Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет85/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Акушерлік жәрдем көрсетуге қалай дайындалу керек? Бұл үшін қандай құралдар болады?
2. Төлдеп жатқан жануарға әлсіз және қарқынды толғақтар мен күшенулер кезінде қандай жәрдемдер жасалады?
3. Аяқ-қолдардың дұрыс орналаспауына, бұрыс келген жағдайда, төл жатуында акушерлік жәрдем көрсету принциптері қандай?
4. Әр түрлі үй жануарлары аналықтарына кесарь тілігін орындау техникасы қандай?
5. Қандай жағдайларда төлі бар жатыр экстирпациясы қолданылады?
6. Фетотомия қолдану көрсеткіштері?
7. Туу жарақаттары орын алғандағы көрсетілетін жәрдем мәні неде?
8. Шу түспеуі кезіндегі емдеудің негізгі принциптері?
8 Тарау. Жаңа туған төлдердің аурулары және төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы


8.1. Төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы
Жатырдың түсуі (айналуы) (Prolapsuset infetsio uberi) – туудың шиеленісуі. Көбіне сиыр мен ешкіде, сирек бие және мегежінде кездеседі.
Себебі күшті толғақтар мен күшенулерде, үлкен төлді күштеп тартып шығарғанда, асырау мен күту кезіндегі қателіктер.
Клиникалық белгілері. Жатыр айналуына ерекше белгілер тән емес. Мал тынышсызданады, өзін түйнелу кезіндегідей ұстайды.
Жатырдың толық түскенінде сыртқы жыныс органдарынан дөңгелек немесе алмұрт тәрізді масса шығып тұрады, кейде шабар буынға дейін түседі.
Емі әдетте мамандар көмек көрсетеді. Жатырдың толық түскенінде басында қызыл түсті, кейіннен қоңыр түсті болады.
Әдетте мал жатады, сондықтан түсіп қалған жатыр астына клеенка немесе шүберек төсейді. Содан кейін эпидуриальды құйрық анестезиясын жасайды. Жатыр қатпарларының бірнеше жеріне 0,5-1 см тереңдікте окситоцин сиырға 60 ҚӨ, ұсақ малдарға 5-20 ҚӨ мөлшерінде енгізіледі. Жатырды жуады және ваготил (2%), квасцы (3%), фурациллин 1:5000) ерітінділерінің біреуімен өндейді. Жатыр жарасына тігіс салады. Окситоцин еккеннен кейін 5 минут өткесін, жатыр көлемі 30% кішірейеді, тығыздалады және орнына жеңіл салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет