Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Зародыштарды трансплантациялау



бет39/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115
акушерство китап

3.4. Зародыштарды трансплантациялау
Зародыштарды донор - малдардың жыныс органдарынан реципиент - малдардың жыныс органдарына көшіруді - трансплантация деп атайды. Бұл жағдайда рецепиент организмде зародыштың сосын ұрықтардың дамуымен өтетін әдеттегі буаздылық болады.
Трансплантация бойынша жұмыстар ХІХ ғасырдың аяғында анасының организмі ұрық дамуына әсер етуін оқу мақсатында бірінші қимылдарын аналық жыныс клеткаларды ұрықтандыру және сүтқоректі жануарлардың зародыштарын организмнен тыс жағдайда инкубациялау қояндарға жүргізілген Хипп (1891), В.С.Груздев (1897).
Одан ары осы тәжірибелерді көптеген отандас және шетел ғалымдары жалғастырды: А.В. Квасницкий дүние жүзінде бірінші рет (1949-1953 жылдары) көшіргеннен кейін мегежіндерден ұрпақ алды. А.И. Лопыринның басшылығымен саулық зародыштарының көшірілуі нәтижелі жүргізілді. Биелердің, сиырлардың, саулықтардың. қояндардың ұрықтанбаған және ұрықтанған аналық жыныс клеткаларының көшірілгені туралы баспада баяндама шықты. Жаңа зародыштарды хирургиялық әдіс арқылы алуы тәжірибеде қолданылады.
1970 жылдан ғылыми зерттеулер және зародыштарды трансплантациялау тәжірибеде қолданылуы тез дами бастады. 1971 жылы тышқандардың зародыштарын тоңазыту және қайтадан еріту жұмыстары нәтижелі жүргізілді, ал 1973 жылы сиырға тоназытылған және қайта ерітілген зародышты отырғызғаннан кейін бірінші бұзау туды.
10 жыл ішінде (1973-1982 жылдары) Канадада 5413 бұзау- трансплантант алынды, ал АҚШ-та 1990 жылы - 500 мың, одақ мемлекетінде 1990 жылға 12 мың.
Соңғы 12 жыл ішінде зародыштарды трансплантациялау саласында рекордтық нәтижелерге жетті: АҚШ-та жыл ішінде сиыр-донордан 136– бұзау алынды, Францияда -80, Германияда -57, Ресей Федерациясында ВИЖ-де 44 донордан 261 бұзау, Украинаның НИИ ЖЛ және П-де 6 донордан 71 бұзау алынды.
Ресейде зародыштарды трансплантациялау бойынша облыстық орталар құрылды және оларда тұрақты бұзаулар - транспланттар алады, олар Воронежде (Ю.А. Скрипицин, 1992), Тулада (19878), Омбыда (Т.А. Авдеева, 1994) және басқалары.
Суперовуляцияның қазіргі әдістері аналық жыныс бездерінде пайда болатын аналық жыныс клеткалардың санын 10-20 есеге көбейтуге мүмкіндік береді: саулық пен сиырда 25-ке; мегежіндерде 40-45-ке: биелерде 5-ке: егеуқұйрықтарда 90-ға дейін Англияда 1983 жылы сиырдан бір ретте 27 зародыш алып, сосын оларды рецепиентке отырғызып 19 бұзау алынды. Монозиготты егіздердің зародыштарын алу жаңа әдістері өңделіп жатыр (С.В. Вилдалсон, Кембридж).
Зародыштарды ұзақ сақтау олардың қорын құру (зародыштардың банкін) мүмкіншілік береді. Етті тұқымды малдардың зародыштарын сүтті сиырларға отырғызу етті бұқамен сондай сиырларды ұрықтандыруға қарағанда артықшылыгы жоғары, өйткені ол қара малдың етін көбейтуге ықпал жасайды.
Әрбір жатыр мүйізіне бір бірден зародыш отырғызу арқылы егіз алуға болады.
Зародышты отырғызу әдісін физиологияның, буаздылықтардың патологиясын және түрлік гибридизацияның көп сұрақтарын оқуға қолдануға болады. Мысалы, саулықтарға ешкінің зародыштарын отырғызғаннан кейін лақтар, ал ешкілерге саулықтардың зародыштарын трансплантациялаудан кейін - қозылар туады.
Негізгі трансплантацияның элементі ол денісау донор және рецепиенттер, толық азықтармен қамтамасыз етілген, жақсы ұсталынған болу керек.
Трансплантация жұмыстарын келесі үлгіде жүргізіледі:
- донор және реципиенттерді іріктеу
- донорларда көптік овуляция (суперовуляция) тудыру және оларды ұрықтандыру
- донорлардан зародыштарды алу
- зародыштарды бағалау, культивациялау және сақтау
- реципиенттің жыныс циклының донордың жыныс циклымен синхрондау
- зародыштардың рецепиент организміне морула немесе бластула стаысында отырғызу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет