Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі



бет27/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
мемлекет кызм баскару

3.Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі.
Мемлекеттік басқаруды іске асыру, мемлекеттік аппараттық барлық буындарының қызметіне талдау жасау жалпы методологиялық базасыз мүмкін емес. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруын реформалау концепциясын жете зерттеу мен басқарудың теориялық және тәжірибелік маңызы бар мәселелерді зерттеумен тығыз байланысты, ол философиялық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқада аспектілерді зерттеумен тығыз байланысты, басқарудың кейбір ерекше салаларын қалыптастыру және даму заңдылықтарын зерттеу, республиканың әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерін есептеу, мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтін жүйесін толығымен көрсету; мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік функциялардың тиімділігі мен мемлекеттік органдардың компетенциясына талдау жасау; басқару әдістері, формалар мен стилдерін жетілдіру; мемлекеттік басқарудың шетел концепсиялары; республикада мемлекеттік басқаруды реформалауды жасап шығарудың негізді болжамына байланысты.
Қазақстан 2030 даму стратегиясында бекітілген бүтіндей басқару концепциясына сәйкес қызметтің барлық түрлері мен аралық сатыларының кез-келген жүйесін жүйелеу соңғы мақсаттар мен басымдықтарға жетуге бағытталу тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз етудің басты мақсат басқаруды экономикалық, әлеуметтік салалармен және әкімшілік саяси құрылыспен тиімділігін көтеру жолдарын табумен мәселелерін сәтті шешумен құралған. Бұл басқарушылық тәжірибеде жақсы нәтижелерге жету жолдарын іздеуде азғана күш, қаражат пен уақыттың жұмсалуын білдіреді. Бұл орайда мемлекеттік басқаруға сипаттың нәтижесі қоғамның мүддесімен, адамның және олардың дамуының тарихи басымдылығының көзқарасымен бағаланатындығы тән болады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезінде әлеуметтік саланың жүйелік жолын пайдалану кері екендігі айтылады.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең маңызды мәселе болып-“мемлекеттік басқарудың қоғаммен экономиканың өзгеруі өзін-өзі қиын жүйеден жай жүйеге көшуі тиіс”. Себебі, мемлекеттік аппаратта қандайда өзгерістер болса, ол мемлекеттік басқару жүйесіне өзінің әсерін тигізеді. Сондықтан мемлекеттік басқаруға сай жүйе есепке алу және Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру болып табылады. Басқару жүйесінің құрлымын басқада бөлектенген салалар ретінде қарау, мемлекеттік басқарудың толық, ұйымдастырушылық құралы ретінде қалыптастыру, себебі мемлекеттік органдар жүйесін реформалау ол өзіне-өзі қойылған мақсат емес, оның ішкі себептері де бар. Бұл жерде мемлекеттің өзін құрудағы әлеуметтік-саяси және экономикалық факторлары туралы сөз болып отыр, ол басқару процесін осы өзгерістерге алып келу, мемлекеттік аппарат құрылымын тиімді қалыптастыру, функциялардың қайталануларын болдырмау, көп бөлімді бақылау, тікелей басқарудан бас тарту, кейбір мемлекеттік функциялардың жеке меншік секторларына берілуі және т.б. Әрине бұл бағытта идеяларға жүйелі қарау жақсы нышандарды білдіреді, ол мемлекеттік басқарудың әкімшілік-командалық жүйесінен қазіргі базар экономика жүйесінде жұмыс жасау, мемлекеттік басқару жүйесінде еркінде қажеттіліктерге сай жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Қазақстан-2030 даму стратегиясы ведомстваралық координацияның тоқтаусыз жұмыс жасауы қарастырады, ол жүйелік жақындау идеясын пайдалануды болжайды. Мемлекет басшысы “ведомствааралық және аймақаралық координация мақсаттарға тез қол жеткізудің еркін саяси көрінісі ретінде ауадай қажет” деп көрсетеді. Министрліктермен басқа орталық органдар арасында координацияның жоқ екені, сондай-ақ аймақ арасында республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірінде кризистік жағдайлардың бірі екені белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет