Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Нормативтік құқықтық актілердің реквизиттері, мәтінін жасау стилі мен құрылымы



бет21/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
мемлекет кызм баскару

3. Нормативтік құқықтық актілердің реквизиттері, мәтінін жасау стилі мен құрылымы.
Нормативтік актілердің реквизиттері, анықталған құрылымы және мәтінінің қатаң айқындалған стил болады, одан әлеуметтік нормативтік актілердің айрықша түріне жататындығын көруге болады.
Ұйғарымдардың нормативтік түрлернің маңызды жағы болып, оның нормативтік материалдар мен актілерді қабылдау процедурасының анықталған тәртібі болып келеді, осының барлығы жалпыға әйгілі тәртіп ережелерінде нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормативті регламент жағдайында басқа да тұлғаларға қатысты көп мерзімге қолданылады.
Нормативтік құқықтық актілердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты мынадай реквизиттері бар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы;

  2. Акт түрін көрсету: Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы; ҚазақстанРеспубликасының Заңы; заң күші бар Президент Жарлығы; Парламент қаулылары, Парламент Сенатының Қаулысы, Парламент Мәжілісінің Қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі; Үкімет Қаулысы; Министр бұйрығы; орталық атқарушы органдардың шешімдері; маслихаттардың әкімшілік нормативтік шешімдері; әкімияттың нормативтік құқықтық қаулысы; Әкімнің нормативтік құқықтық шешімі; заңмен қарастырылған басқа да нормативтік құқықтық актілері.

  3. Нормативтік құқықтық актінің реттелуін білдіретін тақырыбы

  4. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау уақыты мен жері

  5. Актіні тіркеу нөмірі

  6. Нормативтік құқықтық актіге қол қоятын тұлғаның қолы

  7. Егер ондай тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркеуге тура келетін болса, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің мерзімін көрсету

  8. Елтаңба мөрі

Нормативтік құқықтық актілерге сай ерекшеліктеріне сәйкес оның құрылымы болады. Актінің негізгі құрылым бөлшегі болып құқықтық нормасы бар бап пен тармақ болып келеді. Бап пен тармағы бар нормативтік құқықтық акті заңды маңызды құжат ретінде көрсетіледі. Себебі, құқық нормасы құқықтың шығу жолдарынсыз өмір сүре алмайды. Бұл жерде айта кететін жайт, норматворчествалық іс-әрекет және оның қалыптасуы үзілмес процесс ретінде бірегей екені көрсете біледі. Құқық творчествасының процесі қоғамда не нақты бір жағдайларда жалпыға бірдей тәртіп ережелерін сақтау және нормативтік құқықтық актілерінде сақтау нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген, Басқаша айтқанда нормативтік құқық жалпыға қажетті әлеуметтік нормалар ретінде болады.
Нормативтік құқықтық актілерге әр бап (тармақ), тарау, бөлімдер араб цифрларымен нөмірленеді. Баптардың нөмірлері барлық актіге міндетті жалпы болып келеді. Нормативтік құқықтық актілердің тараулары мен бөлімдері дербес және жалпы болады. Тараулардың тармақтары мен тармақшаларын нөмірлеуде әр тарау дербес болып келеді, ал нормативтік құқықтық актінің негізді құрылымдық элементі болып тарау емес, тармақтардың әр тармақшасын белгілеу болып келеді. Әр бөлімнің параграфтарын нөмірлеу және топтауда нормативтік құқықтық актілер дербес ретінде болады. Тармақтардан кейін тармақшалар араб цифрларының жақша ішінде алынып нөмірлер қойылады.
Нормативтік құқықтық актілерде қаралатын актілердің алдын ала кіріспе бөлімі беріледі (преамбула). Бұл актілердің қабылдау мақсаты мен жағдайлары туралы айқындап белгілеу үшін қажет. Актілердің алдында тұрған негізгі мәселе жайлы айтылады. Кейбір терминдер мен анықтамаларды анықтау үшін, баптардың мағынасы нормативтік құқықтық актілерде пайдалануға берілген. Ең негізгі элемент болып нормативтік құқықтық актінің атауы болып табылады. Оны оңай пайдалану үшін әр тарау өзінің бөлімдерінің, параграфтары мен бөлімшелерінің өз атаулары бар. Сонымен бірге атаулардың заң актілеріне сәйкес өз аттары болуы қажет. Кіші көлемдегі заң актілері, тарау атаулары жоқ болуы мүмкін.
Парламент Мәжілісінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын енгізу үшін кейбір ерекше тәртіп бар. Конституцияға сәйкес заң жобасы тек Парламент Мәжілісінде қаралады. Нормативтік құқықтық актінің жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады. Бұл жерде жоба бойынша берілген құжаттар мен келесі қосымшаларды талап етеді: осы жобаны қабылдауға негіз болатын анықтамалық тілхат, оның ішінде мақсат, мүдделер негізгі талаптарға сай толық мінездеме берілуі тиіс: жұмыс тобының құрамы; мемлекеттік органдардың қызығушылығына сай келісілген парағы; егер жоба бойынша талдау жүргізілетін болса, талдау қорытындысы; заң актілерінің тізбесі; жоба бойынша өзгерістер мен ұсыныстарды қабылдау өз құзыреттігін өзгерту немес жоғалту мезгілінде; жобаны орындау үшін қажетті мезгілде жобаға сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерінің алдағы қаржылық-экономикалық есептеуі; қажет деп есептейтін жағдайда статистикалық белгілеулер, экономикалық, әлеуметтік заңды жағдайларға байланысты шаралар да айтылып өтіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет