Төлдеуден кейінгі параметрит (parametritis puerperalis) - әдетте флегмона және абсцесс түрінде өтетін жатырдың кең сіңірінің немесе паравагинальді клетчаткасының қабынуы.
Себептері. Қабыну процесінің жатыр маңындағы тканьдерге жайылуынан метрит, периметрит, өлі еттенген вагинит ауруларының салдарынан, қынап маңындағы дәнекер тканьдердің жайылып қабынуынан, сондай-ақ жатыр мен қынаптың жарақаттануынан болады.
Клиникалық белгілері. Мал күйзеледі, оның қызуы көтеріледі, сарпай және қынап кілегейі існеді нәжіс пен зар шығаруда қиналады. Тік ішек және қынап арқылы зерттегенде жатыр маңындағы тканьдердің ауыратындығы байқалады, жатырдың жалпақ сіңірінің біреуі не екеуі жуандап кетеді, олардың үсті бұдырланып басқан кезде ауырады, жалпақ сіңірлерде не қынап маңындағы дәнекер тканьде күлтілдеген бітеу жаралар бар екені сезіледі.
Болжау. Анасының өміріне күмәнді, мал емделген соң бедеу қалады немесе қынап саңылауы тарылады.
Емі. Антибиотиктер тағайындалады, қынапты ыстық дезинфирлеуші ерітінділермен бүркеді, ихтиол-глицеринді тампондарды 1-2%-дық калий йодид ерітіндісін қолданады. Қынап қабырғасында орналасқан абсцесстерді қынап арқылы ашуға болады.
Төлдеуден кейінгі периметрит (perimetritis puerperalis) - жатыр сірі қабығының қабынуы, көбіне іріңді немесе фибринозды түрде мезотелий бүрісуімен, фибрин пленкасының жиналуымен, жақын жатқан тканьдерь мен абсцесстің немесе фибринозды жалғамдардың пайда болуымен сипатталады.
Себептері. Лимфа жолдарымен, сирек қан арқылы организмге микробтардың енуі, эндометрит және эндосальпингиттің асқынуы.
Клиникалық белгілері. Ауру малдың жалпы жағдайы күйзелген, іші тартылған, зәр және нәжіс шығаруы қиындаған, дене қызуы жоғары. Жатырдан және сыртқы жыныс органдарынан көбіне іріңді экссудат бөлінеді.
Көп жағдайда ауру жіті түрінде өтеді. Патологиялық үрдіс бір жерде немесе жайылған түрде жалпы перитонит тудырып, малды, әсіресе биелерді өлімге әкеледі. Сиырларда ауру созылмалы түрде өтуі мүмкін. Соңғы жағдайда периметрий қоршалған тканьдермен өсіп кетеді. Ол жыныс органдарының орныннан жылжуын тудырады да бедеулікке әкеледі.
Болжау. Малдың аурудан айығу-айықпауы екіталай, өйткені периметрит салдарынан құрсақ қуысын көмкерген көк шандыр қабынуы мүмкін. Ауру ұзаққа созылса малдың бедеу болуы мүмкін, кейде ол іш тастайды.
Емі. Жіті периметрит кезінде сепсиске жол бермейтін дірілер қолданылады эндометрит кезінде пайдаланатын және осы ауруды тудыратын себептерді жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |