңіл қарынның төменгі бөлігіне аударылады осы жерді жылы 2% сода ерітіндісі немесе фурациллин (1:5000) ерітіндісімен жуады. Жылдың жылы уақытында бұқаны, айғырды, қабанды душтың астында жуады. Кейбір мамандар бұқаның күпек қуысын әртүрлі дезинфекциялық ерітінділермен жууды ұсынады. Бірақ дезинфекциялық ерітнділерді көп уақыт бойы қолданса ол күпектің кілегейлі қабығының бактерицидтік қасиетін төмендетеді.
Ұрықты алған кезде қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін әсіресе бұқадан және айғырдан манежде (ұрық алатын жерде) қазық бөгеттерін қояды. Өндірушілерден ұрық алатын кісілерге малдәрігерлік-санитарлық өңдеу кезінде қатынасудың қажеті жоқ. Жалпы ұрық алуға арналған станок пен манежде мал дәрігерлік шараларды (туберкулинизация, қан алу) жүргізуге болмайды, өйткені өндірушілерде станоққа немесе манежге шартты тежелу рефлекстері пайда болады. Барлық малдардың өндірушілерін ұрық алардың алдында тиісті түрде серуенге жібереді, бұл олардың жыныс рефлекстері дамуын күшейтеді.
Шәует сапасы жақсы болу үшін ұрық алардың алдында бұқаны күйлеп тұрған сиырмен жақсылап қоздырады. Осының әсерінен бұқадан бөлінетін ұрықтың көлемі 18,4-18,9%-ға дейін көбейеді.
Бұқаның 6-10 минут ішіндегі жыныстық қозуы ұрықтың сапалы көрсеткіштеріне (көлемінің және концентрациясының азайюына т.б.), ұрықтану қабілетіне өте зор әсерін тигізеді.
И.И. Родиннің зертеулері көрсеткендей бұқа мен қошқарға жасанды қынаптың ең тиімді температурасы 41-42° болады. Бұл жағдайда жасанды қынаптың резеңке камерасы кіреберісінің температурасы малдың дене температурасына сәйкес келеді, ал бұл қалыпты шағылысқа мүмкіндік туғызады.
Температураның төмендеуі шәуеттің динамикасын бұзады. Температураның 42°-тан жоғары болуы жыныс актына қайшы әсерін тигізбейді, бірақ ұрықтың өмірсүруі төмендейді. Алайда, егер жоғары температуралық жасанды қынапты бірнеше рет қайталап қолданса, онда өндіруші кейіннен шәуетті тек осы температурада береді. Жасанды қынапты суық қалпында қолданғанда өндірушілерде тежелу рефлекстері жылдам дамиды.
Қынаптың ішкі жағын майлау үшін залалсыздандырылған таза, вазелин қолданылады. Бірақ одан резеңкенің камерасы тез бұзылады және оның созылғыштығы азаяды. Сондықтан ұрық алсымен жасанды қынапты вазелиннен тазалайды. В.А. Пасечниктің ұсынған арнаулы ерітіндісін қынаптың резеңкесін майлауға қолдану жақсы нәтиже береді.
Оның ұсынған рецептері (рецепт №1, крахмал – 6 г, глицерин 10 г, тазартылған су 100 мл, рецепт №2 – крахмал-6 г, қайнатылған сүт-100 мл, глицерин-10 г). Ұрық қабылдағыштың тазалығына аса назар аудару керек. Оны әрқашанда сода ерітіндісімен және таза сумен мұқият жуады. Қолданар алдында ұрық қабылдағышты автоклавта немесе қайнатып залалсыздандырады, сосын хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісімен шаяды.
Бұқа мен қошқар бөлетін шәует көлемі өте аз. Сондықтан ұрықтарды температуралық талықсудан өлтірмеу үшін, ұрық алған кезде екі түбі бар шыны ұрық қабылдағыш қолданылады. Бұқаға арналған ұрық қабылдағыштың қабырға аралығы арасына 100 мл, ал қошқардікіне 50 мл су құяды. Су 30-35°-қа дейін жылытылған болуы керек.
Жасалған қынапқа ауаны шығатын тесігі толығымен жабылғанша қысып топтайды. Қысымы аз болса шәует солғын өтеді, ал қысымы көп болса жыныс мүшесі қынапқа кіргенде кедергі жасайды және шәуетті бұзуға мүмкіндік қылады. Қошқарда, бұқада, қабанда шәует шығуы қынаптың қысымы 40-60 мм сынап бағанасында қалыпты өтеді.
Өндірушілерден барынша сапалы, жақсы ұрық алу үшін ұрық алған кезде техник тәжірибесін және өзге ерекшеліктерді ескеру керек. Жасанды қынап ауасының қысымы аз болса, онда қабанның шәуеті бұзылады немесе мүлдем болмай қалады. Сондықтан жасанды қынапқа ауаны қысып топтағасын, оның қысымын тексеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет