Мемлекетті басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Мемлекетті басқаруда заңдылық өзін әр түрлі жақтарынан көрсете алады. Ол ең алдымен заңдылықтың басқарушы идеал екендігі, мемлекеттік ақпаратты құруда және жұмыс жасаудағы ең негізгі бастам екендігі және әр түрлі ұйымдардың іс-әрекеті ретінде болады. Бұл жайтта заңдылық мемлекеттік басқарудың ранг принципіне дейін көтерілген, оның мемлекеттегі рөлі құрылымдық бөлімшелердің мемлекетті басқару жүйесіндегі ішкі келісушілікті қамтамасыз ету, оның байланысына, қатынасынан субординациясынан, тәуелділігінен тұрады.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік және қоғамдық тәжірибеде ерекше жағдайды білдіреді, мемлекеттік ақпараттың жұмыс істеу тәртібі, ол кең көлемде демократиялық қоғамда маңызы бар. Заңдылық мемлекет тарапынан бірыңғай болуы қажет. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-5 баптарының үлкен маңызы бар, ол жерде айтылғандай Мемлекеттің негізгі заңын бұзуға ешкімге олардың ешқандай ақталуына және аумақтық ерекшелігінің себебіне байланысты болған жағдайдың өзінде жол берілмейді.
Мемлекеттік басқарудың заңдылық принципі мемлекеттік органдар, азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны сақтау мен Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының талаптарын орындауда құқығын сыйлау, ар-намысын , қасиетін сақтау талаптары ретінде қаралады. Заңдылық бұл жерде мемлекетті басқару саласындағы ресми көрсеткіші ретінде қаралады. Мысалы Қазақстан Республикасының N 107 2000 жылғы 27 қарашасындағы “Әкімшілік процедуралар туралы” Заңында заңды әкімшілік процедураларын орнату принципін бірінші орынға қояды, ал Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N453-1 “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет негізі де заңдылық болып көрсетілген. Бұл лауазыды тұлғалардың барлығына, азаматтар мен ұйымдарға заңдылық бірдей екенін көрсетеді, заңды өз қалауы бойынша ешкім бұрмалауларына болмайды.
Заңдылық қамтамасыз ету механизмінде мемлекеттік қадағалау-бақылау фуңциясының орны өте маңызды. Бұл функция бір жағынан өкілетті, атқарушы сот органдарының тұтас бөлігі құзырлығы ретінде, ал басқа жағынан мамандандырылған органдармен қамтамасыз етіледі. Бірінші топта оларға бақылау тыю мен қарама-қарсы элемент ретінде қаралады, ал екіншісінде мемлекетік басқару актілернің заңдылығын бақылау осы органдардың ең басты функциясы екенін білдіреді.
Мемлекеттік органдарда заңдылықтың тұрақталу жауапкершілігі атқарушы органдар билігіне берілген. Олардың заңдылық принципі тәжірибеде ұйымдастыру мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын орындауға бақылау жасағанда қамтамасыз етіледі. Бұл жерде көңіл бөлетін жайт, ол ішкі бақылау, ол жерде мемлекеттік органдардың іс-әрекеті бақылауға алынады ( мысалы жоғары органдар мен төменгі органдар қатынасы), ішкі аппартты, ол құқықтың актілердің орындалуына мемлекеттік органың ішінде, сонымен мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардан тапсырмаларын орындау, мемлекеттің маңызды құжаттар жүргізу тапсырмаларын бөліп айтуға болады.
Тәртіп- басқару мәдениеті мен заңдылықтың бірден- бір бөлінбейтін элементі. Тәртіптің әлеуметтік маңызы біріккен ұйымдардың іс әрекеттері керекті обьективпен қамтамасыз етілуі, соның ішінде мемлекеттік органның да қамтамасыз етілуі. Барлық ортақ жұмыс адамдардың өзара келісілген іс әрекетінен тұратыны барлығына белгілі. Қызметтік тәртіптің маңызы мемлекеттік қызметте әр қызметкер өзіне белгіленген функцияларды өкілеттігіне сәйкес атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп бір жағынан ережелер, нормалар мен процедуралардың жиынтығы мен мемлекеттік органдардың ішкі тәртібін, екінші жағынан сол ереже, нормалар мен процедураларды нақты орындауды, үшінші жағынан –материалды және моральды марапаттау жүйесін, ал қажет болған жағдайда –тәртіптік әсер ету шектерін қамтиды. Бұл ретте тәртіп мемлекеттік басқаруда зандылықты тәжірибелі түрде қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |