Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Кредит№2. Лекция №8. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету



бет25/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
мемлекет кызм баскару

Кредит№2.


Лекция №8. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.


Жоспар
1. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік басқаруды заңдылық пен тәртіптілікпен қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету.
Лекцияның мәтіні


1.Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқару саласындағы ақпарат табиғаты мен маңызы жағынан әлеуметтік ақпарат ретінде қолданады. Қоғамдағы қалыптасқан қоғамдық процестерді басқаруды реттеуде осы ақпараттардың үлкен маңызы бар. Ақпарат өзіне адамдар, заттар, болған уақиғалар, процесстер туралы бір-біріне тәуелді емес түрлері туралы мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар мемлекетті басқаруда барлық әлеуметтік ақпарат қолданылмайды, тек қана мемлекеттік биліктің қоғамдық процестерге қатысты маңызы мен мазмұнына қарай қолданылады. Оны басқару ақпараты деп атайды. Осы көптеген әлеуметтік ақпараттардың ішінен мемлекетті басқаруға тек ақпараты жатады, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мемлекеттің статусы ең маңызды екенін білдіреді және мемлекеттің фуңциясына сай, құзіреттілігіне сай болады. Бұл ақпарат мемлекеттік ақпараттың ішіне айналады, сонымен бірге мемлекеттік басқару субьектісінің тынғылықты жұмысына септігін тигізеді.
Басқару ақпараты көптеген маңызды деректерден құрылады, олардың негіздеріне мыналар жатады.

    1. Қазақстан 2030 даму стратегиясы- саяси құжат, республиканың даму жолында анықталған және мемлекеттік басқаруда ұйымдастырудың бірден-бір жағдайын анықтайды.

    2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы- ол мемлекет шешімдерін қабылдауға фундаментальды база болып келеді, құқықтың ең үлкен қайнар көзі болып табылады, ол заңдардың қабылдану тәртібін қарайды және мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілеріне, сонымен бірге республиканың барлық аумағында заңды күші бар.

    3. Нормативтік құқықтық актілері басқару ақпаратының Конституция негізінде бірден-бір көзі болып табылады.

    4. Жекеленген құқықтық актілері, мемлекеттік орган іс әрекетінің тәжірибелік басқаруымен қамтамасыз етілді, ол төменгі тұрған органдар мен ведомствалық ұйымдарға нақты тапсырыстар қарайды

    5. Ұйымдастыру іс шаралары құқықтық маңызда емес (отырыстар, жиналыстар,үкім беру, тапсырма және т.б.) олар шешімдерге дұрыс жағдай жасау, мемлекеттік орган мен лауазымды адамдар өкілеттігі мен қызметі енеді.

    6. Статистикалық есеп, ол республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуы мемлекеттік басқаруда ақпаратты өзіне ендіреді.

    7. Азаматтардың үндеуі мемлекеттік органдарға өздерінің құқығымен заңды мүдделерін сақтауды мақсат етеді, олардың негізінде керекті шешім қабылдау қарастырылады.

    8. Бақылау –қадағалау органдарының актілері, ол жөніндегі органдардың жұмысы туралы ақпарат және ведомстваға қарасты обьектілерді жағдайы; мемлекеттік басқару қоғамдық процестердің даму мақсатында және мемлекеттік ақпараттың жұмысы жайлы.

    9. Жалпыға бірдей ақпарат құралдары, олардың көмегімен мемлекеттік орган қоғамдық жүйенің жағдайы туралы мәлімет ала алады және мемлекеттік ақпараттың жұмысы, оның бөлектеген салалары жайлы, ұйымдармен азаматтардың мәліметтері жайлы.

    10. Ғылыми ізденістің нәтижелері, олар мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылады, мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде қолданылады. Ғылыми ақпарат әсіресе социологиялық ізденістердің нақты қорытындылары саясаттың қалыптасуының негізі болып қызмет атқарады және орталық мемлекеттік органдардың шешімін қабылдауына байланысты болады.

Мемлекеттік басқаруда тиімді деп ақпаратқа көп талап қойылады, оларға жаңалық, пайдалылық, оптимальдық, сенімділік, құзіретіне сай түсініктілік және түсінудің біржақты маңыздылығын жатқызуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет