Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері



бет30/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
мемлекет кызм баскару

3. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері.
Мемлекеттік қызметшінің:

- Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

  • Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттармен материалдар алуға;

  • Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

  • Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

  • Жеке басының қадір – қасиетінің құрметтелуіне, басшылар өзгеде лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына ;

  • Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

  • Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайда жеке түсіндірмелер беруге;

  • Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындалуы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға құқығы бар.



Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері:

  • Республиканың Конститутциясы мен заңдарын сақтауға;

  • ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;

  • Азаматтар мен заңды тұлғалар құқығының, бостандықтары мен заңды мудделерін сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

  • Өзіне берілген құқықтары шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

  • Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;

  • Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

  • Қызметтік әділет нормаларын сақтауға;

  • Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігінің шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

  • Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзгеде құпияны сақтауға оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейінде, заңмен белгіленген белгілі-бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

  • Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін ар намысын және қадір – қасиетін қорғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда мұндай ақпарат беруді талап етуге міндетті.,

Мемлекеттік қызметшінің өкілді органның депутаты және жергілікті өзін - өзі басқару органдарына мүшесі болуға; Педагогтық, ғылыми шығармашылықты қоспағанда басқада ақылы қызметпен айналысуға; 3-ші тұлғаның істері бойынша өз қызмет істейтін және өзіне тікелей бағынышты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда болуға; өзінің қызметтік іс әрекетін материалдық – техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын қызметтік емес мақсатта пайдалануға; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет