Лекция №9.
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.
2.Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері.
3. Мемлекеттік қызметтің спецификалық белгілері.
Лекцияның мәтіні:
1.Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.
Мемлекеттік қызмет терең тарихи тамырға ие. Оның тарихы және құқық тарихымен бірге дамып келе жатыр десек те болады. Алғашқы мемлекеттік қызмет ежелгі египеттіктер мен гректерге таныс болған, себебі оларда әділет істері құқық тәртібімен басшылық бойынша арнайы департаменттері болған.
Ежелгі римдіктер мемлекеттік қызметке иерархиялық бастаманы дамытып отырған – оларда әділет, әскери, қаржы және салық, сыртқы және ішкі істер саласы жөнінде барлық империялар вертикалі тағы басқа департаменттер пайда бола бастады. Ең көп тарихы бар мемлекеттік қызмет Қытайда кездеседі. Дәл осы Қытайда алғашқы рет қызмет жүйесінің элементі пайдаланылған. Мемлекеттік қызметке тұру үшін арнайы жазбаша емтихандардан өту қажет болды. Обьективті және шынайы болу үшін тесттер анонимді яғни жасырын түрде, жауаптың атауларын көрсетудің орнына, олар арнайы сандармен шифрланған болды. Орта ғасырларда мемлекеттік қызмет қоғамның феодалдық құрылымының әсерінің бағынуында болған. Феодалдық және корольдердің құлдары чиновниктерге, ақсүйектерге айнала бастады. Қызметтік міндеттері нашар анықталды, орталық билік қызметінің күшею шаралары сатылды.
Европада мемлекеттік қызметтің қазіргі жүйесінің негіздері XVII ғасырдан бастау алады. Бірнеше ғасырлар тоғысында мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы формасын берген жүйесі дамыды.
Барлық постсоветтің мемлекеттерге мемлекеттік қызметтің адекваттық жаңа шарттарын құру мәселесінде жалпы проблемалар тән болды. Көбіне бұл советтік ақсүйектер саясатпен өте тығыз байланыста болды, бірақ заң нормаларымен жеткіліксіз деңгейде байланыста болғанымен, мемлекет аппарат қызметкерлерін таңдау мен іріктеу олардың жеке еңбектерімен өкілеттігі негізінде жүзеге асырылғандығымен түсіндіріледі. Бұдан басқа, маңызды мәселенің бірі мынада болды, кадрлардың елеулі бөлігі жұмыс тәжірибесіне тек мемлекеттік партиялық аппарат экономикалық және қоғамдық аспектінің дерлік барлығын қадағалаған жағдайда ие болатын, жаңа талаптар бойынша кадрлар мемлекеттің тез әрі жылдам өзгерту рөліне тез ыңғайланып қабылдауы қажет болды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, ұлттық әдет-ғұрыптар сияқты халық стандартқа да жауап бере алатынын ескере отырып, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы жүйесін құру проблемасы тұрды. Қазақстанда мемлекет қызмет жүйесін институттандыру бастамасы 1995ж 26 желтоқсанда қабылданған “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарғысы болды. Онда Республикада мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздері, мемлекет қызметшісінің құқықтық жағдайы және мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастардың әлеуметтік қорғалуы мен реттелуі белгіленген.
Аталған Жарғы қабылданғаннан кейін 1999ж 23 шілдеде “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Заңы қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік биліктің мәселелері мен функциясын жасауға бағытталған өзінің қызметтік өкілеттігін орындау бойынша мемлекеттік орындаудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында мемлекеттік қызметті толық жетілдірудің негізгі бағыты белгіленген. Осыған орай мемлекеттік қызметті реформалауды жылдамдататын және оны 2000 жылға дейін бітіру мәселесі тұрды. Стратегиялық курсқа сәйкес 2000 жылдың басына қарай Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа заң шығарушылық және институтционалдық базасы құрылды.
Жоғарыда аталған заңның 2 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конститутциядан, аталған Заңнан, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінен тұрады.
2. Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері
Мемлекеттік қызметтің принциптері:
Заңдылық.
Қазақстандық патриотизм.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызметтің бүтіндей жүйесі.
Мемлекет мүддесі алдында республика азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін белгілеп, табу.
Өзінің қабілеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметке қатысты республика азаматтарының бірдей құқыққа ие болуы.
Азаматтардың мемлекеттік қызметке тұру еріктілігі.
Мемлекет қызметшілерінің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі.
Теңдей мәнді жұмысты орындағаны үшін теңдей жалақы төлеу.
Бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың төменгі тұрған қызметкерлері үшін олардың құзыреті шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың орындауға міндетті шешім қабылдауы.
Мемлекеттік қызметшілердің қадағалаумен есеп берушілігі.
Мемлекеттік құпия мен басқада заңмен қорғалатын құпияны құрайтынды қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.
Мемлекет қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, бастамшылықпен және аса күрделі әрі маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін марапаттау.
Мемлекеттік қызметшілердің өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және өзінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілік.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтерудің үзілмеуі.
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен органдардың шешіміне байланысты емес.
“Қазақстан 2030” Стратегиялық бағдарламасы кәсіпқой мемлекет құруды көздейді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің корпусын құру қажеттігі туындайды. Кәсіпқой мемлекетте оның органдары басқарушылармен құралады. Президент оларды жаңа генерация ақсүйектері деп атап және оларды ұлттар құлдары деп белгіледі. Бұл адамдардың ерекше белгісі – патриотизм, әділеттілік, өз ісіне берілушілік, кәсіпқойлық, ұзақ мерзімді мәселелерді қою қабілеттілігі, оларды жаңа талаптарға сай шеше білу және еркіндігі. Мемлекеттік қызметтің бағасы, іріктей және қызметтік жұмысшыларды жылжыту, көтеру жүйесінің критершілері жасап шығарылған. Әсіресе аумақтық деңгейде қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру қалыптастырып жатыр. Қазақстанда қазіргі мемлекеттік қызмет Академиясы әрекет етіп жатыр.
Мемлекеттік басқару әдетте адамдардың басқа адамдарға қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттік басқаруға талаптарға сай келетін барлық азаматтар қатысты болады. Қоғамды басқаруда адамдардың мәртебесі – оның субьект немесе обьект ретінде көрінетіндігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың субьектілеріне қоғамда мемлекет атынан кәсіпқойлық қабілеті негізінде басқару міндетін жүзеге асыратын адамдар жатады. Аталған міндеттер басқа адамдарға қатысты жүзеге асырылады. Міне осы әртүрлі ұйымдық құқық нысанындағы басқалардың обьектісін құрайды.
Мемлекеттік қызмет – басқару персоналының әлеуметтік пайдалы, обьективті қажетті және ұйымдаса жабдықталған саналы қызмет бола отырып, өзінің еңбек құралына ие болады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметі арнайы белгілерге ие болады. Осындай белгілердің бірі еңбек құралының арнайылығы (қызметтік міндет) болып табылады. Мемлекеттік қызмет бірде бір қызмет түріне қатысты, яғни кәсіпқойлық, мамандық, биліктік, қызметке қатысты жұмысының орындалуын болжайды. Кәсіп (профессия) – бұл адамның өзінің білімі, қабілеті мен әрекетіне сәйкес өзінің еңбектік мамандығын қолдана алатын қызметтің кең ауқымды саласы болып табылады. Мамандық (специальность) – бұл жұмысшылар мен қызметшілерге тез әрі тиімді еңбек етуге мүмкіндік беретін терең әрі жан-жақты сана мен білімге ие болатын көрсетілген кәсіп саласындағы еңбек қызметінің елеулі тар саласы.
Біліктілік – жұмысшының қабілеттілігі еңбектің қаншалықты күрделілігін орындай алатынын көрсетеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметтің біліктілігі біліктілік категориясымен белгіленеді.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір түрі – органдардағы қызметке мемлекеттік қызметшінің жеке қатысуы болып табылады. Бұл азаматты мемлекеттік органның жеке құрамына (штат) қосуды және оны басқарушылық қызметке енгізуді болжайды. Қызметші тұлғаның мемлекеттік органның регламенті мен ішкі еңбек тәртібіне бағынуы мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын жұмысшы ұжымның нақты және біртекті жұмысын, қызметші тұлғалар мен басқа да жұмысшылардың ортақ басқарушылық қызметін қамтамасыз ететін нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, заңға тәуелді актілермен , ішкі еңбек тәртіп ережесімен және регламенттермен реттеледі. Мемлекеттік органдардағы ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі субординация жүйесі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мына белгімен сипатталады, ол қызметшінің еңбек ақысы.
Бірыңғай критерий мен еңбек бағасына қарамастан (ставка және оклад) еңбек мөлшерімен сапасына қарай төленеді;
Алдын ала белгіленген нормалармен өндіріледі;
Төлемнің негізгі бөлігі мемлекеттік органдардың штаттық кестесімен анықталады, ал қосымшасы мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен басқада талаптарға байланысты болады (мемлекеттік қызметтегі істеген жылына қосылатын қосымшалар, премия және т.б.);
3. Мемлекеттік қызметтің спецификалық белгілері.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік биліктің мәселелері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметтік өкілеттіктерін орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. Аталған анықтама мемлекеттік қызметтің кәсіби қызмет ретіндегі келесі мәнді белгілерін көрсетеді:
А) мемлекеттік қызмет мемлекет ішіндегімен қатар сыртында мемлекеттік мәселелер мен функцияларды іске асырумен байланысқан;
Б) мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саласы және әкімшілік-саяси құрылысты дамыту бойынша мәселелері мен функциялары мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқарудың кәсіпқойлық қызметі, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы шешіледі. Бұл қызмет көптүрлі, басқарушылық функциялардың көлемділігімен, күрделілігімен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда мемлекет пен бүкіл қоғамның қажеттілігі мен мүддесі айқындалады. Бұл аспектідегі мемлекеттік қызметшілердің қызметі осы мүдделер мен қажеттіліктерді, мемлекеттік әлеуметтік мәселелері мен функцияларын іске асыруға қанағаттандыруға тікелей бағытталған.
В) мемлекеттік қызмет қоғамдағы басқарушылық іске асыруды қамтамасыз ететін, арнайы аппарат шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік сала мен әкімшілік – шаруашылық құрылыс саласын дамыту бойынша қызметі органдар жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Г) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функцияларын жүзеге асырумен байланысқан. Соңғылары мемлекеттің мәселелері мен функцияларын іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік жұмысының обьективті қажетті бағытталуы ретінде көрінеді. Нақ осы басқару аппаратында мемлекет функциясының мемлекеттік органдар функциясымен қосылуы болып жатады, сол сияқты мемлекеттік органдардың мәселелері мен функцияларына сәйекс болуы қажет;
Д) мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан сөз сөйлейді, сондықтан да олар өздеріне жүктелген басқару функцияларын жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктерге ие;
Е) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституцияның нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сәйкес болуы қажет;
Ж) мемлекеттік қызмет – тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық сипатқа ие. Мемлекеттік қызметтің барлық мағынасы мемлекеттік басқаруды әлеуметтік процесстермен ұйымдастыру үшін, өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін құрылатындығымен түсіндіріледі;
З) мемлекеттік қызмет нұсқаушылық сипаттағы қызмет, ол мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген басқару функциясын жүзеге асыру барысында өз шеңберінде заңды-биліктік нұсқауларды қолдануға құқылы болуын білдіреді. Нұсқамалық қызмет қажетті жағдайда басқару актілерінің басып шығарылуын болжайды (сонымен қатар нормативтік құқықтық), осының көмегімен ведомствалық обьектілерге мақсатты бағытталған әсері және олардың негізгі қызметінің бағыты қамтамасыз етіледі;
И) мемлекеттік қызмет деосаясаттық сипатқа ие. Бұл мемлекеттің қызметшілерді өзіне жүктелген қызметтік функциялары мен өкілеттіктерін орындау барысында тек қана заң талаптарын басшылыққа алуы қажет және өзін қандай да бір партияның, қоғамдық бірлестіктердің не оның органдарының шешімдерімен байланыстырмауы керек. Мемлекеттік қызметшілер өзінің басқарушылық қызметінде әрекеттегі заңда көрініс тапқандай, тек шекті жағдайда мемлекеттің мүдделері мен саясатын басшылыққа алады.
Көрсетілген белгілер (критерийлер) өзінің жиынтығында мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік мәні мен мазмұны бойынша күрделі кәсіби қызмет түрі ретінде сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |